Telegram Group & Telegram Channel
Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары әлемдік деңгейдегі мультимодальды орталықтарға айналады – Президент Жолдауын орындау

📌Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы еліміздің жетекші әуежайлары логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын заманауи мультимодальды орталықтар ретінде дамуда.

✈️ Астанада 2025 жылы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайын жаңғырту жобасы басталды, оның шеңберінде $1,1 млрд. көлемінде инвестициялар тарта отырып, екінші ұшу-қону жолағын, сондай-ақ үшінші жолаушылар және жүк терминалын салу көзделген. Сондай-ақ, индустриялды-логистикалық аймағы, бизнес-орталықтары, қонақ үйлері және сауда алаңдары бар «Аэротрополис» көпфункционалды кешені құрылатын болады.

🛫 Алматы әуежайы 2050 жылға дейінгі дамудың бас жоспары бойынша жаңғыртылмақ. Бүгінде бірінші кезең басталып кетті, ол ішкі рейстер терминалының реконструкциясын, такси жолын салуды, ҰҚЖ мен отын инфрақұрылымын жаңартуды, заманауи жүк перрондары мен техникалық қызмет көрсету ангарын құруды қамтиды.

🛩 Шымкентте 2024 жылдың 25 желтоқсанында ауданы 40 мың шаршы метр болатын жаңа жолаушылар терминалы ашылып, әуежайдың өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 6 млн жолаушыға дейін артты. Алдағы жылдары ұзындығы 3,5 мың метр болатын жаңа ұшу-қону жолағын салу жоспарланған. Сонымен бірге әуежайды «Оңтүстік» АЭА аумағымен байланыстыратын мультимодальды хаб құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

📦 Ақтөбеде биыл ауданы 15 мың шаршы метр болатын көпфункционалды логистикалық хабтың құрылысы басталды. Мұнда қазіргі заманғы қоймалар, соның ішінде қауіпті және тез бұзылатын жүктер үшін, тоңазытқыш камералар мен бағалы тауарларға арналған секциялар қарастырылатын болады.

Сонымен қатар Үкімет елдің ірі әуежайларының аумағында арнайы экономикалық аймақтардың шекараларын кеңейту туралы шешім қабылдады. Бұл инвесторларды тартуға, өнеркәсіп пен логистиканы дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның әуе тораптарын ұлттық экономика үшін қуатты өсу нүктелеріне айналдыруға мүмкіндік береді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/18688
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/18688

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Now safely in France with his spouse and three of his children, Kliuchnikov scrolls through Telegram to learn about the devastation happening in his home country. Additionally, investors are often instructed to deposit monies into personal bank accounts of individuals who claim to represent a legitimate entity, and/or into an unrelated corporate account. To lend credence and to lure unsuspecting victims, perpetrators usually claim that their entity and/or the investment schemes are approved by financial authorities. Friday’s performance was part of a larger shift. For the week, the Dow, S&P 500 and Nasdaq fell 2%, 2.9%, and 3.5%, respectively. "The argument from Telegram is, 'You should trust us because we tell you that we're trustworthy,'" Maréchal said. "It's really in the eye of the beholder whether that's something you want to buy into." The gold standard of encryption, known as end-to-end encryption, where only the sender and person who receives the message are able to see it, is available on Telegram only when the Secret Chat function is enabled. Voice and video calls are also completely encrypted.
from us

Telegram UKIMET
FROM American