Telegram Group Search
Еш пайдасы жоқ ұйым. Кәсіпкерлер «Атамекен» палатасына жарна жинауға қарсы шықпақ

2026 жылдың басында кәсіпкерлердің түрлі қауымдастықтары бірігіп, «Атамекен» палатасына жарна жинауға қарсы петиция жариялауға дайындала бастады. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі айтып отыр. Олардың ойынша, қазіргі таңда бұл палатадан бизнеске ешқандай пайда жоқ. Керісінше «Атамекен» ұлттық палатасы кәсіпкерлердің дамуына кедергі келтіретін қосымша барьерге айналып барады.

«Шағын кәсіпкерлерді былай қойғанда, Атамекен орта бизнестің де, ірі бизнестің де корпоративті және қосымша құн салығы бойынша құқықтарын қорғай алмады. Ұсақ-түйек корректировкалар болмаса, Үкіметке мүлде сөзін өткізе алған жоқ. Кей кезде бизнесті әдейі жығып беріп отырғандай әсер қалдырды. Кәсіпкерлер «онда палатаның шығынын біз емес, Үкімет төлесін деген пікірде». Жалпы келесі жылы «Атамекен» палатасына өзінің қажет құрылым екенін дәлелдеу қиын соқпақ. Кәсіпкерлер палатадан сырт айнала бастады. Жаңа Салық Кодексін өткізіп алған Үкіметке де енді мұндай ұйымның қажеті шамалы», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Егер келесі жылы Атамекен мен кәсіпкерлер арасындағы текетірес қыза түссе, 2027 жылдары осы палатаны тарату мен жабу туралы мәселе үлкен трибуналардан көтерілуі мүмкін. Палатаның қазіргі төрағасы Райымбек Баталов өте сылбыр жұмыс істейтіндей әсер қалдырады. Басында шенеуік емес, бизнес өкілі болғандықтан Баталовқа кәсіпкерлер тарапынан зор үміт артылған еді. Ол үміт ақталмаған сияқты. Тіпті салыстырмалы түрде, бұрынғы төраға Мырзахметовке қарағанда Баталовтың дауысы мүлде естілмейді.

«Баталов болсын, басқасы болсын, дәл персоналийге тақалып тұрған ештеңе жоқ. Басқа төраға болса да, Атамекен керемет тиімді бола алмайды. Мәселе ұйымның архитектурасында. Атамекен құрылған кезінде сол уақытта туған проблемаларды тез шешуге арналып жасалған болатын. Ол проблемалар шешілді, уақыт артта қалды, мүлде басқа заман орнады. Қазір мұндай палата шынымен де керек емес. Немесе оны капиталды түрде мүлде қайта құру керек», - дейді, дереккөз.


«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының биылғы бюджеті 12 миллиард теңгеден асады. Оның 10,7 миллиард теңгесін кәсіпкерлер жарна түрінде жинап береді. Негізгі жарнаны палата ірі бизнестен алады. Үкімет бекіткен шекті мөлшерден аспаса, осы жарнаны шығындарға жатқызып, одан салықты шегеруге мүмкіндік бар.

Осы 12 миллиард теңгенің басым бөлігін палата жалақы төлеу, аренда төлеу, тауар мен жұмыс қызметтеріне жұмсайды. Сыртынан қарағанда, ата-анасы алып берген балмұздақты жеп отырған кішкентай бала сияқты. Кішкентай баланың ата-анасына еш көмектесе алмайтыны түсінікті. Кәсіпкерлер де сол үшін «мұндай палата бізге керек пе?» деген сұрақ қойып отыр.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍62👎1
💣 Алматы облысы мылтық атуға қатты шығындалмақ

Өңірде бұл мәселеге миллиардтар жұмсалмақшы. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, облыстық мәслихат депутаттары Іле ауданы Байсерке ауылында орналасқан «А.Асанов атындағы атқыштар клубы» ЖШС-іне 11,2 млрд теңге бөлу туралы ұсынысты мақұлдаған. Бұл мемлекет пен жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асатын жоба дейді дереккөз.

"2024 жылдың қараша айында Алматы облысының әкімдігі мәслихат депутаттарына аталған клубқа 10 жылдық мерзімге 11 млрд 265 млн теңге бөлуді ұсынды. Мәслихат бірауыздан мақұлдамаса да, көпшілік дауыспен шешім бекітілді", - дейді, дереккөз.


Атқыштар клубы 2002 жылы ашылған. Сол уақыттан бері коммерциялық нысан ретінде жұмыс істеп, салық төлеп келген. Тиісті коммуникация желілері түгелдей тартылған. Толық жұмыс істеп тұр. Ал соңғы 5 жылда мемлекетке төлеген салық мөлшері ашық деректерде бар. Тек 2025 жылы салық көлемі күрт өскені байқалады. Себебі облыстық әкімдік клубқа 2024 жылы 1,2 млрд теңге, 2025 жылы 761 млн теңге бөлген.

Ол қаржыға атқыштар клубы жаңа ғимарат салу, инфрақұрылымды дамытуға жұмсауы тиіс еді. Алайда бұрынғы ғимаратқа тек жөндеу жұмыстары жүргізілген. Үнемі бюджет тапшы, қаржы жетіспейді деп жүргенімізде атқыштар клубына миллиард шығындау қажет пе?

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
😱34😡15😁3
🇪🇺 Тамыз аномалиясы. Еуроодақ Қазақстанды тексеруі мүмкін

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанға 4 мың дана шағын энергетикалық генераторлардың әкелуі санкциялық тауарларды бақылап отыратын халықаралық топтардың күдігін туғызды. Қытайдан импортталған бұл тауарлар Ресейге реэкспорт емес пе және оның ішінде соғысқа қажет электроника жоқ па деген сұрақ туындаған. Жалпы 2025 жылдың басынан бастап Қазақстанға импортталған шағын генераторлар саны 6 мыңнан асып кеткен.

«Негізі Қазақстан санкциялық потенциалы бар тауарлардың қозғалысын өте мұқият бақылайды. Сыртқы бақылаушылар дата аналитика арқылы кеден статистикасындағы кез-келген аномалияны көре алады. Шынымен де, шағын генераторлар бойынша аномалия бар. Бірақ ол елдің ішкі шаруашылығына да қажет болуы мүмкін. Басты міндет - осыны дұрыс тексеріп, анық-қанығына көз жеткізіп алу» - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


DataHub есебінше, 2025 жылдың тамыз айында елге келген 4 мың дана жел энергетикасы генераторлары бұған дейінгі (2022–2024 жылдар) үш жылды қосқандағы статистикадан да асып кеткен. Яғни осының алдындағы үш жылды қатар қосқанда импорттай алмаған көлем Қазақстанға бір айдың ішінде жеткізілген. Өткен тамызда әкелінген 4 мың қондырғының әрқайсысының орташа салмағы шамамен 1 тонна, ал орташа құны 5,9 мың доллар болған. Барлығы дерлік Қытайдың тауары. Бұдан олардың шағын қондырғылар екенін көруге болады.

«Украинаның Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына беріп жатқан соққысы өз апогейіне жеткендіктен, жел қондырғыларын Ресейдің алдағы қысқа дайындығымен де байланыстыруға болады. Бірақ бұл тек версия ғана», - дейді, дереккөз.


Ресми статистикада Қазақстанның бұл қондырғыларды Ресейге экспорттап жатқаны тіркелмеген. Демек, құжат бойынша шағын жел генераторларының барлығы біздің елдің аумағында қалып отыр.

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері Еуроодақ Қазақстанға санкциялық бақылауын сәл жұмсартты. Оған еліміздің кедендік рәсімдерді толық автоматтандырып, цифрлі таңба жүйесіне көшкені сеп болған. Қазіргі таңда Қазақстан үшін қайталама санкциялардың қаупі жоқ. Өз тарапынан Америка Құрама Штаттары да OFAC арқылы елімізге санкциялар ауылы алыс екендігін білдіріп отыр.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍31😱5👎1
Qazaq Expert Club-тың бірінші легіне қатысуға шақыру
 
Эксперттерді даярлау және сүйемелдеу бағдарламасының алғашқы легіне өтінім қабылдау ашық.
 
Qazaq Expert Club Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, PaperLab және TEDxAstana қолдауымен жаңа бағдарламаны іске қосады. Бағдарлама қоғамдағы жаңа ой көшбасшыларын тәрбиелеуге және ұзақ мерзімді медиакарьераны дамытуға бағытталған. 5 апталық интенсив барысында қатысушылар өздерінің медиа саласындағы орнын анықтап, шешім қабылдайтын тұлғалармен тұрақты байланыс орнатып, кәсіби ықпалын арттырады.
 
Біздің әлеуметтік миссиямыз - нақты дәлелдерге негізделген шешім қабылдау мәдениетін (evidence-based decision-making) дамыту. Qazaq Expert Club дезинформациямен күресіп, қоғамда сенімді сараптамалық пікір қалыптастыруды көздейді. Біз үшін білім мен сараптаманың монополиясы болмауы тиіс. Сапалы сараптама - қарапайым азаматтан бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін баршаға қолжетімді болуы керек.
 
Анкета: https://docs.google.com/forms/d/1g-FpMlLaBxZTcxQDn_caZ1TB7xvYM6FYKdAXL_3BooA/edit

Instagram

https://www.instagram.com/qazaqexpertclub

Telegram

https://www.group-telegram.com/qazaqexpertclub
👍14👏2
Yandex Qazaqstan орнықты даму нәтижелерін ұсынды
 
Yandex Qazaqstan орнықты даму саласындағы жаңа есебін ұсынды. Есепте әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін жобалар, атап айтқанда IT-мамандарды дайындау мен қолжетімді әрі инклюзивті орта құрудан бастап қалалық инфрақұрылымды дамыту және бизнеске арналған шешімдерге дейін сипатталған.

Yandex Qazaqstan сервистері жүздеген мың қазақстандыққа табыс табатын мүмкіндіктер сыйлап отырғандықтан, компания серіктестерінің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын арттыруға ерекше көңіл бөледі.

Мысалы, 2025 жылдың шілдесінде Яндекс Таксимен серіктестікте жұмыс істейтін 85 мың жүргізуші медициналық сақтандыруға, әлеуметтік төлемдерге және зейнетақыға құқық алды.

Шағын және орта бизнеске Яндекс Карта және Яндекс Go сервистерінің жарнама және логистиканы жеңілдетуге бағытталған құралдары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ Yandex Cloud платформасы қолжетімді.
 
Yandex SpeechKit сөйлеуді синтездеу және тану сервисі, сондай-ақ Yandex SpeechSense тіл аналитикасы сервисі байланыс орталықтарының жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Биыл синтездер кітапханасы қазақша да, орысша да, сондай-ақ олардың қоспасында да сөйлейтін екі жаңа дауыспен толықтырылды.
 
Кәсіпкерлік пен инновацияны қолдау мақсатында Yandex Qazaqstan 2024 жылдың соңында стартаптарға арналған бағдарламаны іске қосты. Оған қатысушылар Yandex Cloud-қа, Яндекс Карта API-ына және басқа да құралдарға жеңілдігі бар қолжетімділік алады. Бұдан басқа, Yandex Cloud бұлтты платформасында Yandex Cloud Boost гранттық бағдарламасы бар. Мұнда 150-ден астам компания жобаларды іске қосу және ауқымын кеңейту мақсатында бұлтты сервистерді пайдаланады.
 
Yandex Qazaqstan Қазақстан тұрғындарына арналған өмір сапасын арттыратын және технологияларды қолжетімді ететін жобалар бойынша жұмысты жалғастырады.


Yandex Qazaqstan-ның орнықты даму саласындағы толық есебі мына сілтемелер бойынша қолжетімді:

👉 қазақ тіліндегі нұсқа
🤮25👍3
🤝 Әкежан Қажыгелдинге реабилитация беру мәселесі келесі жылы қарастырылуы мүмкін

Назарбаев режимі тарапынан саяси қуғын-сүргін көрді деп есептелетін, Еуропарламент берген «Бостандық паспортының» иесі және Қазақстанның ең беделді саяси эмигранты Әкежан Қажыгелдиннің елге оралуын «Жаңа Қазақстан» билігі келесі жылы талқыға салып көрмек. Қажыгелдинге реабилитация беру арқылы Қазақстан өзін демократиялық институттары жақсы жұмыс істей бастаған ел ретінде танытады және Еуроодақпен ара қатынасын одан сайын жақсарта алады.

«Өткен нәрсе өтті. Әкежан Мағжанұлын ақтау орынды деген конструктивті ой бар. Біздің буынның болашақ ұрпақтың алдында осы мәселені шешіп кеткені дұрыс. Қазақстанға қайта ма, қайтпай ма, ол Қажыгелдиннің жеке таңдауы. Бірақ Қазақстан өз тарапынан оның үстінен қозғалған қылмыстық іс пен сот шешімінің күшін жойып, алғашқы қадамын жасайтын уақыты келді. Осы мәселе келесі көктемде ішкі кабинеттерде талқыланатыны жөнінде хабарым бар», - дейді, билік эшелондарына жақын болған DALA INSIDE дереккөзі.


Қажыгелдинге реабилитацияны тек Жоғары Сот бере алады. Себебі, 24 жыл бұрын, 2001 жылы сол Жоғарғы Сот Әкежан Мағжанұлын қызметтік өкілетін теріс пайдаланды, салықтан жалтарды деген айыптармен сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ ол кезде Қажыгелдин саяси эмиграцияға Лондонға кетіп қалған еді. Еуропарламент пен халықаралық қауымдастық оны саяси босқын деп таныды да, жүріп-тұруына еркіндік беретін Freedom Passport ұсынды. Ал Қажыгелдинге қатысты Қазақстанның Интерполға берген өтініші жойылып, досьесі Интерпол базасынан толық алынып тасталды.

2002 жылдан кейін Қазақстан Қажыгелдинді көп қудалаған жоқ. Мағжанұлы да ел билігін қатты сынап, саяси белсенділік танытпады. Назарбаев режимі өз назарын көбіне Рахат Әлиев пен Мұхтар Әбілазовке аударды да, Қажыгелдин радикалды оппозиционерден көрі конструктивті кеңесші рөліне көбірек жақындай бастады. Ал 2019, 2022 жылдары Әкежан Қажыгелдин президент Тоқаевтың курсына жария түрде қолдау білдірді. Және оның шетелге шығып кеткен заңсыз активтерді қайтару ісінде Қазақстан прокуратурасына бейресми көмек көрсеткені туралы ақпарат бар.

Дереккөздің айтуынша, реабилитация туралы Әкежан Қажыгелдиннің өзі немесе заңды өкілі өтініш беруі тиіс. Тәртіп солай. Жоғарғы Сот оны қалыптасқан ереже бойынша қарастырады. Дәл осы кезде билік кабинеттерінде белгілі бір консультациялар жүре бастамақ.

Дереккөздің мәліметінше, биліктегі ең ықпалды бестік мүшелері Қажыгелдиннің ақталуына мүлде қарсы емес. Тек осыны қолға алып, техникалық жұмыстарын бастайтын адам керек. Және бастама Қажыгелдин тарапынан болуы тиіс. Яғни елге оралуға, ақталып шығуға экс-премьердің өзі құлшыныс пен ниет танытсын деген сигнал беріліп отыр.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍54🔥14👎3😱3😁2
🪨 Тастың тасы өрге емес, ішке домалауы тиіс

Алдағы жаңа жылда Иманғали Тасмағамбетовтың ОДКБ төрағасы ретіндегі өкілеттілігі аяқталады. Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы өзіне жаңа төраға сайлауы тиіс. Және ол Қазақстан өкілі болмайды. Енді «Жаңа Қазақстан» Иманғали Нұрғалиұлына ел ішінен саяси ықпалы жоқ, бірақ беделі бар қоғамдық қызмет ұсынуы мүмкін.

«Имекең үш жыл үйде немере бағып, зейнетте отырды. Бірақ жыбырлап қалған, түрлі мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жүрген адам үшін үйде жұмыссыз отыру психологиялық жағынан өте қиын. Ақорда да оны жақсы біледі. Екі айдан кейін ОДКБ-дағы креслосын өткізіп беруі тиіс. Енді Иманғали Тасмағамбетовке «Қазақстан халқына», «Отандастар» сияқты қоғамдық қорларды басқару, өзі қалаған музейіне директор болу немесе ұлттық статусы бар университетке ректор болуды ұсыну идеясы түрлі кабинеттерде талқыланып жүр. Мысалы, Жансейіт Түймебаев ректор болып әдемі отыр ғой. Ендігі мәселе Имекеңнің осы ұсыныстарды қалай қабылдайтындығында», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бір нәрсе анық. Астана Тасмағамбетовті Ресей мен Кремльден ары ұстау бойынша принципиалды позицияда отыр. Сондықтан Тас жұмыс істегісі келсе, елдің ішінде, саяси ықпалы жоқ, қауіпсіз қызметтерді атқаратын болады. Оған қор басшысы немесе жоғарғы оқу орнының ректоры сынды жұмыстар ең лайық деп танылған. Бұл екі жаққа да тиімді шешім. Иманғали Нұрғалиұлының қызмет бойынша амбициясы қанағаттанады. Өз кезегінде де «Сол жағалау» да транзитті кезең алдында барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Әңгіме тараптардың қалай келісетініне келіп тіреліп тұр.

2019 жылы Нұрғалиұлы зейнет жасы 63-ке толып қойды. Қазір 69 жасты еңсеріп отыр. Тасмағамбетов 37 жасында Президенттің көмекшісі, ал 39 жаста Премьер-Министрдің орынбасары, 45 жасында Үкімет басшысы қызметіне отырған адам. 2002-2008 жылдар аралығында "харизмасы мықты, қазақша еркін суыратын Тасмағамбетов Қазақстанның келесі президенті болады" деген қоғамдық пікір мықтап қалыптасты. Дәл сол уақыттан бастап Назарбаев оны алысқа жібермей тура қасында 2017 жылға дейін ұстап келді. 2017 жылдан бастап Тас Ресейге елші болып тағайындалды да, осы уақыттан бастап оның 8 жылға созылған Кремльмен жақындасу кезеңі басталды. 2019 жылы Қазақстан оны зейнетке шығарып жіберді. Ал 2022 жылы қазақ мемлекеті атынан ОДКБ төрағалығына ұсынды.

Мәскеудегі ОДКБ штаб-пәтеріне ауысқан Тасмағамбетовтың 2022-2024 жылдар аралығында Ресейдің ақпараттық ықпалында болып, Кремль сызып берген нарративтерді көп қолданғанын қоғам өз көзімен көрді. Әсіресе оның НАТО-ға қарсы сұсты мәлімдемелері, Украинаға айбат шегуі ол туралы қазақ қоғамында басқаша пікір қалыптастыра бастады. Артынан Тас тікелей қазақ қауымына «өз ұлтымның мүддесі жолындамын» деген сигналды арнайы мәлімдеме арқылы жеткізген еді.

Негізі Иманғали Нұрғалиұлын қазаққа қарсы адам деп айту өте қиын. 2000 жылы оның бастамасымен ұйымдастырылған экспедиция Моңғолиядан Күлтегін стелласының көшірмесін алып келді. Тасмағамбетов Кенесары қозғалысының серігі, 1916 жылғы Ресейге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі Кейкі батырдың сүйегін елге қайтару ісін мемлекеттік деңгейде ұйымдастырды. Вице-премьер қызметінде жүргенде Тасмағамбетов елдегі барлық балабақшаларды қазақ тілінде ету идеясын ұсынды. 2017 жылы вице-премьер ретінде ол «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына дайындық жұмыстарын да үйлестірді.

Тасмағамбетовтың жаңа қызметі туралы жаңалықтар келесі жылдың наурыз айында пайда болады деп күтілуде. DALA INSIDE оның мансабы мен тағдырын әлі біраз бақылайды.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
🔥14🤮11👍7👎6🤝3🤯1
💥 Қайрат Қожамжаров өзара сауданың ірі валютасына айналуы мүмкін

Ресей азаматтығын алғаны екі дереккөз тарапынан расталған, Қазақстанның арнайы прокурорлары үстінен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану мен қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары күдігімен іс қозғаған Қайрат Қожамжаровты Қазақстанға экстрадициялау қиын шаруа. Бірақ ол мүмкін емес дегенді білдірмейді.

"Ресей бізге Қожамжаровты белгілі бір шарттармен беретіні анық. Бірақ ол үшін Астана үлкен геосаяси мәселеде не Ресейді қолдау керек не оның бір сұрағанын беруі қажет. Алдымен прокурорлардың сотқа дейінгі тергеуі аяқталуы тиіс. Одан кейін Қожамжаров Ресейдің сұрағанына тати ма, әлде бұл қойды сабынға ауыстырумен бірдей ма, сол жағы сараланады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Дүйсеновтың Германиядан экстрадициясы шешілген мәселе. Ал ол елге жеткізілгеннен кейін, "Қожамжаров ісі" жаңа импульс алады. Мақсат Дүйсеновтың тергеумен шартқа отырып, барынша сырын ақтаратыны анық. Сол кезде Қожамжаровтың сот алды тергеуі өз пазлын толық жинайды.

Биыл Қожамжаровтың командасы толық жойылғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев шілденің басында азаптау ісі бойынша қамауға алынды. Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кнксель осы азаптау бабы бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Одан кейін бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланып, ол Интерпол арқылы Германияда ұсталды.

Қайрат Қожамжаров ұзақ жылдар бойы жемқорлықпен күрес мекемелерін басқарды. Оның кезінде антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Артынан Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандаттан айрылды. Содан бері ол еліміздің саяси сахнасынан кетті.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍21😁8🤮3👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ @SilkWay.Star: 9 кезең артта қалып, жоба шешуші сәтке таяды

📅 22 қараша, сағат 20:00-де көрерменді көптен күткен Grand финал өтеді.
📺 Тікелей эфир @Jibek_Joly.TV арнасында және silkwaystar.org сайтында көрсетіледі.

🌍 Әлемнің 12 елінен келген 12 таланттың ішінен финалға 7 қатысушы ғана өтті.

Ақтық мәреде кімнің жұлдызы жарқырап, кім үздіктер қатарынан орын алатыны осы кеште белгілі болады.

Жеңімпаз 50% төрешілер, 50% көрермен дауысы арқылы анықталады. Сондықтан silkwaystar.org сайтына кіріп, сүйікті әншіңізге дауыс беріңіз!

#SilkWayStar #jibekjoly
👍32🔥19👏11🤩5🤯2👎1😁1
💼 Ұлттық Банк қабылдайтын негізгі шаралар: қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен халықтың сенімін арттыруға бағытталған қадамдар

Ұлттық Банк қаржы нарығын тұрақтандыру, инфляцияны тежеу және ұлттық валютаның сенімділігін нығайту мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бас банк іске асыратын қадамдардың негізгі бағыттары қандай?

Ақша-кредит саясаты

- Артық ақша нарықтан алынып, монетарлық тұрақтылық күшейтілуде.
- Резервтер жаңартылды, қысқамерзімді ноталар көбейді, валюталық операциялар теңестіріледі.

Валюта мен инвестициялар

- Валюта бағамы нарықтық заңдылыққа сәйкес қалыптасады, спекуляцияға жол жоқ.
- «Астана» ХҚО арқылы шетелдік инвестициялар тартылып, ұлттық қаржы нарығы дамытылады.

Қаржы секторы және ипотека

- Банктер халықтың борыштық жүктемесін төмендетуге тырысып, тұтынушылық кредиттеу реттеледі.
- Ипотекадағы сыйақы жаңа әдіснамаға көшеді, «қазір сатып ал – кейін төле» қызметі бақылауда болады.

Цифрлық теңге

- Бюджеттік төлемдер, әлеуметтік көмектер және «әлеуметтік әмиян» цифрлық теңге арқылы автоматтандырылып, ашық болады.

Шетелдік инвестициялар және халықаралық қаржы орталығы

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы ұзақмерзімді шетелдік инвестицияларды тарту.
- Ұлттық қаржы нарығын дамыту кеңесі құрылып, экономиканың басым салаларына инвестицияларды көбейту жоспарлануда.

💡 Қысқасы: Ұлттық Банк шаралары инфляцияны тежеу, ұлттық валютаны қорғау, қаржы жүйесін тұрақтандыру және халыққа қолжетімді кредиттер беру арқылы экономикалық тұрақтылық пен сенімділікті арттыруға бағытталған.
👍23😁8👎1🤮1
💥 Базарбекке Ресейлік пропагандисттер тиісе бастады

Мысалы, Zergulio телеграм арнасы былай деп жазады.

"Ресейлік ЦУПИС Қазақстан нарығына кіріп келеді. Бұл – спорттық ставкалардағы ақша ағынын толық бақылауға арналған Умар Кремлёвтің жобасы. Мұндай шешім әлемде теңдесі жоқ: бүкіл сала бір ғана бақылауға алынған қаржы құрылымына жинақталған, барлық ақша қозғалысы дәл осы жүйе арқылы өтеді. ЦУПИС-тің тең құрылтайшысы – «Мобильная карта» компаниясының артында ВТБ банкі тұр, ал ол – технологиялары мен қаржылық мүмкіндіктері зор алып ойыншы.

Дәл осындай жағдайда сахнаға Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек шығады. Ол ресейлік жүйенің енгізілуін «қатер» деп атап, «шетелдік бенефициарлар» туралы айтып, тақырыпты шайқап көруге тырысады. Қашаннан бері Қазақстан үшін «ресейлік» деген сөз «шетелдік» дегенді білдіретін болды?

Реакция көп күттірмеді: жарияланым жоғалып, тақырып жабылды. Оған жоғары жақтағылар түсіндіргені анық: қаржы жүйесі туралы әңгіме қозғалған жерде шешімді депутаттар емес, көпмиллиардтық ағындарды құрып, бақылауға қабілетті адамдар қабылдайды.

Осы жерде Умар Кремлёв қайтадан алдыңғы қатарға шығады. Қазір ол Қазақстанға ресейлік технологияны әкеліп отыр, ал оның есесіне Ресей Қазақстанның қаржы жүйесіне, әскерилер, арнайы қызмет өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер туралы ақпаратқа қол жеткізеді, ал бұған наразы болғандарға бұнымен келісуден басқа амал қалмайды.

Қазақстандық депутаттар «ресейлік» деген «шетелдік» деген сөз емес екенін неғұрлым тез ұқса, жаңа әлемдік тәртіптің инфрақұрылымына дер кезінде енуге, онда Ресей әлемдік күштің, соның ішінде жаһандық қаржының бір орталығы ретінде әрекет ететін жүйеге бейімделуге соғұрлым көбірек мүмкіндік болады. Әлде Қазақстанда ХХ ғасырда ҚазКСР инфрақұрылымын дәл сол Ресей салғанын мүлде ұмытып қалған ба? Қазір тоқсаныншы жылдар емес, Ресей ұмытшақтарға мұны есіне сала алады".

https://www.group-telegram.com/dalainside.com 
 
👍60😡28💯10👏3
🇰🇿🇦🇲 Пашинян Астана арқылы геосаяси тупиктен шығып көрмек

Дәл қазір Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға келуі протоколдық шара емес, Ереванның болашағын жаңалайтын саяси-экономикалық маневр болды. Ереван геосаяси тұйықтан шығу жолын жанталаса іздеуде. Оның Ресеймен конструкциясы бұзылғандықтан, орнына Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа тізбегіне қосылуы заңды. Себебі, жағырафиялық жағынан басқа тізбекке қосыла алмайды.

Арменияға жаңа серіктес, жаңа маршрут, жаңа қауіпсіздік керек. Ал Қазақстан Еуразиялық Одақ мүшесі ретінде осыны бере алады. Ереванға Ресейге толық тәуелді болу қауіпті, Батысқа толық бет бұру мүмкін емес, ал Иран арқылы шығатын логистика шектеулі. Оның өз ішінде өндіріс аз, азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз. Сондықтан Пашинян Қазақстанмен әріптестікті жай сөзбен емес, нақты тетікпен күшейткісі келеді. Ол Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа бағытына кіріп, өзін жаңа «транзит дәлізінің» бір буынына айналдыру.

Ал азық-түлік мәселесінде Ереванның Ресей астығынан бас тартып, қазақ бидайына ауысуға мүдделі болуы жай ғана сауда емес. Бұл Ресей ықпалын біртіндеп қысқарту саясатының белгісі. 2024 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 82,9 млн доллар, 2025 жылдың 9 айында 41,6 млн долларды көрсетті. Бірақ бұл әлеуеттің 10-15%-ы ғана. Нақты мүмкіндіктер әлдеқайда кең. Олар мұнай өнімдері, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, сеталл, автокөлік және қосалқы бөлшектер.

Қазақстан үшін Армения көлемі шағын, бірақ саяси тәуекелі төмен, тұрақты төлем қабілеті бар нарық. Кем дегенде 350 миллион долларлық тұрақты экспорт арнасы қалыптастыруға болады. Қазір Арменияда 120 қазақстандық компания, ал Қазақстанда 495 армян компаниясы жұмыс істейді.

Екі ел қол қойған жаңа архитектураПашинян сапарының ең маңызды нәтижесі – 2026–2030 жылдарға арналған Жол картасы және Қазақстан–Армения Іскерлік кеңесінің құрылуы. Бұл құжаттар формальды емес. Олар транзит және логистика, өнеркәсіптік кооперация, азық-түлік қауіпсіздігі, ІТ және финтех, фармацевтика және медицина, көлік байланыстары сияқты нақты салаларды қамтиды. Яғни Ереван өзінің экономикалық парадигмасын өзгертуде.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍55
🤜💰 Рассрочка қазақ халқының жаңа жауы деп танылды

Енді мемлекет жаңа жылдан кейін барлық рычагтары арқылы бөліп төлеумен күреспек. Үкіметтің ойынша, бөліп төлеудің қазақстандықтардың қарызға батуы мен инфляциядағы әсері зор. Сондықтан бұл нарықта өте қатаң тәртіп орнатылатын болады.

«Мемлекет бұл мәселе туралы негізі көптен бері ойланып жүрген. Өткен аптада Халықаралық валюта қоры еліміздегі арнайы миссиясын аяқтап, өзінің қорытынды ұсыныстарын берді. Халықаралық валюта қоры бізде біраз уақыт болып, еліміздің экономикалық жағдайын тексеріп, аудит жасаған болатын. Қорытынды есепте біздегі халыққа арналған кредиттік, қарыз нарығын қатаңдату туралы ұсыныстар бар. Халықаралық сарапшылар мен біздің қаржы билігінің ойлары бір жерден шыққандықтан, енді ештеңеге қарамай халыққа берілетін қарыз нарығын толық қысуға саяси шешім қабылданып отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Негізі, рассрочкамен күрес биылдан басталып кеткен. Қазан айынан бастап Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жаңа ережелер күшіне енді. Егер бөліп төлеу сатушының өз қаражаты есебінен ұсынылса, баға жапсырмаларында бірден төлеу бағасы және бөліп төлеу бағасы бөлек көрсетілуі тиіс. Бұл сатып алушыға тауардың нақты құнын және бөліп төлеу мүмкіндігі үшін қанша шығындалатынын анық түсінуге мүмкіндік береді.
Ал егер тауарлар банктермен синхрондалған маркетплейстер арқылы сатылса, онда бөліп төлеуді сатушы емес, банк өзінің қарыз қаражаты есебінен, банк пен сатып алушы арасындағы несие шарты негізінде береді. Осылайша, жаңа ережелер тек сатушының өзі ұсынатын бөліп төлеулерге қатысты және маркетплейстер арқылы рәсімделетін банктік рассрочкаға қолданылмайды.

Мемлекет мұнымен тоқтамады. Енді сатушылар тауарды немесе қызметті өз қаражаты есебінен бөліп төлеуге ұсынған жағдайда, бұл ақпаратты кредиттік бюроларға беруге міндетті болады. Рассрочка кредитпен теңестіріледі. Кредиттік бюрода халықтың тек кредиті емес, рассрочкасы туралы да ақпарат болады. Демек, бөліп төлеуі бар азаматтардың жаңа несие алуы қиындай түспек.

«2026 жылы кредит те, рассрочка да азаюы тиіс. Үкімет қарызы бар адамдар саны қысқарып, импорттық тауардың сатылуы құлдырап, содан инфляцияның төмендеуін көздеп отыр. Бізде импорт қысқарса, ол теңге бағамына да жағымды болады», - дейді дереккөз.


Дәл қазір шамамен 5 миллион отандасымызда рассрочка бар. Кредит нарығы расымен қызып кеткен. 574 мың адамның басында 90 күннен астам төлемеген кем дегенде бір проблемалық кредиті бар. Ал қанша рассрочканың проблемалық екені олар бұған дейін кредиттік досьеге ілінбегендіктен белгісіз болып келді. Енді осының барлығы тәртіпке келтірілмек.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍35👎4🤯4🤮2😡1
🏳️‍🌈🚦 ЛГБТ насихатын шектеу: иә мен жоқ

Ақпараттық кеңістікте ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы Парламент депутаттары мақұлдаған заң бүгінде қоғам назарында. Яғни әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және басқа да қоғамдық алаңдарда дәстүрлі емес отбасылық құндылықтарды насихаттауға жол жоқ. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, бұл нормалар балаларды қажетсіз ақпараттан қорғауға мүмкіндік береді.

Осы тұста 24.kz арнасы Астана тұрғындарының пікірін сұрап білген.

https://youtu.be/mCNZZge6el8?si=L4jk7r40CK3Z9i0h
👍38🤮3👏2💯1🤝1
ЦУПИС моделі Қазақстанға қауіп төнгізіп тұр

Қазақстан ішкі нарығын реттеу мақсатында Біріңғай есепке алу жүйесін (ЕСУ) бірнеше жылдан бері енгізе алмай келеді. Отандық шенеуіктер өз шешімін әзірлеудің орнына, Ресейдің дайын ЦУПИС деген жүйесін орната салмақ болған. Алайда Exclusive.kz басылымының арнайы зерттеуі ЦУПИС жүйесінің көршілес Ресейде еш тиімділік байқатпай, керісінше спорт саласын жемқорлық пен түрлі былыққа батырғанын айқын көрсетіп отыр.

"Ресейде ЦУПИС жүйесінің операторы «Мобильная карта» банктік емес несие ұйымы. Оған Умар Кремлёв пен «Современные платёжные решения» және «Центр прогресса бокса» атты фирмалар арқылы ВТБ банкі иелік етеді. Нәтижесінде осы топ Ресейдегі барлық заңды онлайн-бәс тігулерді, триллион рубль айналымы бар төлем нарығын, ондаған миллион ойыншының жеке деректерін, телефондарын, банктік карталарын, мекенжайы мен қаржылық тарихын бір жерге шоғырландырып алып, барлық букмекерлік компанияларға диктат орнатқан. Умар Кремлёвтің өзі Ресейде екі рет істі болған адам. Ол басқарып отырған IBA Халықаралық бокс қауымдастығы абыройдан жұрдай болып, ішкі жемқорлық пен қылмыс әлемінің серкелерімен байланысы үшін олимпиададан шеттетілді. Қазір барлық дерлік елдер IBA бәсекелесі, біздің Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ұйымына ауысып кетті. Ал ВТБ банкі Украинаға қарсы соғысты қаржыландырғаны үшін АҚШ пен Еуроодақтың қатаң санкцияларының астында. ЦИПУС операторы - «Мобильная карта» да Еуропаның бірқатар елдерінің санкциялық тізімінде. Осындай, қылмыс әлемінің адамдары билейтін, санкцияның астында жатқан ресейлік құрылымдар басқаратын жеке жүйе қазақстандық шенеуніктерге «сәтті мемлекеттік модель» деп таныстырылған", - деп жазады, зерттеу авторлары.


Зерттеу көрсеткендей, ЦУПИС-тің шығындары оның Ресей спортқа аударуы тиіс қаржысымен теңесіп қалған. 2024 жылы Ресейде ЦУПИС бенефициарлары 31 миллиард рубль пайда көрген уақытта спортты қаржыландыру тапшылығы 18 миллиард рубльге жеткен екен. Сонда ЦУПИС Ресей спортын қаржыландыру проблемасын еш шешпеген. Себебі олар қай федерацияны қаржылай қолдайтынын өздері ғана таңдап отырған. Кей спортты алалап, бәрін бірдей қолдамаған.

Бұл спортқа деген жанашырлықтан, қазан басында отырғандардың өз қалтасын қампайтуға деген әрекеттеріне ұқсайды. Біз не десек те, ол Ресейдің ішкі проблемасы. Бірақ осы проблемалық жүйені Қазақстанға не үшін тартып жатқаны сұрақ туғызады.
👍23😱22🤯1
🚀AMARKETS - универсальная платформа для трейдинга!

Здесь можно торговать:
— металлами
— индексами
— валютными парами
— сырьём
— акциями
— криптой

Также доступны:
📊 Аналитика
📚 Обучение
📈 Торговые сигналы
🗓 Экономический календарь
🕌 Есть исламский счёт без свопов и скрытых комиссий

✔️С промокодом DALAINSIDE можно удвоить стартовый депозит.

Открыть счет в AMARKETS - https://amrkts.club/49FK8NN

®PR құқығында
👍9👎3🤩3🔥2
🛢️🇺🇦 Қазақстан Chevron арқылы Киевке ықпал жасап көретін болады

Chevron мұнай-газ алпауыты Каспий мұнай құбыры жүйесінің Новороссийскідегі мұнайды сыртқа шығарып құю қондырғысының (ВПУ) жарылуына қатысты жедел түрде жабық консультациялар өткізе бастады. Шеврон 50 пайыз үлесін ұстап отырған «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынының мұнай экспорты бойынша жылдық жоспары біршама орындалмай қалу қаупі бар дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бүгін КТК экспорт бойынша жұмысын толық тоқтатты. АЛ ТШО жер астынан шығып жатқан мұнайды қосымша резервуарына құя тұруға мәжбүр.

Енді 2026 жылғы мұнай экспортының жағдайы мүлде бұлыңғыр. Көлемнің біразын транскаспийлік Ақтау-Баку бағытына ауыстыру мәселені шешпейді, ол бар болса 10 миллион тоннаны жаба алады және тасымалдау құнын үш есеге арттырмақ. Сол үшін Chevron-Exxon двуимвиратының лоббиі Капитолийге жақын сенаторлар арқылы Киевке ескерту жасауды дұрыс деп шешті.

«Украина Президенті Зеленскийдің офисінен енді КТК инфрақұрылымына тиіспейміз деген бейресми гарантия сұратылмақ. Chevron мен Exxon басшылары қалай болғанда да осы аптада Трамппен жүздесуге немесе телефонмен тілдесуге тырысып бағады. Сенаторларды, жалпы Конгресті барынша осы процеске араластыру жоспарланған. Қазақстан өз тарапынан Шевронның бұл бастамасын қолдап отыр. Бейресми көмектесетіні анық. Бір сөзбен айтқанда, Вашингтон Киевке «енді КТК құбырына тиіспе» деген қатаң сигнал беру тиіс. Лоббистер осыны көздеп отыр», - дейлі, дереккөз.


Киев Вашингтонды тыңдай ма? КТК-ға шабуыл ең алдымен Ресейдің қуатын азайту емес, Батыс капиталына жасалған сигналды қысым екені анық. Болашақ бейбітшілік келісімінде Киевтің өз позициясын жақсарту жолындағы ең тиімді рычагы осы КТК құбыры. Егер АҚШ бейбіт келіссөздер барысында Украинаның позициясын қолдамаса, онда американ мұнай компанияларының экспорты зардап шегеді деген емеурін. Оны Вашингтон да, Брюссель де жақсы түсінді. Ендігі доп Трамптың қолында.

Бұл жолы Украина камикадзе катер арқылы нысаналы соққы жасап, үш ВПУ-дың бірін және ең қуатты, жұмыс жасап тұрған ВПУ-2 құрылғысын жарып жіберді. Енді КТК-ның танкерлерге мұнай құю инфрақұрылымында тек екі ВПУ ғана қалып отыр. Оның бірі, ВПУ-3 кішкентай және тоқтамай жұмыс істеген жағдайда жылына 36 миллион тонна ғана мұнайды танкерге құя алады. ВПУ-1 ұзақ уақыт жөндеуде тұрды. Енді экспорттың күнделікті көлеміне шығу үшін оны тез арада іске қосу қажет.

Каспий құбыр консорциумы ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғыларын келесы жылы жаңартуды жоспарлап отырған. Бұл құрылғылар қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Drydocks World Dubai кеме жөндеу зауытында жасалып жатыр. Қазір буйдың қондырмасының ішіне кабель төсеу және герметизациялау, люк қақпақтарын келтіру мен дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өндіруші суасты құбыр желілерінің соңғы манифольдтарына арналған құбырларды сынақтан өткізуді аяқтады. КТК-ның қолданыстағы ВПУ-ларын Монакода орналасқан IMODCO компаниясы жасаған еді. Олар 2001 жылы пайдалануға беріліп, іске қосылды. Ал қосалқы ВПУ-3 2014 жылы пайда болды. Енді КТК үшін жаңа ВПУ-ларды қондыру қиын болады. Ол үшін соғыс аяқталуы тиіс немесе Украина КТК инфрақұрылымына соққы жасамаймын деген гарантия беруі керек. Қазір мұның екеуі де жоқ.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍18🤮5🤯1
💥 «Бұл – абсурд»: депутат Самат Нұртаза самокаттарға қатысты талқыланып жатқан түзетулерге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында самокаттарды реттеу жөніндегі жаңа ұсыныстарға байланысты өткір пікір жариялады. Ол түзетулердегі ең үлкен қайшылық – жауапкершіліктің жеке және жалға алынған самокаттар арасында әртүрлі белгіленуі екенін айтты.

Депутаттың айтуынша, егер азамат өз самокатымен жолға шығып, ереже бұзса, айыппұл тікелей өзіне салынады. Ал дәл сол әрекетті жалға алынған самокатпен жасаса, айыппұл сервис компаниясына жүктеледі.

«Бұл – абсурд және толық жауапсыздық. Ең күлкілісі, егер сіз автокөлікті жалға алып, жол ережесін бұзсаңыз, айыппұлды өзіңіз төлейсіз. Бәрі күндей анық. Ал самокаттарда – таза сюрреализм», – деп жазды Нұртаза.


Самат Нұртаза сондай-ақ Президенттің «жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажет» деген сөзін еске салып, кінәлі адам жазадан тыс қалатын жүйеде мәдениет қалыптаспайтынын айтты.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍29😁5👎4😱1
💵 Қаржыгерлер: «Бәйтеректің» артықшылықтары банктерді бәсекеден ығыстыруы мүмкін

Келесі жылы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі экономиканы кредиттеуге шамамен 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Алайда, мұндай қомақты қаражат инфляцияны жеделдетіп, фискалдық саясаттың жоспарланған нәтижелеріне түзетулер енгізуі ықтимал.

«Бәйтеректе банктермен бірдей кредит беру, кепілдендіру, сақтандыру құралдары бар, бірақ толыққанды реттеу жоқ. Қаржы институттары арасында бәсеке әділ болуы үшін ережелер барынша ұқсас болуы қажет», – дейді, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Ұлттық Банктің пікірін бірқатар эксперттер қолдап отыр. Қаржылық кеңесші, Qazaq Expert Club мүшесі Жания Сандыбай "Мемлекеттік кепілдікке сүйенетін холдинг төмен пайызбен кредит бере алады, бұл жеке банктер үшін нарықтық теңсіздік туғызады. Сонымен қатар, тиімсіз жобалар көбейсе, холдингті қайта капиталдандыру қажеттілігі туған сайын жасырын мемлекеттік қарыз өседі" дейді.

Экономист Гүлфайруз Жүнісбекованың сөзінше, 8 трлн теңгенің қысқа мерзімде экономикаға түсуі инфляциялық қысымды айтарлықтай арттырады. Сол себепті, мұндай шараларды сақтықпен қабылдаған жөн.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍14😁3👎1
🚊 ҚТЖ VS агрофермерлер: шектеулер Қазақстан экономикасын тұралатпай ма?

«Қазақстан темір жолы» енгізіп отырған шектеулер салдарынан отандық фермерлер өздерінің дәстүрлі экспорттық нарықтарынан айырылып, олардың орнын Ресей мен Өзбекстанның бәсекелестері басып келеді.

КТЖ «Сарыағаш» халықаралық өткелі арқылы жүк қабылдауға конвенциялық тыйым енгізді. Бұл өткел Қазақстанның Орталық Азия елдеріне: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстанға бағытталған астық экспортының негізгі арнасы. Алайда шектеу транзиттік тасымалдарға қолданылмайды. Соның нәтижесінде шетелдік экспорттаушылар қазақстандық өнім өндірушілер босатқан нарықтарды тез арада игеріп жатыр.

Сала өкілдерінің айтуынша, КТЖ кезең-кезеңімен енгізетін мұндай шектеулер ұн тарту кәсіпорындарын жарты қуатпен жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Өндірушілер тұрақты және әлеуетті тұтынушыларынан айырылып, өндіріс жүктемесінің төмендігінен шығынға батады. Оған қоса вагондардың бос тұруы үшін айыппұл төлемек. Бұл ретте мемлекет те елеулі салық кірістерінен қағылып отыр.

Нәтижесінде Қазақстанның астық және ұн өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, экспорттық позициялары әлсірей түсуде.

https://www.group-telegram.com/dalainside.com
🤯14😡3
2025/12/06 10:49:33
Back to Top
HTML Embed Code: