group-telegram.com/flyarystan_inform/601
Last Update:
FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді
Қазақстандық лоукостер FlyArystan бүгін Алматыда өткен Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру шарасы – Almaty Marathon қатысушыларына арнайы 30% жеңілдік қарастырылған промокод ұсынды. Аталған марафонға әлемнің 60 елінен келген 16 000 адам қатысты.
FlyArystan-ның марафонмен эксклюзивті серіктестігі еліміздің түрлі аймақтарынан қатысушыларға жарысқа қатысуға мүмкіндік берді. Әуекомпания ұсынған промокодты пайдалану деректері бойынша, Almaty Marathon-ға Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Семей, Өскемен және Орал қалаларынан спортшылар келген.
Жүгірушілерді алда 2025 жылғы 26 қазанда өтетін Turkistan Marathon күтуде. Бұл – FlyArystan-ның қатысушыларға жеңілдікпен ұшу мүмкіндігін қайта ұсынатын келесі ірі спорттық шарасы болмақ.
Арнайы промокод Almaty Marathon ұйымдастырушылары тарапынан тіркеуден өткеннен қатысушыларға кейін беріледі. Билеттерді жеңілдікпен www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе әуекомпанияның мобильді қосымшасынан төлем алдында промокодты енгізіп, рәсімдеуге болады.
FlyArystan-ның стандартты тиімді тарифі 5 кг дейінгі (56×23×36 см) бір дана қол жүгін және борттағы кездейсоқ орынды қамтиды. Әуекомпания жарыс басталатын және аяқталатын орында арнайы стенд орнатып, онда келушілер түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, әуебилеттер мен бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.
BY FlyArystan info
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/flyarystan_inform/601
