group-telegram.com/kmgpress/4870
Last Update:
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) Еуропадағы өңірлік вице-президенті Рафаэль Шварцманмен кездесті. Талқыланған мәселелер қатарында авиаотынмен қамтамасыз ету және декарбонизация саласындағы ынтымақтастық мәселелері бар.
Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының айналымдағы барлық авиаотын түрін сақтай отырып, ТС-1/РТ отын түрінен Jet A-1 отынына өту мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚМГ басшысы Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты 2020 жылдан бастап Jet A-1 маркасын шығаруға дайын екенін атап өтті. Оған қоса, Jet A-1 авиаотынын айналымға енгізу үшін елдегі әуежайлардан бастап мұнай базалары мен тасымалды қоса алғанда авиаотынмен қамтамасыз ету инфрақұрылымының толық дайындығы керек.
Келіссөз барысында Қазақстан қосылған Халықаралық авиация үшін көмірқышқыл газы шығарындыларын өтеу және азайту (CORSIA) мәселесі де талқыланды. А.Хасенов ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәлімдеп, көміртегі шығарындыларын азайту мен өтеудің барлық мүмкін схемаларын талқылауға дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру мүмкіндігі талқыланды. ҚМГ нарыққа талдау жүргізгені және авиатасымал саласының болашағы SAF отынын қолданумен тікелей байланысты деп есептейтіні атап өтілді.
Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар.
***
Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов встретился в Астане с региональным вице-президентом IATA в Европе Рафаэлем Шварцманом. Обсуждались вопросы сотрудничества в области авиатопливообеспечения и декарбонизации.
Особое внимание было уделено возможностям перехода нефтеперерабатывающих заводов РК с топлива ТС-1/РТ на Jet A-1 с сохранением обращения всех видов авиатоплива. Глава КМГ отметил, что с 2020 года три НПЗ в Казахстане готовы к выпуску Jet A-1. В то же время для обращения Jet A-1 в стране необходима готовность всей казахстанской инфраструктуры авиатопливообеспечения, включая аэропорты, нефтебазы и транспортировку.
Одной из ключевых тем переговоров стала схема компенсации и сокращения выбросов углерода для международной авиации (CORSIA), к которой Казахстан присоединился. А.Хасенов рассказал о ходе реализации Программы низкоуглеродного развития КМГ (ПНУР) на 2022-2031 годы и выразил готовность к обсуждению всех возможных схем компенсации и сокращения выбросов углерода.
Кроме того, обсуждалась возможность производства устойчивого авиационного топлива (SAF) в Казахстане. Было отмечено, что КМГ уже провел анализ рынка и считает, что будущее авиаперевозок напрямую связано с использованием SAF.
В завершение встречи Асхат Хасенов выразил благодарность Рафаэлю Шварцману и коллегам за совместную эффективную работу, выразив уверенность в успешной реализации намеченных планов.
Подробнее на нашем сайте.