Telegram Group Search
ТРК Президента
🇰🇿🇮🇹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони Астана халықаралық форумының арнайы сессиясына қатысты. Италия Премьер-министрі геосаяси жағдай мен өңірлік ынтымақтастық жөнінде сөз сөйледі. @ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇹Джорджа Мелони Астана халықаралық форумында Қазақстанға алғашқы ресми сапарының маңыздылығын атап өтті

– Мен бұл сапардың жай ғана хаттама үшін жасалмағанын айтқым келеді. Сондықтан аса мазмұнды сапар деп санаймын. Біз халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нақты қадамдармен бекемдеп, көптеген салада стратегиялық ынтымақтастық орнаттық, деді Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🖋Энергетика, су ресурстары, қазба байлықтар: Қазақстан Италиямен қандай келісімдерге келді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿⚜️Джорджа Мелониге қазақы құрмет көрсетілді

@ptrkkz
🇰🇿🤝Біздің Президент меймандармен

@ptrkkz
🇰🇿⚡️Бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті: Президент маңызды не айтты?

– Әлемдік аренада жасампаз күн тәртібін ілгерілете отырып, Орталық Азия халықаралық қатынастың ықпалды субъектісі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді

– Әлемнің негізгі экономикалық полюстері арасындағы тарифтік қақтығыстың салдары барлық ел үшін ауыр болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұрын жолға қойылған сауда-экономикалық байланыстарды сақтап қалумен бірге, оны нығайтуға күш салу да өте маңызды

– Қазақстан Италияға жалпы құны 1 миллиард долларға жуықтайтын тауардың 100-ден аса түрі бойынша экспорт көлемін арттыруға дайын

– Орталық Азия елдері Еуропаға өздерінің агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізуде мол әлеуетке ие деп санайды

– Былтыр Қазақстаннан Италия нарығына жеткен мұнай көлемі 30 миллион тоннадан асты. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 27 пайызға артық

– Қазақстандық зауыттардың бірінде италиялық ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жолға қойылған. Бұдан бөлек, Италия компанияларының қатысуымен күкірт қышқылын өндіретін және газ өңдеу зауыттарының құрылысы басталды

– Қазіргі уақытта Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады. Біз жастарымыздың үздік университеттерде оқуына мүмкіндік жасағаны және грант пен шәкіртақы ұсынғаны үшін Италия Үкіметіне алғыс айтамыз

– Италияның техникалық ЖОО-ларын Қазақстанда филиалдарын ашуға шақырамын. Біз қазір инженерлік-техникалық білімге ерекше мән береміз.

@ptrkkz
🇮🇹🔁Қазақстан Италияға экспорттайтын тауар көлемін арттыруға дайын

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎓Қазіргі уақытта Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады – Президент

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿✈️🇮🇹Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді елорда әуежайынан шығарып салды

@ptrkkz
2025/05/30 16:38:45
Back to Top
HTML Embed Code: