Telegram Group & Telegram Channel
🗡️ Кексельден кек қайтаратын кез келді

Антикордың экс басшысы (Ұлттық бюро) Талғат Татубаевтың ұсталуымен Нигматуллин-Қожамжаров кланы толықтай күйретіліп, өз өмірін тоқтатты. "Жаңа Қазақстан" сенатор Қайрат Қожамжаровтың алқымына бір табан жақындай түсті.

DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше "Парламенттегі өкілеттілігі біткеннен кейін Қайрат Пернешұлының өмірі қиындай түседі". Татубаевтың түрлі тапсырмаларын екі етпей, резонансті істердің шоқпар тергеушісі болған Олеся Кексель де жақын арада ұсталуы тиіс. Ол да азаптауға қатысты қылмыстық іс орбитасында жүр.

"Кексель көптеген ықпалды кландардың аяғын басқан адам. Оның істеген істерін ешкім ұмытқан жоқ. Шағын заң бұзушылықтары бар, айтарлықтай қателіктері бар, бәрі жіпке тізілуде. Көп адам тергеуге көмектескісі келеді. Кексельдің үстінен куәгер болғысы келетіндер аз емес", - дейді дереккөз.

Ал Татубаевті ардагер журналист Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды. Тіпті Назарбаев та президент кезінде Матаевты куғындауды құптамаған болатын. Бірақ Нұрлан Нигматуллин бой бермей қойған. Ақыры Татубаевтар әкелі-балалы Матаевтарды жазықсыз қудалап, түрмеге тоғытты. Матаевтар өз кінәсін мойындаған жоқ. Артынан оларды "Жаңа Қазақстан" толығымен ақтап шықты.

Белгілі журналист Әсет Матаев азаптау бабы бойынша ұсталған бұрынғы генерал Талғат Татубаевқа қатысты өзінің басынан өткен оқиғаны еске алып, фейсбукта жазба қалдырған. Оның сөзінше, 2016 жылы ол қаржы полициясы басшысының орынбасары Талғат Татубаевпен екі рет кездескен. Сол кезде финпол өкілі Матаевтар отбасына Қылмыстық кодекстің 65-бабы (кінәсін мойындап, шын өкінгені үшін жауапкершіліктен босату) бойынша кінәні мойындауды ұсынған.

«Сол кезде әкем екеумізге жалған айып тағылып жатқанын айттым. Логикалық аргументтерімді естігенде, оның көзі жыпылықтап кетті. Сол сәтте оның «заң адамы» емес, қарапайым көше адамы сияқты сөйлеп тұрғанын түсіндім. Әңгімесінің бар мазмұны – «жоғарыдан тапсырыс түсті, бәрібір түрмеге жабыласыңдар» дегенге сайды», – деп еске алады Әсет Матаев.

Журналистің айтуынша, сол іс бойынша бірнеше танымал тұлға – Жоғарғы соттың сол кездегі баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков (қазіргі Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары), «Қазақтелекомның» вице-президенті Маханбетажиев, Ақпарат комитетінің бұрынғы төрағасы Берсебаев секілді шенеуніктер қамауға алынған. Бірақ олар қысымға төтеп бере алмай, бір күн тергеу изоляторында отырған соң, қаржы полициясы қойған шарттарға келіскен.

«Олардың барлығы бір-бір күн тергеу изоляторында болып, бізге жала жабуға мәжбүр болды. Іс жүзінде билік пен финполдың талабына көнген адамдар еді. Олардың біразы Нұрлан Нығматулин, Бағлан Майлыбаев, Бауыржан Байбек, Асқар Жұмағалиев секілді тұлғаларға жақын адамдар болатын», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол Жоғарғы соттың сол кездегі баспасөз хатшысы Болат Кальянбековтің кейінірек белгілі құқық қорғаушы, «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калееваға хабарласып, Матаевтарды кінәні мойындауға көндіруін сұрағанын атап өтті. Матаевтың айтуынша, Кальянбековтың үстінен қозғалған іс 2021 жылы Қаңтар оқиғасының алдында жабылып қалған.

«Мен ол кезде отбасым мен жақындарымның қысымға ұшырағанына куә болдым. Әкемді қамауға алып, кейін маған телефон арқылы шығып, «ештеңеге уайымдама, іс жабылады, бәрі шикі екенін біледі» деп сендірді. Әрине, сөзіне тұрмады. Әкемді де, отбасымды да, қызметкерлерімізді де үкімге дейін қинады», – дейді ол.

Әсет Матаев әкесінің түрмеден шыққан соң, медиафорумда «Тенгриньюс» жетекшісі Батыр Қазыбаевтың келіп, кешірім сұрағанын да айтты. Қазыбаев ақпарат құралында Матаевтарға қарсы материалдар шығару туралы тапсырманы жоғарыдан алғанын мойындаған.

Журналист бұл жазбаны кек алу мақсатында емес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз болашағын ойлансын деген ниетпен жариялағанын атап өтті.

Татубаев өзі құруға көмектескен системаның құрбаны болды. Кексельді де, Қожамжаровты да осындай тағдыр күтіп тұр.

https://www.group-telegram.com/hk/dalainside.com
👍67👎1

group-telegram.com/dalainside/2052
Create:
Last Update:

BY DALA INSIDE

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/dalainside/2052

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Oh no. There’s a certain degree of myth-making around what exactly went on, so take everything that follows lightly. Telegram was originally launched as a side project by the Durov brothers, with Nikolai handling the coding and Pavel as CEO, while both were at VK. Telegram was co-founded by Pavel and Nikolai Durov, the brothers who had previously created VKontakte. VK is Russia’s equivalent of Facebook, a social network used for public and private messaging, audio and video sharing as well as online gaming. In January, SimpleWeb reported that VK was Russia’s fourth most-visited website, after Yandex, YouTube and Google’s Russian-language homepage. In 2016, Forbes’ Michael Solomon described Pavel Durov (pictured, below) as the “Mark Zuckerberg of Russia.” "Markets were cheering this economic recovery and return to strong economic growth, but the cheers will turn to tears if the inflation outbreak pushes businesses and consumers to the brink of recession," he added. He floated the idea of restricting the use of Telegram in Ukraine and Russia, a suggestion that was met with fierce opposition from users. Shortly after, Durov backed off the idea.
from hk

Telegram DALA INSIDE
FROM American