Telegram Group & Telegram Channel
🧹🇰🇿 Саяси мемлекеттік қызмет реестры ұятты жанжалдардан тазаланбақ

Саяси мемлекеттік қызметкер саналатын тұлғалардың түрлі тұрмыстық, криминалды жанжалдардың кейіпкері болып жатқан фактілердің көбеюі Үкіметке ұнамай отыр. Ақпарат құралдары мен бүкіл қоғам талқылап жатқандықтан бұл Қазақстандағы ел басқару институтының беделіне айтарлықтай нұқсан келтіріп, күйе жағуда.

«Жабық есік жағдайында талқыланып жатыр. Бір облыс әкімінің заңсыз некеден туған баласына қатысты дау ұятты жағдай туғызды. Бір қалада әкімнің орынбасарына оқ атылып, оның соты қоғамда кеңінен талқылануда. Онда айтылып жатқан түрлі әңгімелер мемлекеттік басқару аппаратының имиджіне түрпідей тиді. Сондықтан бұл істің фигуранттарына саяси қызметтен өз еркімен кету опциясы ұсынылуы мүмкін. Оларды сәл төмен «А» корпусына ауыстыру ұсынысы да қаралуда», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Саяси мемлекеттік қызмет реестріне Қазақстандағы «А» корпусынан жоғары, мемлекетті басқарып тұрған ең ықпалды лауазымдар кіреді. Оның ішінде Премьер-Министр мен орынбасарларынан бастап, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен орынбасарлары да бар.

Расында да, соңғы уақытта қоғамда саяси басшылардың қызметі мен тиімділігі емес, олардың жеке өмірі, оқыс оқиғалары көбірек сөз болып кетті. Осы аптада сот бір шенеуікті некесіз туған баланың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді. Ал Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті мылтықпен атқан Ернар Жиембайдің соты Республика көлемінде талқылануда.

Дереккөздің айтуынша Парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарының арасында да бұрын істі болған, тергеу көзіне шалынған және әлдебір қылықтары әшкереленген адамдар көбейген.

«Қоғамда мемлекеттік аппарат жұмыс істемейді екен. Барлығы осындай екен» деген жағымсыз стереотип қалыптасуда. Президент әлі реакция білдірген жоқ. Бірақ Үкімет басшысы деңгейінде бақылауда екенін білемін. Қазіргі Премьер-Министр мұндай дүниелерге өте қатаң позициямен қарайды», - дейді, дереккөз.

Назарбаев дәуірінде саяси маусым күзден басталып, жаз айларында ешқандай шешім қабылданбаса, «Әділетті Қазақстан» заманында «саяси каникул» деген ұғым жойылды. Кадрлық шешімдер кез-келген уақытта, жаз болсын, қыс болсын, түн болсын, демалыс күні болсын қабылдана береді. Сондықтан жоғары биліктің реакциясы қыркүйек айына дейін пайда болуы мүмкін.

Алғашқы реакциялар да пайда бола бастады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметке қатысты өз пікірін білдіріп, "мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі", - деп мәлімдеді.

https://www.group-telegram.com/sg/dalainside.com
👍28😁6👎1

group-telegram.com/dalainside/2068
Create:
Last Update:

BY DALA INSIDE

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/dalainside/2068

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

The message was not authentic, with the real Zelenskiy soon denying the claim on his official Telegram channel, but the incident highlighted a major problem: disinformation quickly spreads unchecked on the encrypted app. The War on Fakes channel has repeatedly attempted to push conspiracies that footage from Ukraine is somehow being falsified. One post on the channel from February 24 claimed without evidence that a widely viewed photo of a Ukrainian woman injured in an airstrike in the city of Chuhuiv was doctored and that the woman was seen in a different photo days later without injuries. The post, which has over 600,000 views, also baselessly claimed that the woman's blood was actually makeup or grape juice. Perpetrators of such fraud use various marketing techniques to attract subscribers on their social media channels. Despite Telegram's origins, its approach to users' security has privacy advocates worried. Telegram Messenger Blocks Navalny Bot During Russian Election
from sg

Telegram DALA INSIDE
FROM American