group-telegram.com/ptrkkz/9488
Last Update:
1️⃣Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, сондай-ақ EDF, SUEZ, Sanofi компанияларының басшыларымен кездесті. Мемлекет басшысы Францияны ЕО аясындағы негізгі серіктес деп атап, екі ел арасындағы сауда мен инвестиция көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын айтты. Президент 17 келісімге қол қойылған қазақ-француз бизнес-форумының нәтижесін жоғары бағалап, уағдаластықтарды орындаудың маңызын ерекше атап өтті.
2️⃣БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруиді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби Тақ мұрагерімен өткен кездесуін жылы лебізбен еске алып, 5 млрд долларлық 20-дан астам келісімнің маңызын атап өтті. Тараптар тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту және қол қойылған келісімдерді іске асыру жолдарын талқылады.
3️⃣Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады. Кездесуде көші-қон саласындағы ынтымақтастық, мигранттардың құқығын қорғау және 2024–2028 жылдарға арналған стратегия аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
4️⃣Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрінің м.а. Нуриддин Азизиді қабылдады. Кездесуде сауда, көлік, агроөнеркәсіп, геология және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
5️⃣Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті. Президент Институтқа көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеуге және Аралды қалпына келтіру бағдарламасына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
6️⃣Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады. Мемлекет басшысы жасанды интеллектті дамыту, инфрақұрылым мен есептеу қуатын арттыруға инвестиция салу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Патрик Ворнкинг Қазақстанның цифрлық даму жетістіктерін жоғары бағалады.
@ptrkkz