group-telegram.com/KZgovernment/18598
Last Update:
Биыл елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталмақ
Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы туралы баяндады.
🚉 Ол теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым екенін атап өтті.
Тасымалдардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол құрылысын салу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 11 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі кезде 5 жоба бойынша жаңадан құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар – «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» «Бақты – Аягөз» учаскелері және «Алматы айналма теміржолы».
Биыл мерзімінен бұрын екі ірі жоба аяқталмақ. Олар «Достық – Мойынты» учаскесі және «Алматы айналма теміржолы».
Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржолдары іске қосылмақ.
Сонымен бірге, биылдан бастап 3 мың шақырымдық теміржол учаскелерінде кең ауқымды жаңғыртулар басталды.
«Бұл жұмыстарды жаңа жолдарды салумен бірдей дәрежеде қарастыруға болады. Мысалы, «Қызылжар – Сексеуіл» учаскесінің өткізу қабілеті 8 пойыздан 25 пойызға дейін, ал «Қандыағаш – Тобыл» 7-ден 25-ке дейін артпақ. Бүгінгі күнде аталған жобалар Қазақстанның теміржол негізін толығымен қалыптастырады деп айтуға болады»,
— деді Нұрлан Сауранбаев.
➖
В этом году досрочно завершатся два крупных железнодорожных проекта в РК
Министр транспорта Нурлан Сауранбаев на заседании Правительства доложил о реализации поручений Главы государства по развитию железнодорожной инфраструктуры.
💬 Он отметил, что общая эксплуатационная протяженность железнодорожной сети составляет 16 тыс. км,
🚉 Для повышения эффективности и устойчивости перевозок до 2030 г. планируется строительство новых путей и модернизация 5 тыс. км. Кроме того, проводятся ремонтные работы на 11 тыс. км путей.
📍 В настоящее время ведутся строительные работы по пяти проектам: «Достык – Мойынты», «обводная линия Алматы», «Дарбаза – Мактаарал», «Мойынты – Кызылжар» и «Бахты – Аягоз».
✔️В этом году досрочно завершатся два крупных проекта: участок «Достык – Мойынты» и обводная линия Алматы.
✔️ В следующем году будут введены в эксплуатацию новые железнодорожные линии «Мойынты – Кызылжар» и «Дарбаза – Мактаарал». Также с текущего года началась масштабная модернизация на 3 тыс. км железнодорожных участков.
«Эти работы приравниваются к строительству новых путей. Например, пропускная способность участка «Кызылжар – Сексеуыл» увеличится с 8 до 25 поездов, а на участке «Кандыагаш – Тобол» – с 7 до 25. На сегодняшний день можно сказать, что данные проекты формируют полноценный железнодорожный каркас Казахстана»,
— сказал Нурлан Сауранбаев.