group-telegram.com/gylym_jogary_bilim/7243
Last Update:
⚜ СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ IRIF-2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Сәтбаев Университеті мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) болашақ интернет-зертханасының бірлесіп ұйымдастыруымен iRIF-2024 Халықаралық инновациялық форумы өтті.
Форум тақырыбы «Жаңартылатын энергия көздері мен өнеркәсіптік интернет-технологиялардың интеграциясы» болды. Мұнда Қазақстаннан және басқа да елдерден жетекші сарапшылар, ғалымдар мен сала өкілдері жиналып, «жасыл» технологиялар, литий және заттардың өнеркәсіптік интернеті (IIoT) саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Форумды университеттің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, профессор Ержан Көлдеев ашып, Алматы қаласы өзінің бай тарихымен және болашаққа деген ұмтылысымен қатысушылардың кездесуіне, пікір алмасуына және болашақты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуіне тамаша мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
Толығырақ: facebook.com
BY ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Share with your friend now:
group-telegram.com/gylym_jogary_bilim/7243