group-telegram.com/madenietaqparat/10783
Last Update:
🇰🇿🇧🇬«Қазақконцерт» әртістері Болгарияда өнер көрсетті
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солистері мен шығармашылық ұжымы Болгарияда өнер көрсетті. Музыкалық іс-шара София қаласыныі Sofia Balkan Palace сахнасында болды.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахметов, Ардақ Елеусіз, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс пен «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері белгілі қазақ композиторларының күйлерін орындап, қазақ мәдениеті мен өнерін көпшілікке паш етті.
Концерттік бағдарламада «Сарыарқа», «Ана туралы жыр», «Балбырауын», «Ата толғауы», «Адай», «Науысқы», «Кертолғау», «Аққу», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты шығармалар орындалды.
Мәдени шараны Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі ұйымдастырды.
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
***
🇰🇿🇧🇬«Қазақконцерт» выступил в Болгарии
Солисты и творческие коллективы Государственной академической концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой выступили с концертом в Болгарии.
Музыкальное мероприятие состоялось в Софии на сцене Sofia Balkan Palace.
Лауреаты республиканских и международных конкурсов Биржан Айтахметов, Ардак Елеусиз, Акерке Тажибаева, Венера Табыс и вокалисты Центра национального искусства «Халық қазынасы» исполнили кюи известных казахских композиторов.
В программу концерта были включены уникальные произведения «Сарыарқа», «Ана туралы жыр», «Балбырауын», «Ата толғауы», «Адай», «Науысқы», «Кертолғау», «Аққу», «Желсіз түнде жарық ай» и др.
Концерт организован посольством Казахстана в Болгарии.
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
BY Madeniet_aqparat_ministrligi

Share with your friend now:
group-telegram.com/madenietaqparat/10783