Telegram Group & Telegram Channel
Қаржылық тәуелсіздікке қалай жетуге болады?

Кеше активтер мен пассивтер тақырыбын қозғаған болатынбыз, осы тұста қаржылық сауаттылық тақырыбын зерттеу барысында жақында оқып бітірген Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» бестселлер-кітабының негізгі ойымен бөлісуді жөн көрдік.

Алдымен активтер мен пассивтер бойынша анықтама бере кетейік (кітап бойынша):
Активтеркіріс әкелетін, тікелей қатысуыңызды қажет етпейтін әрі оңай сатылатын барлық қаржылық ресурстар. Мысалы: сіздің қатысуыңызсыз жұмыс істеп тұратын бизнес (егер сіз онда жұмыс істесеңіз, бұл актив емес, сіздің жұмысыңыз), өтімді жылжымайтын мүлік (жалға беру немесе қайта сату), акциялар, облигациялар, зияткерлік меншік пен аталған талаптарға сәйкес келетін барлық заттар.

Пассивтер – сіздің дәулетіңізді азайтатын әрі қаржылық шығындарды талап ететін міндеттемелер мен шығындар. Мысалы несиелер, ипотека, қарыздар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету құны жоғары автокөліктер мен жылжымайтын мүлік.

Бұл кітаптың негізгі ойы — қаржылық тәуелсіздікке жету үшін сіздің меншігіңіздегі активтер саны олардан түсетін пассивті кіріс сіздің барлық шығындарыңызды, соның ішінде осы пассивтерді сатып алуға жететіндей көлемде болуы керек.

Қарапайым тілмен айтқанда: егер 600 000₸ жинап, өзіңізге айфон сатып алсаңыз, қолыңызда 0 теңге мен қымбат телефон болады. Егер оны зақымдап алсаңыз, жөндеуге қайтадан жеке қаражатыңыздан бөлуге тура келеді. Егер сіз пассивті түрде айына 600 000₸ әкелетін актив жасасаңыз, онда айфон сатып алу сіздің капиталыңызды азайтпайды, себебі сіз оны жеке ақшаңызға емес, активтерден түскен сыйақыға сатып алдыңыз.

Яғни, сіз қымбат телефонды жөндеуге/үйді қалыпта ұстап тұруға/көлікке қызмет көрсетуге қанша ақша кететіні туралы алаңдамайсыз, себебі активтеріңіз бұл қажеттілікті жауып тұрады. Қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздік дегеніміз осы.

P.s: Роберт Кийосаки де жеке мүлікті пассив деп санайды, яғни жалдамалы пәтерде тұруды қолдайды, бірақ біз бұл тақырыпты кеше талқыладық.

#қаржылықсауаттылық | https://www.group-telegram.com/us/tiimdiqazaqstan.com
👍17🔥42👏2

group-telegram.com/tiimdiqazaqstan/564
Create:
Last Update:

BY Тиімді Қазақстан

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/tiimdiqazaqstan/564

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Again, in contrast to Facebook, Google and Twitter, Telegram's founder Pavel Durov runs his company in relative secrecy from Dubai. As such, the SC would like to remind investors to always exercise caution when evaluating investment opportunities, especially those promising unrealistically high returns with little or no risk. Investors should also never deposit money into someone’s personal bank account if instructed. "He has to start being more proactive and to find a real solution to this situation, not stay in standby without interfering. It's a very irresponsible position from the owner of Telegram," she said. Groups are also not fully encrypted, end-to-end. This includes private groups. Private groups cannot be seen by other Telegram users, but Telegram itself can see the groups and all of the communications that you have in them. All of the same risks and warnings about channels can be applied to groups. Telegram, which does little policing of its content, has also became a hub for Russian propaganda and misinformation. Many pro-Kremlin channels have become popular, alongside accounts of journalists and other independent observers.
from us

Telegram Тиімді Қазақстан
FROM American