group-telegram.com/dalainside/2083
Create:
Last Update:
Last Update:
🇺🇲🛢️Кемінде 30%. Қазақстан бейресми каналдар арқылы Шевронға сигнал жіберді
2033 жылы Теңіз мұнай кеніші бойынша Қазақстан мен Шеврон арасындағы 40 жылдық ғасыр контракты аяқталады. Келісімді созу, созбау бойынша келіссөздер 2028 жылы басталмақ. Себебі, қазір жұмыс істеп тұрған келісім бойынша тараптар контракт бітуге кемінде үш жыл қалғанда нақты бір шешім қабылдап, ары қарай не істейтіндерін біліп отыруы тиіс.
"Қазақстан Теңіз кенішіндегі үлесін қазіргі 20 пайыздан 30 пайызға дейін өсіргісі келеді. Егер Шеврон оған келіссе, онда Қазақстан контрактты ұзартуға кет әрі емес. Шеврон басшылығына осындай сигналдар жіберілді. Шеврон әрине Қазақстанның мұндай талап қоярын алдын-ала болжағаны анық. Олар не келіседі, не АҚШ билігі, Конгрессі арқылы Ақордаға қысым көрсетіп саудаласуы мүмкін. Меніңше Шеврон өз үлесін қазіргі 50 пайыздан төмендетуге бармайды. Ол Лукойл мен ExxonMobil үлестерін сатып алып, Қазақстанға сол үлестерді ұсынуды қарастыратын сияқты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Қазақстандағы Теңіз кен орны Chevron компаниясына оның әлемдік дәлелденген мұнай қорының шамамен 23%-ын береді. Теңіз сияқты алпауыт кеніштер ұзақ уақыт бойы жоғары өндіріс деңгейін ұстап тұра алады. Шевронның мұнай қорының шамамен тең жартысы АҚШ-та орын тепкен. Ол негізінен сланц бассейндерінде орналасқан. Ал сланцтың игеру мерзімі тым қысқа. Мысалы, 7-9 жылдан кейін сланц кеніші қысымды ұстамай, мұнай бермей қояды.
Сонымен қатар, Шеврон Қарашығанақта да үлес ұстап отыр. Ол жердегі лицензиясы 2037 жылға дейін жарамды. Егер Chevron Теңізден айырылса, компанияның болашағы үлкен күмән тудырады. Демек, Теңіз бойынша келісім-шарт ұзармаса, биржаларда Шеврон акциялары құлап, компания қиын жағдайда қалатыны анық. Алпауыттың қазіргі басшысы Майкл Уирт осы мәселені басты назарына алып, келісімді созу бойынша барлық рычагтарды іске қоса бастады.
Қазір Теңіз кенішін игеріп жатқан Теңізшевройл бірлескен кәсіпорнында Шеврон 50%, ExxonMobil - 25%, Қазақстан - 20% және Лукойл 5% үлеске ие.
Шевронға әділдік бойынша кінә жоқ. Әу баста ТШО 50 де 50 болып, Шеврон мен Қазақстан арасында қылдай тең бөлінген болатын. Бірақ 1994-1996 жылдары Қазақстан өз үлесінің жартысын (ТШО-ның 25 пайыз үлесін) бір миллиард долларға ExxonMobil-ға сатып жіберді. Уақыт көрсеткендей бұл ең қате және Назарбаевтың коррупциялық шешімі болды. ExxonMobil 30 жылда осы келісімнен 50 миллиард доллар пайда алған. Кезінде сатпағанда 50 миллиард доллар Қазақстанда қалар еді.
Chevron таяуда жаңа қаржылық стратегиясын қабылдаған болатын. Оған сай корпорация Қазақстан, АҚШ және Мексика шығанағында мұнай өндіруді кеңейту арқылы өзінің еркін ақша көлемін (FCF) 6–8 миллиард долларға арттыруды жоспарлап отыр. Және кемінде 4-5 миллиард долларға шығындарды қысқартпақ. Осы қысқарту оның пайда әкелмей жатқан активтеріне қатысты жүретін болады.
Демек, Шеврон өзінің стратегиясы мен қаржылық болашағын Теңіз кенішіне толық байлап отыр. Сол себепті, Қазақстаннан кетпеу үшін тіпті Tomahawk қолдануға дейін барлық мүмкін лоббиін қосатын болады.
https://www.group-telegram.com/us/dalainside.com
BY DALA INSIDE
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/dalainside/2083