Telegram Group & Telegram Channel
FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейс ашты

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылғы 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады. Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады.

Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10–24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді. Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.
Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті:

«Ақтаудан Дубайға әуе бағытының ашылуы FlyArystan-ның қолжетімді, соның ішінде халықаралық бағыттарды кеңейтуді мақсат еткен стратегиялық бағытын көрсетеді. Бүгінде әуекомпания Ақтаудан Кутаиси, Баку және Ыстамбұлға тұрақты рейстерді орындайды. Дубай қазақстандық саяхатшылар үшін әрдайым ең сұранысқа ие бағыттардың бірі, сондай-ақ, әлемнің жетекші туристік әрі іскерлік орталығы саналады. Біз жаңа бағыт түрлі санаттағы жолаушылар үшін тиімді шешім боларына сенімдіміз».

Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жолаушылар Ақтауға Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Астана және Орал қалаларынан FlyArystan рейстерімен жете алады. Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.

FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 5 кг-нан аспайтын (56×23×36 см) бір дана қол жүгі және борттағы кездейсоқ таңдалған орын кіреді. Әуебилеттері мен қосымша қызметтерді әуекомпанияның мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com сайты немесе өзге де ресми сату арналары арқылы сатып алуға болады.

group-telegram.com/flyarystan_inform/613
Create:
Last Update:

BY FlyArystan info

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/flyarystan_inform/613

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

As the war in Ukraine rages, the messaging app Telegram has emerged as the go-to place for unfiltered live war updates for both Ukrainian refugees and increasingly isolated Russians alike. In a statement, the regulator said the search and seizure operation was carried out against seven individuals and one corporate entity at multiple locations in Ahmedabad and Bhavnagar in Gujarat, Neemuch in Madhya Pradesh, Delhi, and Mumbai. Individual messages can be fully encrypted. But the user has to turn on that function. It's not automatic, as it is on Signal and WhatsApp. The regulator said it had received information that messages containing stock tips and other investment advice with respect to selected listed companies are being widely circulated through websites and social media platforms such as Telegram, Facebook, WhatsApp and Instagram. Perpetrators of such fraud use various marketing techniques to attract subscribers on their social media channels.
from sg

Telegram FlyArystan info
FROM American