group-telegram.com/caa_kaz/4461
Last Update:
Қазақстан ИКАО-ның «Қауіпсіз аспан» форумында авиациялық тәуекелдерді бағалауға деген көзқарасын таныстырды
Марокконың Марракеш қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен «Қауіпсіз аспан» консультативтік комитетінің (Safer Skies Consultative Committee, SSCC) демеушілігімен ұйымдастырылған Қақтығыс аймақтары арқылы ұшу тәуекелдері бойынша 4-ші халықаралық форум (Safer Skies Forum) өтті.
Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен авиациялық билік өкілдері, халықаралық ұйымдар, әуе компаниялар мен сарапшылар жиналып, геосаяси тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында өзекті мәселелерді талқылап, шешімдерді әзірледі.
Өңірлік тәсілдерге арналған сессия аясында Қазақстан «Risk Assessment for Civil Aviation Over and Near Conflict Zones: A Model for Kazakh Airlines» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында Орталық Азияның аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ИКАО ұсынымдарына (Doc 10084) негізделген Қазақстан әзірлеген авиациялық тәуекелдерді бағалау моделі ұсынылды. Қауіптерді талдау, визуализациялау және жіктеу үшін цифрлық құралдарды пайдалануға, сондай-ақ тәуекелдерді бағалауды ұшуды шектеудің әлеуметтік-экономикалық салдарын талдаумен біріктіруге ерекше назар аударылды.
Ұсынылған тәсіл форумға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және авиациялық тәуекелдерді бағалаудың өңірлік құралының перспективалық үлгісі ретінде аталды.
Қазақстанның форумға қатысуы авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жетекші мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасуға, ИКАО және SSCC арқылы одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін сарапшылық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді. Тәуекелдерді бағалаудың қазақстандық моделі қақтығыс аймақтарындағы тәуекелдерді бағалаудың тиімді және бейімделгіш құралы ретінде танылды.
BY КГА 🇰🇿
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/caa_kaz/4461