Telegram Group Search
Жоғары аудиторлық палатада Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит аяқталды. Аудит қорытындылары Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды.

📊 Жүргізілген тексеру соңғы 5 жыл ішінде облыс негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді орындағанын көрсетті. Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) тұрақты өсуі байқалады, ол 2020 жылдан бері 69%-ға артқан. Жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға төмендеген, ал кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен аз азаматтардың үлесі 2,3 пайыздық тармаққа азайған. Сонымен қатар тұрғын үй қоры 600 мың шаршы метрге көбейген.

📌Дегенмен аудит барысында өңірдегі өмір сапасына теріс әсер ететін бірқатар факторлар, бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Мәселен, облыста халықтың табиғи өсімі азайып, теріс көші-қон сальдосы байқалуда.

Білім беру саласында үш ауысымды және апаттық күйдегі мектептер проблемасы шешімін таппай отыр. 17 мектепте спорт залы жоқ, 24 мектеп пән кабинеттерімен қамтамасыз етілмеген. Медициналық мекемелердің шамамен 74%-ы тозған.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының артқанына қарамастан, ЖӨӨ үлесінде олар өндірген өнім көлемінің төмендегені байқалады.

Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов өңір бойынша көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар кірісінің едәуір төмендегеніне назар аударды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 100 млрд теңгеге азайған.

«Яғни, өңірдің сауда саласы бойынша салықтық әлеуеті төмендеген. Демек, салық аз төленді, салдарынан жергілікті бюджеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және басқа да жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі де азайды. Біз жағдайды көріп отырмыз, бұл дұрыс емес. Көлеңкелі сектор артқан болуы мүмкін. Бұл бағытта жұмыс істеу қажет», — деді Әлихан Смайылов.


Өңір үшін стратегиялық маңызы бар объект саналатын «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы назардан тыс қалып отыр. Инженерлік инфрақұрылымның болмауы салдарынан АЭА-дағы кейбір объектілер уақытында пайдалануға берілмеген. Бұл АЭА тиімділігін және инвесторлардың сенімін төмендетеді. Соған қарамастан жергілікті бюджеттен басымдығы төмен жобаларға қаражат бөлінген, мысалы, әкімшілік ғимараттарды реконструкциялауға 7,3 млрд теңге, театр құрылысына 7 млрд теңге жұмсалған.

Облыстағы 38 тірек ауыл әлі күнге дейін сапалы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Салынған 79 объектінің 22-сі (10 млрд теңгеге) осы уақытқа дейін пайдаланушы ұйымдарға берілмеген.

Облыстың көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы жоқ және жол инфрақұрылымының қауіпсіздігіне жеткілікті деңгейде мониторинг жүргізілмейді.

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіне берілген баға да басқару мен инвестициялық бағыттарды іске асырудың тиімділігі төмен екенін көрсетті. Мәселен, бірлескен кәсіпорындар құру нәтиже бермей, шамамен 1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік ресурстар шығынына әкелді. Бейінді емес активтерді ұстау 610 млн теңге көлемінде, өңірлік тұрақтандыру қорларының қаражатын пайдалану салдарынан 298 млн теңге көлемінде шығын келген. Бухгалтерлік есеп жүргізуде де 24 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылық анықталды.

Мемлекеттік сатып алу саласында да заң бұзушылықтар тіркелген. Конкурс рәсімдерін өткізбей, 5,5 млрд теңгеге бір көзден сатып алу арқылы шарттар жасасу, сондай-ақ жұмыстар көлемін қосалқы мердігерге беру жөніндегі шектеулерді сақтамау фактілері анықталды.

📌Аудит қорытындысы бойынша:

🔵28,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық, 112,4 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланылғаны және пайдаланылғаны анықталды;

🔵111 факт бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін жіберілді;

🔵кейбір материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

🔗 Толығырақ

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
Итоги госаудита в Северо-Казахстанской области подведены в ВАП

Завершился аудит эффективности использования бюджетных средств и активов государства, выделенных Северо-Казахстанской области. Его итоги рассмотрены на заседании в Высшей аудиторской палате.

📊 Проведенная проверка показала, что за последние 5 лет область в целом выполнила основные социально-экономические показатели. Отмечается стабильный рост валового регионального продукта (ВРП) – с 2020 года на 69%. Уровень безработицы снизился на 0,4%, а доля граждан с доходами ниже прожиточного минимума – на 2,3 процентных пункта. Жилищный фонд при этом увеличился на 600 тыс. кв. м.

📌Вместе с тем аудит выявил ряд факторов, нарушений и недостатков, оказывающих негативное влияние на качество жизни в регионе.

Так, в области наблюдается сокращение естественного прироста населения и отрицательное миграционное сальдо.

В сфере образования остаются нерешенными проблемы трехсменных и аварийных школ. 17 школ не имеют спортзалов, 24 школы не обеспечены предметными кабинетами. Острым остается вопрос износа зданий медицинских учреждений, составляющий порядка 74%.

Несмотря на рост количества субъектов малого и среднего предпринимательства, отмечается снижение объема произведенной ими продукции в общем объеме ВРП региона.

В ходе заседания председатель ВАП Алихан Смаилов также обратил внимание на значительное сокращение доходов предприятий, занятых в сфере оптово-розничной торговли по региону – по данным КГД, на 100 млрд тенге.

«Получается, налоговый потенциал региона снизился по торговле. Соответственно, налогов меньше уплачено, и у местного бюджета стало меньше возможностей финансировать проекты по развитию социальной инфраструктуры и другие. Мы это увидели и считаем, что это, мягко говоря, не порядок. Возможно, теневой сектор увеличился. С этим надо работать», — отметил он.

Без внимания остается СЭЗ «Qyzyljar», хотя она стратегически важна для региона. Из-за отсутствия инженерной инфраструктуры некоторые объекты СЭЗ не были своевременно введены в эксплуатацию, что снижает эффективность СЭЗ и доверие инвесторов. При этом местный бюджет направляет средства на менее приоритетные проекты, например реконструкцию административных зданий – 7,3 млрд тенге и строительство театра – 7 млрд тенге.

38 опорных сел в области все еще остаются без качественного централизованного водоснабжения. Из 79 построенных объектов 22 (на 10 млрд тенге) до сих пор не переданы в эксплуатирующие организации.

Не должным образом проводится работа по развитию транспортной инфраструктуры области: нет комплексной схемы развития пассажирского транспорта и достаточного мониторинга безопасности дорожной инфраструктуры.

Оценка деятельности АО «СПК «Солтүстік»» показала низкую эффективность управления и реализации инвестиционных направлений. Так, создание совместных предприятий не дало результата и привело к потерям около 1 млрд тенге государственных ресурсов. Существенные убытки связаны с содержанием непрофильных активов – 610 млн тенге и использованием средств региональных стабфондов – 298 млн тенге. Дополнительно выявлены нарушения в бухучете на сумму свыше 24 млрд тенге.

Установлены нарушения законодательства в области госзакупок, а именно факты заключения договоров из одного источника без проведения конкурсных процедур на сумму 5,5 млрд тенге, а также несоблюдения ограничений по передаче объемов работ на субподряд.

📌Всего по итогам аудита установлено:

🔵финансовые нарушения – на 28,3 млрд тенге, неэффективное планирование и использование бюджетных средств – на 112,4 млрд тенге.

🔵Материалы по 111 фактам направлены для возбуждения административных дел, отдельные материалы будут переданы в правоохранительные органы.

🔗 Подробнее

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» АҚ-дағы аудитті аяқтады

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізіп, стратегиялық басқару жүйесін бағалады.

✔️ Тексеру шаралары Қордың корпоративтік орталық ретіндегі қызметін, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп», «Samruk-Kazyna Ondeu» және басқа да бірқатар компанияны қамтыды. Жалпы 18 заңды тұлғада аудит жүргізілді, сонымен қатар Парламент депутаттары мен қоғам тарапынан келіп түскен сауалдар ескерілді.

📊 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қордың компаниялар тобының кірісі 16,5 трлн теңгені, ал холдингтің компаниялар тобының шоғырландырылған таза пайдасы 2,4 трлн теңгені құрады.

📊 Аудит қамтыған кезеңде холдинг мемлекетке 2,37 трлн теңге төлеген, оның 779,9 млрд теңгесі дивидендтер түрінде, 1,6 трлн теңгесі активтерді бәсекелестік ортаға беру есебінен аударылды.

Бұл төлемдерге қосымша Қор тағы 673 млрд теңгеге ҚР Президенті мен Үкіметінің тапсырмаларын іске асырды.

📌Сонымен бірге аудиторлар Қордың компаниялар тобындағы стратегиялық жоспарлау мен басқарудағы кемшіліктерді анықтады.

2018-2021 жылдарға арналған Қорды трансформациялау бағдарламасының 8 компанияны шетелдік аналогтардың тиімділік деңгейіне шығару мақсаты орындалмаған. Бағдарламадан түскен нақты пайда көлемі 154,5 млрд теңге, яғни жоспарланған мөлшерден екі есе төмен.

Қордағы корпоративтік басқару деңгейінің жеткіліксіздігі байқалды. Атап айтқанда, стратегиялық құжаттарды тиісінше әзірлемеу, жоспарлы көрсеткіштерді төмендету фактілері орын алған, холдингтің Даму жоспарының орындалуына бақылауды күшейту қажет.

7 ақпараттық жүйенің ішінде Қор тек 4 жүйені пайдаланады. Басқарушылық есеп жүйесі (SAP BPC) дұрыс жұмыс істемейді, ал бірқатар компания бойынша қаржылық есеп қолмен жүргізіледі.

«Самұрық-Қазынада» ішкі нормативтік құжаттарды жүйелеуге жеткілікті көңіл бөлінбейді. Олардың шамамен 15%-ы қолданылмайды, қайта қарауды немесе күшін жоюды талап етеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы 5 комитеттің 3-еуі (стратегия жөніндегі, Трансформация бағдарламасының орындалуын бақылау жөніндегі, мамандандырылған комитет) жұмыс істемейді. Ал Қор Басқармасы жанындағы 7 комитеттің 2024 жылдан бері 2-еуі (жаңғырту және тұрақты даму жөніндегі) жұмыс істемейді.

Нәтижесінде холдингтің құрылымы тым күрделі күйге жеткен. Қор тобына 6 деңгейге бөлінген 326 компания кіреді. 2020-2024 жылдары Қор тобында 23 белсенді емес компания болған, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41 компания шығынмен аяқтаған. Бұл активтер құрылымын оңтайландырудың және оларды тиімді басқарудың маңызды әлеуетін көрсетеді.

Сондай-ақ инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды түбегейлі күшейту қажет, себебі 2020 жылдан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қор тобының 175 жобасының тек 49-ы ғана аяқталған.

📌Жалпы аудит қорытындысы бойынша:

🔵351,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар;

🔵122,2 млрд теңге сомасында тиімсіз жоспарлау және қаражатты пайдалану фактілері анықталды;

🔵119 жүйелік кемшілік тіркелді.

Бірқатар материал әкімшілік іс қозғау үшін жолданды, ал анықталған жекелеген бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
ВАП завершила аудит АО «Самрук-Қазына»

Высшая аудиторская палата РК провела аудит эффективности использования государственных активов и оценила систему стратегического управления в АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» и его дочерних организациях.

✔️ Проверочные мероприятия охватили деятельность самого Фонда как корпоративного центра, а также компаний «Казатомпром», «Samruk-Kazyna Ondeu» и ряда других. В целом аудитом было охвачено 18 юридических лиц, при этом в ходе аудита был учтен ряд запросов депутатов Парламента РК и общественности.

📊 По итогам 2024 года доходы группы компаний Фонда составили 16,5 трлн тенге, консолидированная чистая прибыль по группе компаний холдинга составила 2,4 трлн тенге.  

📊 При этом государству холдингом за аудируемый период было выплачено 2,37 трлн тенге, из которых 779,9 млрд тенге – в виде дивидендов и 1,6 трлн тенге – в виде отчислений от передачи активов в конкурентную среду.

В дополнение к данным выплатам Фондом реализованы поручения Президента РК и Правительства еще на 673 млрд тенге.

📌Вместе с тем аудиторы выявили недочеты в стратегическом планировании и управлении в группе компаний Фонда.

Цель Программы трансформации Фонда на 2018-2021 годы по выведению 8 компаний на уровень эффективности зарубежных аналогов не была достигнута. Фактические выгоды от Программы составили 154,5 млрд тенге, что вдвое меньше запланированного объема.

Отмечен недостаточный уровень корпоративного управления в Фонде. В частности, имеют место факты ненадлежащей разработки стратегических документов и занижения плановых показателей, требуется усиление контроля за исполнением Плана развития холдинга.

Из 7 информационных систем Фондом используется только 4. Система управленческой отчетности (SAP BPC) работает с нарушениями, а финансовая отчетность по ряду компаний проводится вручную.

«Самрук-Қазына» уделяется недостаточное внимание систематизации внутренних нормативных документов, из которых около 15% не используются, подлежат пересмотру либо постановке на утрату.

Из 5 комитетов при Совете директоров АО «Самрук-Казына» не работают 3 (по стратегии, по контролю за реализацией Программы трансформации, специализированный комитет), а из 7 комитетов при Правлении Фонда с 2024 года не работают 2 (по модернизации и устойчивому развитию).

Как результат, холдинг приобрел громоздкую структуру: в группу Фонда входят 326 компаний, которые разнесены на 6 уровней управления. За 2020-2024 годы в группе Фонда имелись 23 бездействующие компании, а по итогам 2024 года 41 компания показала убыток. Это говорит о значительном потенциале в оптимизации структуры активов и их эффективному управлению.

При этом требуется кардинально усилить мониторинг реализации инвестиционных проектов, так как с 2020 по 30 сентября 2024 годы группой Фонда из 175 проектов завершено всего 49 проектов.

📌В целом по итогам аудита установлены:

🔵финансовые нарушения на 351,8 млн тенге;

🔵неэффективное планирование и использование средств – 122,2 млрд тенге;

🔵выявлено 119 системных недостатков.

Ряд материалов передан для возбуждения административного производства, а по отдельным фактам выявленных нарушений материалы направлены в правоохранительные органы.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында өңірлік ӘКК жұмысында проблемалар мен кемшіліктер анықталды

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін және олардың өңірлердің дамуына әсерін тексеруді аяқтады. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста қаралды.

📌Тексеру ӘКК құрылымдарында проблемалар мен кемшіліктер жинақталғанын көрсетті. Мұндай жағдай олардың жұмысын тұтас үйлестіру мен регламенттеудің, Ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті реттеудің болмауына байланысты қалыптасып отыр.

Мәселен, ӘКК мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланбаған. Олардың даму жоспарлары номиналды сипатқа ие және сыртқы бағалауға жатпайды, ал қызметі әкімдіктердің тиімділігін бағалауға әсер етпейді.

Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы ҚР ҰЭМ уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ӘКК жұмысында тәртіп орнатуға тиіс екенін атап өтті.

«ӘКК нақты немен айналысуы керек екенін анықтап, бірыңғай тәсіл әзірлеу қажет. Оларды даму институттары дей аламыз ба? Өңірлердегі әлеуметтік рөлі қандай? Инвестиция тартуда қандай рөл атқарады? Қандай құралдарды қолдануы керек? Қарыз беруде қандай қағидаларды ұстанады? Бірыңғай ұстаным қалыптастыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.


Ол қазір ӘКК өздері қажет деп санайтын барлық мәселемен айналыса алатынын атап өтті.

«Өңірлерде өздері дұрыс деп тапқанның барлығын жасап жатыр. Көп жағдайда бұл тіпті Кәсіпкерлік кодексіне де қайшы келеді», — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.


Аудиторлық қорытындыға сәйкес соңғы 5 жылда ӘКК-ге барлығы 528 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты берілген, оның ішінде 288 млрд теңгеден астамы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге арналған. Алайда өңірлердің дамуына әсер ететін инвестициялық жобаларды іске асырудың орнына іс жүзінде ӘКК өздеріне түсетін қаражатты банктегі депозиттерге орналастырады.

Сонымен қатар мемлекеттік қаржыландырудың өсуіне қарамастан, ӘКК жүйелі түрде шығынмен жұмыс істейді. Тексерілген ӘКК бойынша жинақталған шығын 2020 жылмен салыстырғанда 2025 жылдың басында 7 есе өсіп, 209 млрд теңгеден асып түсті.

Дивидендтер төлеу тұрақсыз сипатқа ие. Мысалы, 2024 жылға ӘКК-ден түскен жалпы сома 0,5 млрд теңгеден аз, бұл 2023 жыл қорытындысымен салыстырғанда 4 есе аз.

Аудиторлар ӘКК жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы таза коммерциялық жобаларға жиі қатысатынын атап өтті.

🔵Мәселен, «Ертіс» ӘКК инвестициялық жобалар деген атаумен 16,6 млрд теңгеге коммерциялық тұрғын үй құрылысын іске асырып жатыр, мұнда аудит барысында 3,3 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды.

🔵«Aqjaiyq» ӘКК-ге инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері берілген, нәтижесінде олар игерілмеген не басқа коммерциялық мақсаттарға қайта бағдарланған.

🔵«Ақтөбе» ӘКК соңғы 3 жылда жалғыз жеке компанияның өндірісін кеңейту үшін несие берген. Тұтастай алғанда, ол мемлекеттен жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеге қарыз және субсидия алған. Ал несиені мақұлдау бойынша Жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына осы фирмаға қатысы бар тұлға қосылған, несие бұзушылықтармен әрі кепіл алмастан берілген.

🔵«Семей» ӘКК-де жобалар қаражатты тез игеру үшін тиісті бағалаусыз және талдаусыз іріктеледі.

Тұрақтандыру қорларын тексеру барысында өнімдердің тиісінше сақталмайтыны, ассортименттің шектеулі екені, сондай-ақ тұрақтандыру қорлары сұранысы төмен тауарлардан тұратыны анықталды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өңірлік тұрақтандыру қорларын басқарудағы, сауда-сатып алу қызметіндегі және кәсіпкерлерді «айналым схемасы» бойынша кредиттеудегі тиімсіздігі оларды азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал ете алмайтындай етеді.

Мемлекеттік аудит барысында:

🔵138 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар;

🔵14,5 млрд теңгенің тиімсіз жоспарланғаны;

🔵33,6 млрд теңге бюджет қаражаты мен активтердің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

14 факт бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына беру жоспарлануда.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында өңірлік ӘКК жұмысында проблемалар мен кемшіліктер анықталды ҚР Жоғары аудиторлық палатасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін және олардың өңірлердің дамуына әсерін тексеруді аяқтады. Мемлекеттік…
Аудит ВАП выявил ряд проблем и недостатков в работе региональных СПК

Высшая аудиторская палата РК завершила проверку деятельности социально-предпринимательских корпораций и их влияния на развитие регионов. Итоги государственного аудита рассмотрены на заседании под председательством Алихана Смаилова.

📌Как показала проверка, в структурах СПК накоплены проблемы и недостатки, что приводит к их системной неэффективности. Такая ситуация сложилась из-за отсутствия целостной координации и регламентации их работы, должного регулирования со стороны Министерства национальной экономики.

Так, СПК не интегрированы в систему госпланирования, их планы развития носят номинальный характер и не подвергаются внешней оценке, а их деятельность не влияет на оценку эффективности акиматов.

В ходе заседания председатель ВАП указал, что МНЭ РК, будучи уполномоченным госорганом, должно навести порядок в деятельности СПК.

«Вы должны определиться, выработать единые подходы, чем должны заниматься СПК. Это институты развития или что? Какая у них социальная роль в регионах? Какая роль в привлечении инвестиций? Какие инструменты они должны использовать? В части выдачи займов – на что они могут идти, а на что не могут? Выработать единую позицию надо», — отметил Алихан Смаилов.


Он подчеркнул, что сейчас СПК занимаются всем, что сами посчитают целесообразным.

«В регионах что решили, то и делают. Зачастую это противоречит даже Предпринимательскому кодексу», — сказал председатель ВАП.


Согласно аудиторскому заключению, всего за последние 5 лет в СПК передано свыше 528 млрд тенге бюджетных средств, из которых более 288 млрд тенге – на кредитование субъектов предпринимательства. Однако вместо реализации инвестпроектов, способных помочь развитию регионов, СПК практикуют размещение поступающих к ним средств на банковские депозиты, а также отвлекают на реализацию совместных коммерческих проектов с бизнес-структурами с низким социальным эффектом.  

Вместе с тем, несмотря на рост госфинансирования, сохраняется проблема хронической убыточности СПК. Накопленный убыток по проверенным СПК на начало 2025 года составил свыше 209 млрд тенге с ростом в 7 раз по сравнению с 2020 годом.

Выплата дивидендов имеет нестабильный характер. К примеру, общая сумма, поступившая от СПК за 2024 год составила чуть менее 0,5 млрд тенге, что почти в 4 раза меньше, чем по итогам 2023 года.

Аудиторы отметили, что СПК зачастую участвуют в сугубо коммерческих проектах через оказание поддержки отдельным предпринимателям.

🔵Так, в СПК «Ертіс» под видом инвестпроектов реализуют коммерческое жилищное строительство на 16,6 млрд тенге, где аудитом установлены нарушения на 3,3 млрд тенге.

🔵СПК «Aqjaiyq» под реализацию заявленных инвестпроектов переданы земельные участки, которые в итоге либо не освоены, либо переориентированы на другие коммерческие цели.

🔵СПК «Актобе» за последние 3 года выделен кредит на расширение производства одной единственной частной компании. Суммарно она получила займ и субсидии от государства на общую сумму 11,2 млрд тенге. При этом для одобрения кредита в состав Комиссии по отбору проектов было допущено лицо, аффилированное с данной фирмой, а само кредитование осуществлялось с нарушениями и без твердого залогового обеспечения.

🔵В СПК «Семей» проекты отбираются без должной оценки и анализа рисков ради быстрого освоения средств.

Контрольные осмотры стабилизационных фондов в ходе аудита показали ненадлежащие условия хранения продуктов, ограниченный ассортимент, а также формирование стабфондов товарами, не пользующимися спросом.

Неэффективность СПК в управлении региональными стабилизационными фондами, торгово-закупочной деятельности и кредитовании предпринимателей по «оборотной схеме» делают их неспособными влиять на стабилизацию цен на продовольствие.

В целом госаудит выявил:

🔵финансовые нарушения на 138 млрд тенге;

🔵неэффективное планирование – на 14,5 млрд тенге;

🔵неэффективное использование бюджетных средств и активов – на 33,6 млрд тенге.

Материалы по 14 фактам планируется передать в правоохранительные органы.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палатада Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит аяқталды. Аудит…
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар лауазымды адамы жауаптылыққа тартылды
 
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының, сондай-ақ жекелеген қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жоғары аудиторлық палата биыл қазан айында Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанын тексерді. Нәтижесінде заңнама, бюджет нормалары және ішкі регламенттеуші құжаттарды орындауда бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты өңір әкіміне, сондай-ақ Петропавл және Сергеевка қалаларының, Айыртау, Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарының басшылығына бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту тапсырылды.

📌Нәтижесінде мына қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды:

🔵Айыртау ауданының әкімі;
🔵Петропавл қаласы әкімінің орынбасары;
🔵Сергеевка қаласы әкімінің орынбасары;
🔵облыс әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары;
🔵облыс әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
🔵облыс әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
🔵Петропавл қаласы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі;
🔵Тайынша ауданы әкімдігінің Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
🔵Айыртау және Уалиханов аудандары әкімдіктерінің Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушілері;
🔵Ақжар ауданы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша СҚО-да мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау да көзделген.

Аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар лауазымды адамы жауаптылыққа тартылды   Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының, сондай-ақ жекелеген қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары…
Ряд должностных лиц привлекли к ответственности после аудита ВАП в Северо-Казахстанской области

Должностные лица аппарата акима Северо-Казахстанской области, а также аппаратов акимов отдельных городов и районов привлечены к дисциплинарной ответственности по результатам государственного аудита. Меры приняты по поручению Высшей аудиторской палаты.

В октябре текущего года ВАП проверила, насколько эффективно используются бюджетные средства и активы государства, выделенные Северо-Казахстанской области. В результате был обнаружен ряд нарушений законодательства, бюджетных норм и внутренних регламентирующих документов.

В этой связи акиму региона, а также руководству городов Петропавловска и Сергеевки, Айыртауского, Уалихановского, Акжарского и Тайыншинского районов было поручено рассмотреть ответственность должностных лиц, допустивших нарушения.

📌В результате к различным мерам дисциплинарной ответственности привлечены:

🔵аким Айыртауского района;
🔵заместитель акима города Петропавловска;
🔵заместитель акима города Сергеевка;
🔵заместитель руководителя Управления строительства, архитектуры и градостроительства акимата области;
🔵заместитель руководителя Управления здравоохранения акимата области;
🔵заместитель руководителя Управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата области;
🔵заведующий сектором Отдела строительства, архитектуры и градостроительства акимата города Петропавловска;
🔵руководитель Отдела архитектуры, строительства, ЖКХ, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акиматов Тайыншинского района;
🔵заведующие секторами Отдела архитектуры, строительства, ЖКХ, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акиматов Айыртауского и Уалихановского районов;
🔵и. о. руководителя Отдела ЖКХ, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Акжарского района.

Кроме того, по поручению ВАП в СКО разработан план мероприятий по устранению нарушений, выявленных в ходе госаудита. Он также предусматривает паспортизацию автомобильных дорог областного значения.

Работа по исполнению других поручений по итогам проведенного аудита остается на контроле.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/12/03 23:51:09
Back to Top
HTML Embed Code: