group-telegram.com/flyarystan_inform/551
Last Update:
Ұшақ неге күтпейді немесе рейске кешіксеңіз не болады?
Авиация саласында әр минут маңызды. Әуежайдаұшуға дейін орындалатын барлық рәсімдер нақты регламентке сәйкес бекітілген және
оларды кешіккен жолаушылар үшін өзгерту мүмкін емес.
Әуежайға алдын ала келуді жоспарлаңыз
Жолдағы кептеліс, ауа райы жағдайы немесе әуежайдың жүктемесі секілді факторлерді ескере отырып, жолаушыларға әуежайға
ертерек келуге кеңес беріледі. Жолға шығу уақытын тіркеу бағанасында немесе өзіне қызмет көрсету терминалдарында ұшудан бірнеше сағат бұрын болатындай етіп жоспарлау қажет. Тіркеу аяқталғаннан кейін бірнеше минутқа кешігу де рейске отырғызуда мүмкін емес етеді*.
Тіркеудің жабылу уақыты
FlyArystan әуекомпаниясында ішкі және Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстерге жолаушыларды тіркеу және тіркелген жолжүкті өткізу ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Шетелдік әуежайларда тіркеуұшуға 60 минут қалғанда жабылуы мүмкін. Әрі қарай, тіркеу жүйесі жабылады және оған деректерді енгізу мүмкін болмайды. Бұл тек әуекомпаниясының ережесі ғанаемес, Қазақстан Республикасының авиациялық стандарттары мен заңнамасының талабы болып табылады**.
Ұшуға дейінгі рәсімдер
Тіркеу аяқталғаннан кейін жолаушылар туралыбарлық ақпарат тиісті бөлімдерге жіберіледі. Сол мезетпен қатар қауіпсіздіктің маңызды қадамдарына жататын ұшуға дейінгі рәсімдер басталады. Бұл рәсімдердіңуақыты қатаң регламенттелген және оларды өткізуге болмайды.
Сонымен қатар, жолаушылар шекаралық бақылау және ұшуға дейінгі тексеру секілді бірнеше маңызды кезеңнен өтеді. Ұшуғадейінгі тексеру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар, қол жүгін тексеру және жеке қауіпсіздік бақылауы жүргізіледі. Әсіресе қарбалас уақытта бұлтексеру бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін уақыт алуы мүмкін. Бұл рәсімнен өту міндетті және жеделдетілмейді, өйткені қауіпсіздік талаптары барлықжолаушыларға бірдей қолданылады. Шекаралық бақылау мен тексеруден тек бір әуекомпаниясының емес, барлық сапарға шыққан жолаушылар өтетіндіктен, қызмет көрсету жалпы кезектәртібімен жүргізіледі.
Осыдан кейін жолаушыға ұшаққа отырғызу қақпасына (гейтке) өту қажет. Қақпа әуежайдың құрылымына байланысты ұшуғадейінгі тексеру нүктесінен айтарлықтай қашықтықта орналасуы мүмкін. Отырғызу да қатаң уақытпен шектеледі: жолаушы ұшуға 30 минут қалғанда қақпаның жанындаболуы тиіс. Отырғызу аяқталған соң трап немесе телетрап алынады, әуе кемесінің есіктері жабылады, экипаж ұшуға дейінгі тексеруді бастап, қозғалтқыштар іскеқосылады. Бұл кезеңде жолаушылар ұшақтан бірнеше қадам жақындықта болса да, рейске жіберілмейді.
Тіркеуге немесе отырғызуға бірнеше минуткешігу әуекомпаниясы мен әуежайдың жоспарланған жұмыс кестесін бұзуы мүмкін. Бұл кестенің артында көптеген үйлестірілген рәсімдер мен қызметтер тұр. Олар әржолаушының және бүкіл рейстің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан кешіккен жолаушыны бекітілген кезеңдерден тыс кіргізу мүмкін емес.
Кестенің бұзылуы тек келесі рейстердің уақытына ғана емес, сонымен қатар рейске қызмет көрсететін ондаған бөлімшелердің жұмысына әсер етеді. Себебі рейс кезінде тек әуекомпанияның (ұшақтар, экипаж, жердегі қызметкерлер және т.б.) ғана емес, әуежайдың да (ұшу-қону жолағы, тұрақ, трап, автобустар, тіркеу орындары және т.б.),сондай-ақ шекаралық бақылау және басқа қауіпсіздік қызметтерінің ресурстары тартылады.
BY FlyArystan info
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/flyarystan_inform/551
