Telegram Group & Telegram Channel
ӘУЕЖАЙ МЕН ҰШАҚТА ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ САЛДАРЫ

Әуе тасымалы – жоғары жауапкершілік аймағы, және ондағы әр жолаушының қауіпсіздігі ережелерді қатаң сақтауға тікелей байланысты. Әуежай – күн сайын мыңдаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысан, сондықтан мұндағы тәртіп бұзушылықтарға мүлдем жол берілмейді.

Деструктивті жолаушылар – бұл өз әрекеттерімен мінез-құлық пен қауіпсіздік ережелерін бұзып, айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ әуекомпанияға немесе әуежайға залал келтіретін тұлғалар.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) деструктивті жолаушыларды төрт деңгейге бөледі:

• 1-деңгей — мінез-құлық ережелерін сақтамау немесе бұзу, оның ішінде алкогольдік не есірткілік масаң күйде болу, ұшақ ішінде шылым шегу, балағаттау;
• 2-деңгей — күш қолдану, мүлікке зиян келтіру немесе қызметкерлерге не экипажға қарсы агрессия;
• 3-деңгей — өмірге қауіп төндіретін әрекеттер, соның ішінде қару қолдану;
• 4-деңгей — аса қауіпті жағдайлар: ұшқыштар кабинасына баса-көктеп кіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және басқа да әрекеттер.

Әуекомпания деструктивті мінез-құлық танытқан жағдайда жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

Мұндай іс-әрекеттер жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіріп, мәжбүрлі қонуға, рейстер кестесінің бұзылуына және ұйымға да, жолаушыларға да айтарлықтай қаржылық шығындар әкелуі мүмкін. Қазақстанда олар құқық бұзушылық немесе қылмыс ретінде қарастырылады және әкімшілік айыппұлдардан бастап қылмыстық жауапкершілікке, бостандығынан айыруға дейінгі ауыр заңды салдарға әкеледі.

Әуекомпания деструктивті жолаушыларға қандай шара қолданады?

• Әуежайда әуекомпания қызметкерлері қажетті құжаттарды толтырып, жолаушыны әуежайдағы полиция бөлімшесіне тапсырады.
• Ұшақта экипаж құқық бұзушылықты тіркеп, қонғаннан кейін жолаушыны полиция бөлімшесіне тапсырады.
• Егер жолаушы әуе қауіпсіздігіне жоғары қауіп төндіруді жалғастырған жағдайда, әуе кемесінің командирі мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдай алады.
• Компания әуекомпания қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау және келтірілген материалдық шығынды өндіру үшін сот ісін қозғауға құқылы.

Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жауапкершілік

• Бұзақылық, полиция қызметкерлеріне бағынбау, ұшақта шылым шегу үшін – айыппұлдар мен қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
• Қауіп туралы жалған хабарламалар (мысалы, бомба немесеқару жайлы) үшін – ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Еңауыр жаза – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
• Экипажға шабуыл жасау немесе әуе қауіпсіздігіне қауіп төндіру – ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеледі, оның ішінде бас бостандығынан айыру да қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану жәнеавиация қызметі туралы» Заңына сәйкес, әуекомпания әуе тасымалы шектелген жолаушылардың тізімін жүргізеді. Бұл тізімге борттағы мінез-құлық ережелерін бұзу арқылы қауіпсіздікке қатер төндіргендер енгізіледі. Мұндай жолаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жауапқа тартылады. Реестрге енгізу негіздері «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңында толық
баяндалған.

Рейсті орындау барысында ұшқыштарды лазермен соқыр қылу жағдайлары да деструктивті әркеттер қатарына жатады.

Мұндай әрекеттер, әсіресе, ұшып-қону кезінде жолаушылардың, экипаждың және әуе кемесінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Лазер сәулесі экипажды уақытша соқыр қылып, бағдарынан жаңылдыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес, әдейі лазерлік құрылғы арқылы ұшқышты соқыр қылу қылмыс болып саналады және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін.

FlyArystan өз қызметкерлері мен жолаушыларына қатысты кез келген агрессияға, зорлық-зомбылыққа және қауіпсіздік ережелерін бұзуға төзімділік көрсетпеу саясатын ұстанады. Әуекомпания барлық жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қызметкерлерге және басқа да жолаушыларға құрметпен қарауға шақырады.

group-telegram.com/flyarystan_inform/581
Create:
Last Update:

BY FlyArystan info

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/flyarystan_inform/581

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Update March 8, 2022: EFF has clarified that Channels and Groups are not fully encrypted, end-to-end, updated our post to link to Telegram’s FAQ for Cloud and Secret chats, updated to clarify that auto-delete is available for group and channel admins, and added some additional links. The fake Zelenskiy account reached 20,000 followers on Telegram before it was shut down, a remedial action that experts say is all too rare. "The result is on this photo: fiery 'greetings' to the invaders," the Security Service of Ukraine wrote alongside a photo showing several military vehicles among plumes of black smoke. Artem Kliuchnikov and his family fled Ukraine just days before the Russian invasion. Official government accounts have also spread fake fact checks. An official Twitter account for the Russia diplomatic mission in Geneva shared a fake debunking video claiming without evidence that "Western and Ukrainian media are creating thousands of fake news on Russia every day." The video, which has amassed almost 30,000 views, offered a "how-to" spot misinformation.
from us

Telegram FlyArystan info
FROM American