Warning: mkdir(): No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 37

Warning: file_put_contents(aCache/aDaily/post/dalainside/--): Failed to open stream: No such file or directory in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
DALA INSIDE | Telegram Webview: dalainside/2079 -
Telegram Group & Telegram Channel
🏦 Банк қожайындары «қызыл сызықтар» жөнінде кеңеспек

Мемлекет банктерге тізесін қаттырақ батыра бастағандықтан, еліміздегі бірнеше банк қожайындары бұрынғы бәсекелестік пен алауыздықтарын ұмытып, бірлесіп қуатты лобби құру жөнінде ақылдаса бастады. Олардың ойынша соңғы екі жылда мемлекет жекеменшік банктерге көп тиісіп, мүмкіндіктерін де, даму перспективаларын да шектей бастаған.

«Банктерге салынатын корпоративті табыс салығы келесі жылдан бастап 20 пайыздан 25 пайызға көтеріледі. Онымен қатар, жекеменшік тұлғаларға кепілсіз кредит беру бойынша көптеген шектеулер енгізілді. Енді мемлекет жеке тұлғалардың депозиттерін де қарап отырмақ. Аталған үш қысым банктерді таза табысынан айыратыны анық. Банк қожайындары осыған алаңдап отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бұған дейін банктердің негізгі выручкасы жеке тұлғаларға кепілсіз несие беруден келетін. Биылғы жылдың 7 айында еліміздегі банктердің таза табысы 1,6 триллион теңгені құрады. Енді жаңа шектеу нормалары енгізілсе, кредит алатын жеке тұлғалардың саны күрт азаяды. Сонымен бірге, көлеңкелі, бейресми табысы бар адамдар ақшасын депозиттен шешіп, қолма-қол түрінде үйінде сақтайды деген болжамдар бар. Себебі, салық органдары кез-келген жеке тұлғаның депозиттегі қаржысына қатысты сұрақ қою мүмкіндігіне ие болмақ. Дәл осы тұста табысы азайған банктердің салық жүктемесі де артып, одан қалатын таза табыс мүлде мардымсыз болу қаупі бар.

«Банктер сезіп отыр. 2025 олардың мол табыс алатын соңғы жылы. 2026 жылы мұндай мүмкіндік мүлде болмайды. Сондықтан, өз құқықтары мен бизнестерін қорғау үшін бірігіп, лоббилерін күшейтпек. Осы орайда, банк акционерлері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ықпалын арттыруды көздеген. Қауымдастыққа Үкіметпен қатаң сөйлесе алатын беделі бар, белгілі банкирлердің бірін басшы қылу идеясы да талқыланған», - деп бөлісті, дереккөз.

Банкирлер Үкіметке қызыл сызықтар қоюға дайын. Яғни, қазір қабылданған нормалардан басқа болашақта банктердің табысына ауыз салатын, өмірін қиындататын жаңа шектеулер енгізілмеуі тиіс. Лобби билікпен осы мәселені келісіп алмақшы.

Ал банктерді «үйту керек, бүйту керек» деп түрлі мәлімдемелер жасап жүрген Парламент депутаттарымен Қаржыгерлер қауымдастығы айналысатын болады.

https://www.group-telegram.com/it/dalainside.com
👍18😁6👎1

group-telegram.com/dalainside/2079
Create:
Last Update:

BY DALA INSIDE

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/dalainside/2079

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Additionally, investors are often instructed to deposit monies into personal bank accounts of individuals who claim to represent a legitimate entity, and/or into an unrelated corporate account. To lend credence and to lure unsuspecting victims, perpetrators usually claim that their entity and/or the investment schemes are approved by financial authorities. Founder Pavel Durov says tech is meant to set you free "Russians are really disconnected from the reality of what happening to their country," Andrey said. "So Telegram has become essential for understanding what's going on to the Russian-speaking world." There was another possible development: Reuters also reported that Ukraine said that Belarus could soon join the invasion of Ukraine. However, the AFP, citing a Pentagon official, said the U.S. hasn’t yet seen evidence that Belarusian troops are in Ukraine. Ukrainian President Volodymyr Zelensky said in a video message on Tuesday that Ukrainian forces "destroy the invaders wherever we can."
from it

Telegram DALA INSIDE
FROM American