Telegram Group Search
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде:

▫️Венесуэла Президенті Николас Мадуромен

▫️Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен

▫️Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесті.

🇻🇪 Венесуэла Президентімен кездесу қорытындысы бойынша сауда-саттықты жандандыру мақсатында экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлеу және өзара алмасу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

🇲🇲 Ал Премьер-министр Мин Аун Хлайнға жуырда Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

🇷🇸 Сондай-ақ Сербия Президентімен екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелерді оның биыл Астанаға жоспарланған сапары кезінде талқылауға келісті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кремль сарайындағы мерекелік концерт алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен әңгімелесті.

Қытай басшысы келесі айда Қазақстанға сапармен келеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке барды

🎷Концертті Президент Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін келген шет мемлекеттердің басшыларымен бірге тамашалады.

@ptrkkz
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді.

Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз.

Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет.

Қадірлі ардагерлерімізге және барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығы

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды. Бұдан соң Мемлекеттер басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті

🇰🇿Әскери шеруге ҚР Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты. Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары

Мәскеу, 09.05.2025

@ptrkkz
🇰🇿🇷🇺Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.

🎖Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бейресми әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Кемел Тоқаев пен Қасым Болтаевтың жауынгерлік жолы» атты кітап сыйлады

Ғұмырбаяндық еңбекте Кемел Тоқаев пен Қасым Болтаевтың майдандағы өмірінің толық хронологиясы беріліп, архив құжаттарымен дәйектелген.

Айта кетелік, Қасым Болтаев Ржев түбіндегі қан майданда қаза тауып, Трубино селосындағы бауырластар зиратында жерленген.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

👏Турнирді Мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады.

🤼Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда.

@ptrkkz
2025/05/12 04:15:36
Back to Top
HTML Embed Code: