Telegram Group Search
Forwarded from Комитет - 300 | 45+☺️ (Yerlan Ospan)
Прессек Әміржан Қосан дейді. Ақпар шылқыған өтірік, нағыз өсек; "Магнумде" таразыға кезекте тұрғанда естідім, айтқандардың кескіндерін ұмытып қалдым, тіпті жыныстары да есімде жоқ.
Негізі норм идея болар ед Касановты әкелгені 🤔
#вакансия #алматы
Каналымның шаңын қағып-қағып жіберіп, іздеу салайын деп ем.
Әлеуметтік салада істейтін ұйымның баспасөз қызметіне маман іздеп отырған жайымыз бар.
Біздегі талап аз болса да, қатты:
- қазақша сөйлеп, жаза білгені және онысы асқан сауатты болуы - ең басты шарт
- орысша білуі маңызды емес, түсініп, ауызша тілдесе алса жеткілікті, бірақ қандай да бір шет тілін меңгергенін тым құп көреміз
- андай-мындай артық-шатақ мінезін үйде тастап кете алуы – тамаша қабілет деп қабылдаймыз
- құжаттармен жұмыс істеген тәжірибесі керемет плюс, ондайды өмірімде көрмегем десе – өзім үйретем
- шамалы айфонмен видео түсіріп, монтаждай білсе тіпті жақсы, негізі мобилографымыз бар, бірақ ол жоқ кезде кәдімгідей шиқылдап қаламыз, соның орнын анда-санда жоқтатпай отырса болар еді. Су жаңа айфон бар, уайымдамаңыз, тілін білсеңіз соның өзі ғанибет
- бөлімнің майда-шүйде жұмысы бітпейді жалпы, басқа да тапсырмаларды орындауға тура келеді кейде ) бірақ мұрын қанататын ештеңе жоқ
- жұмыс офисте, онлайн істеуге болмайды. Қарастырмаймыз и точка. А то білем, қазір басталады, андай едім, мындай едім, қаскелең-талғар-аягөзде тұратын ем деген әңгімелер.

Қорқынышты бөлігі бітті, енді приятты жағын айтайын:
- аса лоял, ұйымшыл ұжымбыз, креативіміз екі вагон
- шай-кофеге ақша жинамаймыз, бастық өзі әпереді, кофеварка тұр
- 15-20 мин мызғып алам десе, пуфигымыз бар, марқабат, тек фанатизмсіз) жұмысқа ұйықтауға келмейміз
- офис қаланың орталық бөлігіндегі әсем жерде орналасқан
- түнеп істеу, демалыста шығу жоғынан, тапсырмалар түгел орындалып, шаруа бітсе, ертерек қайтуға болады, кептеліс басталмай тұрып
- бастық примерно алтыннан жасалған, кейде тым еркелеп кетсек жынымызды қағып алады, а так өзінен өзі кеп тиіспейді. Инфа – сотка. Жоқ, бастық мен емес.

Ал енді резюмені менің жекеме тастай берің. Болмашы бір тест тапсырма беруім мүмкін, бермеуім де мүмкін – көреміз 🙂
Емейл сұрамаңдар, осында жекеге жіберген дұрыс, әйтпесе телеграмы жоқ адамдарға күдікпен қарайм. Ойын жинақтап, бірден өзін таныстырып, резюмесін жібере қойғандар бірден шорт-листке өтеді – сәлем деп алып, екі күн жауабымды тосып отырмай, бірден шаруаға өтіп, басқаның уақытын бағалай алатындарға ықыласым ерекше 🍷
Кандидаттың жасына талап жоқ, бірақ иерархия бойынша төмендеу сатыдағы позиция болғандықтан және жалақы мөлшері мұнайгаздағыдай еместігі себебінен, ұсынысымыз тәуір командада тәжірибе іздеген жастарға лайықтау шығар. Шіли көп ақша емес, бірақ жол-пұлын, шамалы арендасын төлеп, айына 1-2 рет кафеге баруға точно жетеді.
А, иә, медицина саласында істейтін ұйым бұл 🧑🏽‍⚕👨‍⚕👩🏻‍⚕
Ал байланысқа шыға берің 🤓
👍14🔥41
Потенциальным рекламодателям
Я не размещаю рекламу в канале. Ни за деньги, ни за ответку в виде рекламного поста. Прайса нет и не будет.
Любая реклама в этом канале – личная рекомендация автора.
Вы можете рассказать о себе и рекламируемом продукте, а я решу, нравится мне он и нужен ли моим подписчикам, стоит ли это рекомендовать.
Просьба вообще учитывать, что канал авторский, ведется только на казахском, прежде чем мне писать, имейте ввиду, пожалуйста, два этих важных нюанса.
Нет, мне неинтересны межредакционные коллаборации.
👍111
PR туралы pinned «Потенциальным рекламодателям Я не размещаю рекламу в канале. Ни за деньги, ни за ответку в виде рекламного поста. Прайса нет и не будет. Любая реклама в этом канале – личная рекомендация автора. Вы можете рассказать о себе и рекламируемом продукте, а я решу…»
Кешіріңдер, жарнама беру қанша тұрады деп сұраушылар қаптап кетті. Біреу осы өлмелі каналды эксел базасына қосып қойған ғой дейм, енді ол эксел кім көрінгеннің лаптобында жүрген сияқты. Ктулхудың құтты күні біреу жазады, шамалы збмды шығарып жіберді.
😁13
Қаззақ әйелдері люббой мамандықты спаккойна меңгеріп алып, шаруаны қатырып жібереді деген сыңайдағы әсер бергісі келген шығар бұл загпен.
Бірақ сантехник мемлекеттегі екінші адамға, диплом алмақ түгіл, мектепті әзер бітіргендер партия немесе медиахолдинг басшысына айналатын елде мұндай тақырыпқа жоламаған дұрыс.
#имидж #prмаразм
👍13
Forwarded from Комитет - 300 | 45+☺️
#ЖаппайСауатАшу #ChatGPT

ChatGPT жақында Word-та тере білу сияқты екінші сауат болады. Оның үстіне, кім ертерек өз кәсібіне лайықтап чатбот тәрбиелейді — жұмыста соның ұпайы артық болмақ.
Жұрт ChatGPT-мен не істеп жатыр? Мен көрген/қатысқан чатботтар: корректор, үй сатуға байланысты роликтерге сценарийлер генераторы, кәдімгі мәліметтер қоры(!), тақырыптық анықтамалық жүйе, журналистік зерттеуге қатысты "ақылды дәптер", жеке шаруалардың органайзері, т.с.с. 40 шақты чатбот.

Бұлардың кейбіріне арналған арнайы қосымшалар бар, бірақ сенсеңіз — адамның өзіне лайықтап жасап алған чатботқа жетпейді. Сіз де жасап үйреніңіз.

1 шілдеде ChatGPT курсын бастаймын. Ақысы — 3 000 (үш мың) теңге.

WhatsApp/Telegram: +7 777 619 65 90,

Ерлан Оспан.
👍3
Меммекемеде ғана емес, много где так.
Басқа жағынан, жеке шекараны әу бастан нетіп алу керек еді ғой, туалеттен де жауап беріп, ырбыңдатпай.
Никто не сдохнет, пока ты поср"шь спокойно полчаса или поспишь 6 часов ночью. Өртеніп жатса и так оятып алады, а так шли күнде емес пожар.
Прессектерді андай.. нете бермеңдерш 🙂 Обычный жұмыс бәрі істеп жүрген.
Әлде Данияр прикол ұстап отыр ма))
#prпікір
8👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Камала Харристың кампаниясына базар жоқ. Сайлауалды үндеулері тиктокты жарып жатыр. Демократтардың медианы, оның ішінде сауық медианы ұтымды пайдаланатынына кәдімгідей шок болам ше әркез. Сосын есіме әлгі назрдың қоянбайдың эфиріне келгені еске түсіп кетед те, гишпански стыд пен кринждан әлі күнге дейін тітіркене берем.
The future is female ©
🔥5
Forwarded from The Tech
Мечтаете о карьере в медиа-технологиях? Узнайте о лучших профессиях, вузах и полезных ресурсах, чтобы двигаться к своей цели.

Подробнее читайте по ссылке.🔥

Больше на @thetechkz
👍1
#вакансия #астана
Ищем главного менеджера по коммуникациям для работы в национальной компании. Работа в Астане, полный рабочий день с 9:00 до 18:30, обед с 13:00 до 14:30, график 5/2.


Требования:
Образование: Высшее профессиональное (менеджмент, управление персоналом, экономика, социология, политология, психология, филология, журналистика, юриспруденция, международные отношения, переводческое дело).
Опыт работы: Не менее 4 лет в соответствующей сфере.
Навыки: Свободное владение русским и казахским языками, отличные навыки копирайтинга.
Знания: Работа с аналитическими текстами, умение перерабатывать большие и сложные объемы информации.
Приветствуется, но некритично: Зарубежное образование, знание английского языка, опыт в журналистике и продвижении медийных проектов.
Зарплата: От 500 000 тенге.

Мы предлагаем медицинскую страховку и полный социальный пакет от компании. Если у вас есть опыт в копирайтинге и желание работать в динамичной среде, ждем вас в нашей команде!

Резюме на адрес [email protected]
👍1
#вакансия
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы маңызды кампанияның насихатымен айналысатын PR маманын іздеп жатыр.
Резюме қыркүйектің 1-іне дейін [email protected] мейлына қабылданады.
Жеке маман боп та, ұйым/агенттік боп та қатысуға болады.
Не, каналға жазуды жалғастырайын ба?
Anonymous Poll
92%
Жазшиш зайп
8%
Демалш
#вакансия #алматы
Қазақстандағы Internews өкілдігі CAIIA және GLIMMER бағдарламаларының қазақша коммуникация жөніндегі маман іздеп жатыр.
Қазақша коммуникация жөніндегі маман Internews жобаларын іске асыруды онлайн коммуникация арқылы қолдап, қазақ тілінде контент жасайды, мақала жазып, шағын видео дайындайды. Аймақтық коммуникация жөніндегі маманмен бірге коммуникация стратегиясын және контент-жоспарды қазақ тіліндегі аудиторияға бейімдеп, бағдарламалар туралы ақпаратты қазақ тілінде таратады.
Қызметкердің міндеттері мен қойылатын талаптар сайтта жарияланған
https://kk.internews.kz/2024/10/10/internews-jymyna-aza-sha-kommunikatsiya-zh-nindegi-maman-azhet/
Резюмеңізді ілеспе хатпен қосып 2024 жылғы 20 қазан, сағат 20:00-ге дейін [email protected] электронды поштасына жіберіңіз.
👍21
#вакансия #алматы
Есемем жұмысын қарастырып жүргендер болса, срочты ваканцыя бар)
Удалёнка емес. Қазақша/орысша міндетті. Мұрын қанататын жұмыс емес, фотошоп білу керек. Қалғанын үйретіп алады.
Тез-тез резюме тастаңдар жекеме.
https://hh.kz/vacancy/108241490
Мынандай сұрақ туындады:
Корпорацияда істейтін PR қызметкерлер қызметінде қай заңдарды негізге/басшылыққа алады?
Мысалы, PR бөлімінің стандарт ережесінде "Жарнама туралы" және "Масс-медиа туралы" заңдар аясында жұмыс істейді деп көрсетіледі ғой.
Меніңше, жарнама мен масс-медиа туралы заңдардың пярға қатысы тіке емес. Сонымен бірге, PR бөлім тек ол заң емес, басқа көп заңға қаттырақ бағынатын сияқты. Алдымен жұмысберушісінің саласын реттейтін заң, құпиялар туралы, өтініштерді қарау туралы заңдар, кәсіпкерлік кодексі, одан қалды әкімшілік кодекс, қылмыс кодексі бар.
Бірақ сендердің компанияларыңдағы PR бөлім туралы ережеде осы заңдар толығымен көрсетілген бе? Немесе қай заңдар аясында жұмыс істейсіңдер тағы?
Негізі құжаттағы осы бір бөлігін ғана суретке түсіріп немесе жай әріппен тізіп, жекеме көрсетсеңдер күшті болар еді, компанияны атап қажет емес.
Иә, иә, ереже жазып отрм өзіме. Кейін осы туралы пост та жазармын.
Қазір құрылыс компаниясында істеп жүрмін ғой, сондықтан пиар-ізденісімнің фокусы шамалы сол тақырыпқа ойысты.
Ресейлік инстапаблик бар СловоДна деген. А101 құрылыс компаниясымен жасаған коллабы ұнады.
#креатив
https://www.group-telegram.com/gk_a101/12596
👍2
Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.

Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.

Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.

Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.

Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.

Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.

Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.

Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.
19💔4🔥2
2025/08/20 19:01:58
Back to Top
HTML Embed Code: