group-telegram.com/aimagambetov/1314
Last Update:
Өткен аптада біз Денсаулық сақтау министріне ата-аналар көтерген бір маңызды мәселені жолдадық.
Ұсыныс - ұл балаларды адамның папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы ерікті түрде вакцинациялау бағдарламасына қосу туралы.
Қазір Қазақстанда қыз балалар бұл екпені тегін ала алады. Бұл - өте маңызды әрі мыңдаған өмірді сақтап қалатын шешім.
Енді осы тәжірибені кеңейтіп, ұлдарға да өз қалауы бойынша мүмкіндік беруді ұсындық.
ВПЧ - тек «әйел вирусы» емес. Бұл вирус жатыр мойны қатерлі ісігін ғана емес, жұтқыншақ, ауыз қуысы, тік ішек ісіктеріне де себепші болуы мүмкін, соның ішінде ер адамдарда да.
Көптеген елдерде ұл балалар да қыздармен бірге вакцина алып жүр. Біз де осы қадамды жасауды ұсынамыз - ерікті, өз қалауы бойынша, бірақ қолжетімді етіп.
Қазір бұл вакцинаны дәріханалардан табу қиын. Сондықтан мемлекет тарапынан оны алу мүмкіндігін жасау - жақсы қадам.
Министрлік бұл ұсынысты қолдайды деп сенеміз. Себебі ұлдар да — қауіп тобында. Олардың денсаулығы да назарда болуы тиіс.
BY AIMAGAMBETOV

Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1314