Telegram Group Search
Группа компаний Air Astana впервые проводит одновременно 6-летний и 12-летний C-Check

Группа компаний Air Astana впервые проводит одновременно такие формы тяжелого технического обслуживания, как 6-летний и 12-летний C-Check. Работы проходят на базе собственного центра технического обслуживания в Астане.
Обе формы относятся к наиболее комплексным видам технического обслуживания, предусматривающим практически полную разборку воздушного судна с последующими тестовым полетом для подтверждения полной исправности. При этом данные фазы охватывают все системы самолета, в свою очередь 6-летний C-Check ограничивается стандартной глубиной инспекций, тогда как 12-летний предполагает расширенный объем проверок конструкции и узлов.

Выполнение столь масштабных работ силами собственных специалистов группы компаний Air Astana подтверждает высокий уровень компетенции инженерно-технического персонала и соответствие международным авиационным стандартам безопасности. Одновременное проведение двух видов тяжелого обслуживания внутри страны снижает зависимость от зарубежных центров ТО, позволяет минимизировать время простоя самолетов и оптимизировать расходы.

С 2019 года Air Astana самостоятельно выполнила 42 C-Check на базе инженерно-технических центров Алматы и Астаны, включая первые 6-летний C-Сheck в 2023 году и 12-летний – в 2024 году. На текущий момент параллельно проходят 6-летний C-Check Airbus A321-NEO с бортовым номером EI-KDF авиакомпании Air Astana и 12-летний C-Check Airbus A320-CEO с бортовым номером EI-KBD авиакомпании FlyArystan, 2019 и 2013 годов выпуска, соответственно.

Планируемое окончание 6-летнего C-Check – 1 октября 2025 г., 12-летнего C-Сheck – конец октября 2025 г.
FlyArystan-ның әр сегізінші жолаушысы – 60 жастан асқан

1 қазан күні қарт буынға құрмет және қолдау көрсетудің маңыздылығын айқындай түсетін Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.

Бүгінде егде жастағы адамдар туристік ағымның белсенді бөлігіне айналып келеді. 2024–2025 жылдары FlyArystan әуекомпаниясы жолаушыларының 11,7%-ы 60 жастан асқан. Бұл қазақстандық лоукостердің әр сегізінші жолаушысы – қарт жастағы азамат екенін білдіреді.

Олар сапарды жоспарлау үшін цифрлық сервистерді сенімді пайдаланып, өздері саяхатқа шығып, жаңа бағыттарды ашуда. Бір жыл ішінде аға буын жолаушылары арасында FlyArystan мобильді қосымшасының күнделікті аудиториясы 93%-ға өсті.

Танымал бағыттар

Егде жастағы саяхатшылар көбіне ішкі рейстерді таңдайды. Ең сұранысқа ие бағыттар: Алматы – Астана, Астана – Шымкент және Атырау – Ақтау. Бұл бағыттар оларға балаларымен және немерелерімен жиі кездесуге, сондай-ақ жаңа әсерлерге жол ашуға мүмкіндік береді.

Егде жастағы жолаушылардың таңдауы қандай

Қарт жастағы жолаушылар FlyArystan-ның қосымша қызметтерін белсендірек пайдалануда. Ең танымал үш қызмет қатарына – орынды алдын ала таңдау, тарифтік топтамалар және қосымша жолжүк кірді. Бұл олардың жайлы жағдайға, мобильділікке және таңдау еркіндігіне ұмтылысын көрсетеді.

Әлеуметтік бастамалар

FlyArystan “Көмек” жобасын жүзеге асыруда, оның аясында I топтағы мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды алып жүретін адамдар Қазақстан ішінде ұшуға 50% жеңілдік және 20 кг дейінгі жолжүкті тегін тасымалдау құқығына ие болады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және оларды алып жүруші тұлғаларға жылына бір рет Қазақстан бойынша ұшуға 100% жеңілдік беріледі.

Осылайша, әуе сапарлары егде жастағы жолаушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы бола түсіп, әлеуметтік қолдау элементтері де ескерілуде.
Каждый восьмой пассажир FlyArystan – старше 60 лет

1 октября отмечается Международный день пожилых людей – дата, которая подчеркивает важность поддержки и уважения к старшему поколению.

Сегодня пожилые люди становятся активной частью туристического потока. В 2024-2025 годах 11,7% пассажиров FlyArystan были в возрасте старше 60 лет, то есть примерно каждый восьмой клиент казахстанского лоукостера.

Они уверенно используют цифровые сервисы для планирования поездок, все чаще путешествуют самостоятельно и открывают новые направления. Ежедневная аудитория мобильного приложения FlyArystan среди пассажиров старшего поколения за год выросла на 93%.

Популярные направления

Среди пожилых путешественников наиболее востребованы внутренние маршруты. Чаще всего они выбирают направления: Алматы – Астана, Астана – Шымкент и Атырау – Актау. Эти маршруты позволяют быть ближе к детям и внукам, а также становятся отправной точкой для новых впечатлений.

Что предпочитают пассажиры старшего возраста

Пожилые клиенты все активнее используют дополнительные сервисы FlyArystan. В топ-3 популярных услуг входят выбор места, тарифные пакеты и дополнительный багаж. Это отражает их стремление к комфортным условиям, мобильности и свободе выбора.

Социальные инициативы

FlyArystan реализует проект “Komek”, в рамках которого пассажиры с инвалидностью I группы и сопровождающий получают 50% скидку на перелеты внутри Казахстана и право на бесплатный провоз до 20 кг багажа. При этом ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, приравненным к ним, и их сопровождающим предоставляется 100% скидка на перелет один раз в год по Казахстану.

Таким образом, авиаперелеты становятся более доступными и удобными для пассажиров старшего поколения, при этом учитываются элементы социальной поддержки.
Қол жүгін тасымалдау қағидалары: әр жолаушының білуі маңызды

Қол жүгі дегеніміз не?

Қол жүгi – салмағы 5 кг-нан және өлшемдері 56×23×36 см-ден аспайтын бір сөмке немесе шағын шабадан. Мұндай стандарт FlyArystan әуекомпаниясының 180/188 орындық әуе кемелерінің салонындағы жолаушыларға арналған жүк сөрелеріне заттарды еркін орналастыруға мүмкіндік береді.

Әрбір ұшу әуежайында жолаушылар өз қол жүктерінің өлшемдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін өз бетінше тексере алатын арнайы калибратор (стандартты өлшегіш) орнатылған. Бұдан бөлек, әуекомпания қызметкерлері екі кезеңде тексеріс жүргізеді: тіркеу барысында және ұшаққа отырғызу қақпасында.

Ұшаққа отырғызу алдындағы қол жүгін қайта тексеру – әлемдік авиация саласында, әсіресе лоукост-әуекомпаниялар арасында кең тараған стандартты тәжірибе. Бұл барлық жолаушылардың белгіленген нормалар мен тасымалдау шарттарын сақтауын қамтамасыз етеді.

Егер қол жүгі 5 кг-нан асса не істеу керек?

Жолаушыға бірнеше мүмкіндік қарастырылған:

– Әуе билетін сатып алу кезінде «Стандарт Плюс» немесе «Комфорт Плюс» тарифтік топтамаларын таңдау. Бұл топтамаларда қол жүгінің ұлғайтылған нормасы қарастырылған.

– FlyArystan қосымшасында немесе сайтында алдын ала «10 кг қол жүгі» қызметін сатып алу.
Егер сәйкессіздік әуежайда анықталса, жолаушыға қол жүгі нормасын ұлғайту қызметін қосымша сатып алу қажет болады. Әуежайдағы тарифтер алдын ала онлайн сатып алғаннан қымбатырақ болатынын айта кету маңызды.

«10 кг қол жүгі» қызметінің құны бағытқа байланысты өзгереді. Өзекті тарифтерді әуекомпания сайтынан білуге болады: flyarystan.com/services-and-fees.

Мысалы, Алматы – Қарағанды бағыты үшін:

–Топтама тарифінің құрамында әуе билетімен бірге сатып алғанда – 7 116 ₸;
– Жеке онлайн рәсімдеу кезінде – 11 500 ₸;
– Әуежайдағы тіркеу бағанасында – 12 000 ₸;
– Ұшаққа отырғызу қақпасында (ұшуға 40 минут қалғанда) – 14 000 ₸.

Ұшаққа отырғызу кезеңіндегі қызмет құны тіркеу бағанасына қарағанда жоғарырақ болуы әуекомпанияда қол жүгін өңдеуге және заттарды тексеруге аз уақыт қалатынымен байланысты. Бұл кезеңде сәйкессіздік анықталса, рейс кешігуі мүмкін, ол өз кезегінде кестеге өзгерістер енгізу тәуекелін арттырып, қосымша шығындарға әкеледі.

Білу маңызды!

2025 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық рейстер жолаушылары қол жүгі құрамында duty free тауарларын тегін алып өте алады. Бұл шешім Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасымен серіктестік аясында әуекомпания тарапынан ерікті түрде қабылданды және қадағалаушы органның ұсынымдарына сәйкес келеді.

FlyArystan ұсынымдары:

Әуежайдағы артық шығындарды болдырмау үшін, жолаушыларға қол жүгін тасымалдау қағидаларымен алдын ала танысып, белгіленген нормаларды сақтауды қатаң ұсынамыз. Саяхатыңызды алдын ала жоспарлап, қажетті қызметтерді әуе билетін сатып алу сәтінде рәсімдеуге кеңес береміз, бұл сапарыңызды жайлы әрі алаңсыз өтуіне оң әсер етеді.
О правилах перевозки ручной клади: что нужно знать каждому пассажиру

Что такое ручная кладь?

Ручная кладь – это одна сумка или небольшой чемодан весом до 5 кг и размерами не более 56×23×36 см. Такие стандарты позволяют свободно размещать вещи в багажных полках салона самолета, рассчитанных на 180/188 пассажирских мест самолетов FlyArystan.

В каждом аэропорту вылета установлен калибратор (стандартизатор), с помощью которого пассажиры могут самостоятельно проверить соответствие габаритов своей ручной клади установленным требованиям. Дополнительно проверка проводится сотрудниками авиакомпании на двух этапах: при регистрации и у выхода на посадку.

Перепроверка ручной клади на посадке является стандартной мировой практикой и особенно характерна для лоукост-авиакомпаний. Это позволяет убедиться, что все пассажиры соблюдают установленные нормы провоза и условия перевозки.

Что делать, если ручная кладь больше 5 кг?

Пассажиру доступны несколько вариантов:

– При покупке авиабилета выбрать тарифные пакеты «Стандарт Плюс» или «Комфорт Плюс», которые включают увеличенную норму ручной клади.
– Заранее приобрести услугу «Ручная кладь 10 кг» в приложении или на сайте FlyArystan.
Если несоответствие выявлено уже в аэропорту, необходимо докупить услугу увеличенной ручной клади. При этом важно учитывать, что тарифы в аэропорту выше, чем при покупке заранее онлайн.

Стоимость услуги «Ручная кладь 10 кг» зависит от направления. С актуальными тарифами можно ознакомиться на сайте авиакомпании: flyarystan.com/services-and-fees.

Пример для направления Алматы – Караганда:

– При покупке вместе с авиабилетом в составе пакетного тарифа – 7 116 ₸;
– При оформлении отдельно онлайн – 11 500 ₸;
– При покупке на стойке регистрации в аэропорту – 12 000 ₸;
– У выхода на посадку (за 40 минут до вылета) – 14 000 ₸.

Стоимость услуги на этапе посадки выше, чем на стойке регистрации, так как у авиакомпании остается меньше времени на обработку ручной клади и проверку вещей. Несоответствие нормам на этом этапе может привести к задержке рейса, что создает риски для расписания и влечет дополнительные расходы.

Важно знать!

С 1 октября 2025 года пассажиры международных рейсов могут бесплатно провозить товары duty free в составе ручной клади. Это решение принято авиакомпанией добровольно в рамках сотрудничества с Авиационной транспортной прокуратурой Алматы и соответствует рекомендациям надзорного органа.

Рекомендация FlyArystan:

Чтобы избежать лишних расходов в аэропорту, мы настоятельно рекомендуем пассажирам заранее знакомиться с правилами и соблюдать нормы провоза ручной клади. Планируйте поездку заранее, оформляйте необходимые услуги еще на этапе покупки билета – это сделает путешествие комфортным и спокойным.
FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейс ашты

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылғы 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады. Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады.

Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10–24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді. Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.
Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті:

«Ақтаудан Дубайға әуе бағытының ашылуы FlyArystan-ның қолжетімді, соның ішінде халықаралық бағыттарды кеңейтуді мақсат еткен стратегиялық бағытын көрсетеді. Бүгінде әуекомпания Ақтаудан Кутаиси, Баку және Ыстамбұлға тұрақты рейстерді орындайды. Дубай қазақстандық саяхатшылар үшін әрдайым ең сұранысқа ие бағыттардың бірі, сондай-ақ, әлемнің жетекші туристік әрі іскерлік орталығы саналады. Біз жаңа бағыт түрлі санаттағы жолаушылар үшін тиімді шешім боларына сенімдіміз».


Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жолаушылар Ақтауға Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Астана және Орал қалаларынан FlyArystan рейстерімен жете алады. Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.

FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 5 кг-нан аспайтын (56×23×36 см) бір дана қол жүгі және борттағы кездейсоқ таңдалған орын кіреді. Әуебилеттері мен қосымша қызметтерді әуекомпанияның мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com сайты немесе өзге де ресми сату арналары арқылы сатып алуға болады.
FlyArystan запускает прямой рейс из Актау в Дубай

Казахстанский лоукостер FlyArystan открывает рейс Актау – Дубай – Актау с 29 ноября 2025 года. Новый маршрут предоставит пассажирам удобный и доступный способ путешествовать в один из самых популярных туристических городов.

На начальном этапе полеты будут выполняться раз в неделю – по субботам. В период зимних школьных каникул с 16 декабря по 6 января, а также весенних праздников с 10 по 24 марта добавятся дополнительные рейсы по вторникам. Дневное расписание делает маршрут особенно комфортным для семейных путешествий и праздничных поездок. Средняя продолжительность перелета составит 3,5 часа.

Ричард Леджер, президент АО «FlyArystan»:

«Запуск рейса из Актау в Дубай отражает стратегический курс FlyArystan на расширение доступных маршрутов, в том числе международных. Сегодня авиакомпания выполняет рейсы из Актау в Кутаиси, Баку и Стамбул. Дубай традиционно является одним из самых востребованных направлений у казахстанских путешественников, оставаясь одновременно ведущим туристическим и деловым центром мира. Мы уверены, что новый маршрут станет оптимальным решением для самых разных категорий путешественников».


Пассажиры из других регионов Казахстана смогут добраться до Актау рейсами FlyArystan из Атырау, Актобе, Алматы, Шымкента, Астаны и Уральска. Для граждан Казахстана действует безвизовый режим в ОАЭ сроком до 30 дней.

Стандартный тариф FlyArystan включает одну единицу ручной клади весом до 5 кг (56×23×36 см) и случайно выбранное место на борту. Приобрести билеты и дополнительные услуги можно через мобильное приложение авиакомпании, на сайте www.flyarystan.com, а также через другие официальные каналы продаж.
Онлайн тіркелу саяхатты қалай жеңіл әрі жайлы етеді?

Әуежайлардың жүктемесі артып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп әрі жолаушылар саны артқан жағдайда онлайн тіркелу – уақытты үнемдеудің және сапарды ыңғайлы етудің маңызды құралына айналды.
FlyArystan өз жолаушыларына ұшуға дайындықты едәуір жеңілдетіп, қосымша шығындардан сақтайтын онлайн тіркелу қызметін пайдалануды ұсынады.

Онлайн тіркелу туралы не білу қажет?

1. Қызмет тегін.
2. Тіркелуден FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com ресми сайты арқылы өтуге болады.Қосымшаныкелесі сілтеме арқылы жүктеуге болады: https://flyarysta.onelink.me/ceA8/egnviufp
3. Онлайн тіркелу ұшу уақытына дейін 30 күн бұрын, ал Қытайға/Қытайдан және Бішкекке бағытталған рейстер үшін – 10 күн бұрын ашылады.
4. Ішкі рейстерде тіркелу ұшуға дейін 40 минут бұрын, халықаралық рейстерде – 60 минут бұрын жабылады.

Онлайн тіркелуден кімдер өте алмайды?

• әуе кемесінде қосымшаорын сатып алған жолаушылар (мысалы, музыкалық аспаптар, жануарлар немесе басқада жеке мақсаттар үшін негізгі орныңыздың жанынан орын рәсімдеген);
• ересек жетелеушісіз 16 жасқа толмаған балалар;
• FlyArystan чартерлік рейстерінің жолаушылары.

Тіркелуден қалай өтуге болады?

1. flyarystan.com сайтында немесе мобильді қосымшада «Рейс тіркелу / Flight Check-in» бөлімін ашыңыз.
2. Жолаушының тегі мен брондау нөмірін (PNR) – әріптер мен сандардан тұратын 6 таңбаны енгізіңіз.
3. Жолаушы және рейс деректерін растаңыз, қажет болса, қосымша орын немесе қызметтерді сатып алыңыз.
4. Тіркелуді аяқтап, отырғызу талонын телефонға сақтап қойыңыз.

Маңызды: отырғызу талоны жоқ жолаушылар рейске жіберілмейді, ал билет күші жойылады.

Дегенмен, белгіленген жолаушылар санаты онлайн тіркеуден өтіп, бірақ отырғызу талондарын тек әуежайдағы тіркеу бағанынан ұшуға дейін 60 минут бұрын тегін ала алады:

• батареямен қуатталатын арбасы бар мүмкіндігі шектеулі жолаушылар;
• жануарларды тасымалдау қызметін рәсімдеген жолаушылар;
• қару-жарақ, оқ-дәрі тасымалдаушы жолаушылар;
• халықаралық рейстер жолаушылары.

Тіркеу және «жолжүк тапсыру» бағаналары ішкі рейстерде ұшуға 2 сағат қалғанда ашылады және 40 минут қалғанда жабылады. Ал халықаралық рейстерде 3 сағат бұрын ашылып, ұшу уақытына 60 минут қалғанда жабылады.

FlyArystan мобильді қосымшасында отырғызу талонын құрылғы галереясына сақтауға, iOS қолданушылары үшін Apple Wallet-ке қосуға немесе «Қызметтер» бөлімінен – авторизациясыз, талон белсенді болып тұрған кез келген уақытта табуға болады.

Егер қандай да бір себеппен жолаушы отырғызу талонын телефонға сақтай алмаса, оны әуежайдағы iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалынан басып шығаруға мүмкіндік бар (тек Қазақстан ішіндегі рейстер үшін). Құны – 500 теңге.

Ал әуежайда тіркеуден өту құны – 2000 теңге, бұл әуекомпаниясының лоукост-моделіне сәйкес белгіленген.

Жақындарыңызға қамқорлық

Егер ата-анаңызға немесе басқа туыстарыңызға билет сатып алсаңыз, алдын ала онлайн тіркелуден өтуге көмектесіңіз. Бұл олардың соңғы сәтте қосымша мен сайтты түсінуге уақыт жұмсауының алдын алып, әуежайда уақыт үнемдеуге және бірден қауіпсіздік бақылауынан өте беруіне мүмкіндік береді.

Онлайн тіркеу – бұл тегін әрі жылдам қызмет, ол ішкі және халықаралық рейстердің жолаушыларына тіркелу ашылған сәттен бастап тәулік бойы, әлемнің кез келген жерінен және кез келген құрылғыдан қолжетімді.

Бұл қызмет уақытты үнемдеуге, қосымша шығыннан сақтануға және ұшуға дайындықты жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен бірге электронды отырғызу талондарын пайдалану тек саяхатты жайлы етіп қана қоймай, қағаз тұтынуды азайтады, сол арқылы қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді.
Как онлайн-регистрация на рейс делает путешествия проще и комфортнее?

В условиях высокой загруженности аэропортов, проведения ремонтов и роста пассажиропотока онлайн-регистрация становится важным инструментом экономии времени и повышения комфорта путешествия.
FlyArystan рекомендует своим пассажирам пользоваться этим сервисом, который значительно упрощает подготовку к полету и помогает избежать дополнительных расходов.

Что нужно знать об онлайн-регистрации?

1. Услуга бесплатна.
2. Пройти регистрацию можно в мобильном приложении FlyArystan или на официальном сайте flyarystan.com. Скачать приложение можно по ссылке: https://flyarysta.onelink.me/ceA8/egnviufp
3. Онлайн-регистрация открывается за 30 дней до вылета, а для рейсов в/из Китая и Бишкек – за 10 дней.
4. Закрывается она за 40 минут до вылета на внутренних рейсах и за 60 минут – на международных.

Кто не может воспользоваться онлайн-регистрацией?

• пассажиры, оформившие дополнительное место в салоне самолета (например, рядом со своим основным местом для музыкальных инструментов, животных или других личных целей);
• дети младше 16 лет, путешествующие без сопровождения взрослых;
• пассажиры чартерных рейсов FlyArystan.

Как пройти регистрацию?

1. На сайте flyarystan.com или в мобильном приложении открыть раздел «Онлайн регистрация / Online Check-in».
2. Ввести фамилию и номер бронирования (PNR) – шесть символов из букв и цифр.
3. Подтвердить данные пассажира и рейса, при желании выбрать другое место за доплату или оформить дополнительные услуги.
4. Завершить регистрацию и сохранить посадочный талон в телефоне. Посадочные талоны легко можно сохранить как в самом устройстве, так и в мобильном приложении FlyArystan для удобства и быстрого доступа.

Важно: без посадочного талона пассажиры не допускаются на рейс, а билет аннулируется.

Однако существуют следующие категории пассажиров, которые могут зарегистрироваться онлайн, но посадочные талоны получат бесплатно, только на стойке регистрации в аэропорту:

• пассажиры с ограниченной подвижностью с питаемыми от батарей креслами-колясками;
• пассажиры, которые приобрели услугу по перевозке животных;
• пассажиры, которые перевозят оружие, амуницию;
• пассажиры международных рейсов.

Стойки регистрации и стойки «оформления багажа» открываются за 2 часа и закрываются за 40 минут до вылета на внутренних рейсах и открываются за 3 часа и закрываются за 60 минут до вылета на международных направлениях.

В мобильном приложении FlyArystan посадочный талон можно сохранить в галерею устройства, добавить в Apple Wallet (для пользователей iOS) или всегда найти в разделе «Услуги» – даже без авторизации, пока талон активен.

Если по какой-либо причине пассажир не может сохранить посадочный талон в телефоне, доступна услуга его распечатки через терминал самообслуживания iJan в аэропорту (только для внутренних рейсов по Казахстану). Стоимость – 500 тенге.

Регистрация в аэропорту стоит 2000 тенге, что соответствует лоукост-модели авиакомпании.

Забота о близких

Если вы покупаете билет для своих родителей или других взрослых родственников, заранее помогите им пройти онлайн-регистрацию. Это избавит их от необходимости разбираться с приложением или сайтом в последний момент, сэкономит время в аэропорту и позволит спокойно пройти сразу к контролю безопасности.

Онлайн-регистрация – это бесплатный и быстрый сервис, доступный пассажирам внутренних и международных рейсов круглосуточно с момента ее открытия, из любой точки мира и с любого устройства.

Она помогает сэкономить время, избежать дополнительных расходов и упростить процесс подготовки к полету. В то же время использование электронных посадочных талонов не только делает путешествие комфортнее, но и сокращает потребление бумаги, что положительно влияет на окружающую среду.
FlyArystan кардиология саласындағы медициналық білім беру бастамаларын қолдауды жалғастыруда

FlyArystan әуекомпаниясы Heart Center Foundation қоғамдық қорымен серіктестікті кеңейтіп, өңірлердегі дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ туа біткен жүрек ақауы бар (ТЖА) науқастарды қолдауға бағытталған білім беру бастамалары аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруда.

Бүгін Алматы қаласында UMC (University Medical Center) Жүрек орталығы мамандарының қатысуымен «Пациенттер мектебі» жобасы шеңберіндегі кезекті көшпелі оқыту сессиясы өтті. FlyArystan әуекомпаниясы Астанадан балалар кардиологтары мен кардиохирургтарының ұшуын қамтамасыз етіп, дәрігерлер мен ТЖА-мен ауыратын балалардың ата-аналарына арналған бірқатар дәрістер мен практикалық шеберлік сабақтарының өтуіне қолдау көрсетті. Бұл шара ата-аналарға жетекші хирургтармен жеке кездесіп, консультация алу мүмкіндігін ұсынды.

Ричард Леджер, FlyArystan АҚ президенті:

«Heart Center Foundation қорымен серіктестік 2024 жылдың күзінде бастау алып, біздің ұзақ мерзімді әлеуметтік стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналды. Біз бұл ынтымақтастықты бір реттік бастама ретінде емес, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына нақты әсер ете алатын тұрақты бағыт ретінде қарастырамыз. Өткен жылы FlyArystan Қостанай, Қызылорда, Орал және Ақтау қалаларында дәрігерлерге арналған оқыту сессияларын өткізуге қолдау көрсетті. Осылайша серіктестерге тәжірибе алмасу мен жүрек-қантамыр ауруларын емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу алаңын құруға мүмкіндік берді. Өңірлер мен адамдарды байланыстыратын әуекомпания ретінде біз қоғамның дамуына өз үлесімізді қосуға және алға бірге қадам басуға ұмтыламыз».

Практикалық шеберлік сабағы барысында UMC Жүрек орталығының мамандары жүрек ырғағының ауытқулары мен ауыр деңгейдегі жүрек ақаулары бар балаларды тексеріп, қорытындылар жасап, нәтижелерді талдау кезіндегі күрделіліктерді түсіндірді. Балалар кардиологы Айкерім Жанатқызы жүктілік кезіндегі тексерулердің маңыздылығына тоқталса, Татьяна Иванова-Разумова – туа біткен жүрек ақауы бар балаларға ата-аналық күтім көрсету ерекшеліктері туралы баяндады.

Мұрат Зауыров, Heart Center Foundation қорының директоры:

«Ақтауда өткен “Пациент мектебі” жобасының нәтижелері мұндай білім беру бастамаларының ата-аналар мен медициналық қауымдастық үшін қаншалықты маңызды және қажет екенін көрсетті. Мұндай кездесулер аурудың ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектесіп, уақтылы көмекке жүгінуге ынталандырады. Біздің міндетіміз – дәрігерлер мен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, маңызды медициналық ақпаратты барынша қолжетімді ету. Біз бұл бағыттағы жобаларды жалғастыруға мүдделіміз және FlyArystan компаниясын – әр өңірдегі дәрігерлер мен пациенттер үшін білім беру бастамаларының қолжетімді болуына ықпал ететін сенімді серіктес ретінде көреміз».


2025 жылдың қазан айында экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару салаларындағы стратегиялық мақсаттарға жетуге үлес қосқан Air Astana тобының серіктестерін марапаттайтын ESG Awards салтанатты рәсімі өтті. Биылғы жылы 11 компания лауреат атанды. Олардың қатарында өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін Heart Center Foundation қоры да марапатталды.
FlyArystan продолжает поддержку медицинских обучающих программ по кардиологии

Авиакомпания FlyArystan расширяет сотрудничество с общественным фондом Heart Center Foundation в рамках образовательных инициатив, направленных на обмен опытом и развитие профессиональных компетенций врачей в регионах, а также на поддержку пациентов с врожденными пороками сердца (ВПС).

Очередная выездная обучающая сессия в рамках проекта «Пациентская школа» прошла сегодня в Алматы с участием специалистов Центра Сердца UMC (University Medical Center). FlyArystan обеспечила перелет детских кардиологов и кардиохирургов из Астаны, содействовав проведению серии лекций, практических мастер-классов для врачей и родителей детей с врожденными пороками сердца. Для родителей детей с ВПС это была уникальная возможность встретиться с ведущими хирургами и получить личную консультацию.

Ричард Леджер, президент АО FlyArystan:

«Партнерство с Heart Center Foundation, начавшееся осенью 2024 года, стало важной частью нашей долгосрочной социальной стратегии. Мы рассматриваем это сотрудничество не как разовую инициативу, а как устойчивое направление, способное оказывать реальное влияние на развитие системы здравоохранения Казахстана. За прошедший год FlyArystan поддержал проведение обучающих сессий для врачей в Костанае, Кызылорде, Уральске и Актау, помогая партнерам создать платформу для обмена опытом и внедрения современных методов лечения сердечно-сосудистых заболеваний. Как авиакомпания, соединяющая регионы и людей, мы стремимся вносить свой вклад в развитие общества, чтобы вместе двигаться вперед».


Во время практического мастер класса специалисты Центра Сердца UMC провели осмотр детей с нарушениями сердечного ритма и тяжелыми пороками сердца. После осмотра предоставили заключения и провели разбор сложностей интерпретации результатов. В своих выступлениях детские кардиологи Айкерим Жанаткызы рассказала о важности обследований во время беременности, а Татьяна Иванова-Разумова – об особенностях родительского ухода за детьми с врожденными пороками сердца.

Мурат Зауыров, директор Heart Center Foundation:

«Итоги “Пациентской школы” в Актау показали, насколько важны и востребованы такие образовательные инициативы – как среди родителей, так и среди медицинского сообщества. Такие встречи помогают лучше понять особенности заболевания и стимулируют вовремя обращаться за помощью. Наша роль – быть связующим звеном между врачами и обществом, делая важную медицинскую информацию доступной. Мы заинтересованы в продолжении проектов в этом направлении и видим во FlyArystan надежного партнера, благодаря которому образовательные инициативы становятся доступнее для врачей и пациентов в разных регионах Казахстана».


В октябре 2025 года состоялась церемония ESG Awards, отмечающая вклад партнеров группы компаний Air Astana в достижение стратегических целей в области экологии, социальной ответственности и корпоративного управления. В этом году лауреатами стали 11 компаний. Среди них – Heart Center Foundation, награжденный за вклад в устойчивое развитие регионального здравоохранения в Казахстане.
FlyArystan «Арнайы бағалар» науқанын жариялайды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan өз маршруттық желісі бойынша әуебилеттерінің жаппай сатылымын жариялайды. Арнайы тарифтермен билеттерді 2025 жылғы 23–25 қазан аралығында сатып алуға болады, ал саяхат кезеңі 2026 жылғы 1 қаңтардан 15 наурызға дейінгі уақытты қамтиды.

Науқан аясындағы билеттер саны шектеулі. Әуекомпаниясы билеттерді сатып алуды кейінге қалдырмауға кеңес береді – танымал бағыттар дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие және сатылымның алғашқы күнінде-ақ тез өтіп кетуі ықтимал.

Ішкі рейстерге билеттер бағытқа қарай 8 000, 10 000 және 12 000 теңгеден ұсынылады. Кері бағыттағы тарифтер де сол бағада қолжетімді, тек Ақтөбе – Ақтау бағыты бойынша 8 000 теңгеге белгіленген.

8 000 теңгеден:

• Алматыдан – Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Өскемен қалаларына;
• Астанадан – Шымкент, Қостанай, Семей, Өскеменге;
• Ақтаудан – Атырауға;
• Атыраудан – Ақтауға.

10 000 теңгеден:

• Ақтаудан – Орал, Ақтөбеге;
• Алматыдан – Қарағанды, Астана, Семейге;
• Астанадан – Түркістан, Ақтөбе, Қызылордаға.

12 000 теңгеден:

• Алматыдан – Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ақтау, Оралға;
• Астанадан – Атырау, Ақтау, Оралға;
• Шымкенттен – Атырау, Ақтауға.

Арнайы тарифтер әуекомпания орындайтын барлық халықаралық рейстерге, оның ішінде 29 қарашадан бастап орындалатын жаңа Ақтау – Дубай бағытына да қолданылады.

• Алматы – Инин 16 629 теңгеден, кері бағытта – 26 784 теңгеден;
• Алматы – Кутаиси 38 044 теңгеден, кері бағытта – 38 340 теңгеден;
• Астана – Кутаиси 37 620 теңгеден, кері бағытта – 38 340 теңгеден;
• Астана – Ташкент 28 440 теңгеден, кері бағытта – 31 320 теңгеден;
• Атырау – Кутаиси 29 380 теңгеден, кері бағытта – 27 270 теңгеден;
• Ақтау – Кутаиси 26 780 теңгеден, кері бағытта – 27 270 теңгеден;
• Ақтау – Дубай 61 340 теңгеден, кері бағытта – 63 714 теңгеден.

FlyArystan жолаушыларға қысқы және көктемгі сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді тарифтерді пайдалануға кеңес береді. Науқан аясындағы билеттерді ресми www.flyarystan.com сайтынан FlyArystan мобильді қосымшасынан немесе өзге де ресми сату арналары арқылы рәсімдеуге болады. Тариф құнына борттағы кездейсоқ орын және салмағы 5 кг, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қол жүгі кіреді. Әуекомпания билетті сатып алу кезінде қосымша қызметтерді онлайн рәсімдеу 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін еске салады.
FlyArystan объявляет акцию «Выгодные цены»

Казахстанский лоукостер FlyArystan объявляет распродажу авиабилетов по всей маршрутной сети. Акционные тарифы будут доступны для покупки с 23 по 25 октября 2025 года, а путешествовать по ним можно в период с 1 января по 15 марта 2026 года.

Количество билетов по специальным тарифам ограничено. Авиакомпания рекомендует не откладывать покупку – популярные направления традиционно пользуются высоким спросом и быстро раскупаются в первый день распродажи.

В зависимости от маршрута, билеты на внутренние направления доступны по тарифам 8 000, 10 000 и 12 000 тенге. Стоимость билетов на обратные рейсы по указанным направлениям аналогична, за исключением маршрута Актобе – Актау, где рейс доступен по тарифу 8 000 тенге.

По 8 000 тенге:

• Из Алматы – в Шымкент, Туркестан, Кызылорду, Усть-Каменогорск;
• Из Астаны – в Шымкент, Костанай, Семей, Усть-Каменогорск;
• Из Актау – в Атырау;
• Из Атырау – в Актау.

По 10 000 тенге:

• Из Актау – в Уральск, Актобе;
• Из Алматы – в Караганду, Астану, Семей;
• Из Астаны – в Туркестан, Актобе, Кызылорду.

По 12 000 тенге:

• Из Алматы – в Актобе, Атырау, Костанай, Актау, Уральск;
• Из Астаны – в Атырау, Актау, Уральск;
• Из Шымкента – в Атырау, Актау.

Специальные тарифы действуют также на все актуальные международные маршруты авиакомпании, включая новое направление между Актау и Дубаем, полеты по которому стартуют 29 ноября:

• из Алматы в Инин – от 16 629 тенге, обратно – от 26 784 тенге;
• из Алматы в Кутаиси – от 38 044 тенге, обратно – от 38 340 тенге;
• из Астаны в Кутаиси – от 37 620 тенге, обратно – от 38 340 тенге;
• из Астаны в Ташкент – от 28 440 тенге, обратно – от 31 320 тенге;
• из Атырау в Кутаиси – от 29 380 тенге, обратно – от 27 270 тенге;
• из Актау в Кутаиси – от 26 780 тенге, обратно – от 27 270 тенге;
• из Актау в Дубай – от 61 340 тенге, обратно – от 63 714 тенге.

FlyArystan рекомендует пассажирам заранее планировать зимние и весенние путешествия, воспользовавшись выгодными тарифами. Билеты по акции можно приобрести на официальном сайте http://www.flyarystan.com, в мобильном приложении FlyArystan, а также через другие официальные каналы продаж. В стоимость тарифа включено случайное место на борту и одна единица ручной клади весом до 5 кг и габаритами 56 × 23 × 36 см. Авиакомпания напоминает, что онлайн оформление дополнительных услуг на этапе покупки билета позволяет сэкономить до 70%.
2025/10/23 06:41:50
Back to Top
HTML Embed Code: