group-telegram.com/tiimdiqazaqstan/564
Last Update:
Қаржылық тәуелсіздікке қалай жетуге болады?
Кеше активтер мен пассивтер тақырыбын қозғаған болатынбыз, осы тұста қаржылық сауаттылық тақырыбын зерттеу барысында жақында оқып бітірген Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» бестселлер-кітабының негізгі ойымен бөлісуді жөн көрдік.
Алдымен активтер мен пассивтер бойынша анықтама бере кетейік (кітап бойынша):
• Активтер – кіріс әкелетін, тікелей қатысуыңызды қажет етпейтін әрі оңай сатылатын барлық қаржылық ресурстар. Мысалы: сіздің қатысуыңызсыз жұмыс істеп тұратын бизнес (егер сіз онда жұмыс істесеңіз, бұл актив емес, сіздің жұмысыңыз), өтімді жылжымайтын мүлік (жалға беру немесе қайта сату), акциялар, облигациялар, зияткерлік меншік пен аталған талаптарға сәйкес келетін барлық заттар.
• Пассивтер – сіздің дәулетіңізді азайтатын әрі қаржылық шығындарды талап ететін міндеттемелер мен шығындар. Мысалы несиелер, ипотека, қарыздар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету құны жоғары автокөліктер мен жылжымайтын мүлік.
Бұл кітаптың негізгі ойы — қаржылық тәуелсіздікке жету үшін сіздің меншігіңіздегі активтер саны олардан түсетін пассивті кіріс сіздің барлық шығындарыңызды, соның ішінде осы пассивтерді сатып алуға жететіндей көлемде болуы керек.
Қарапайым тілмен айтқанда: егер 600 000₸ жинап, өзіңізге айфон сатып алсаңыз, қолыңызда 0 теңге мен қымбат телефон болады. Егер оны зақымдап алсаңыз, жөндеуге қайтадан жеке қаражатыңыздан бөлуге тура келеді. Егер сіз пассивті түрде айына 600 000₸ әкелетін актив жасасаңыз, онда айфон сатып алу сіздің капиталыңызды азайтпайды, себебі сіз оны жеке ақшаңызға емес, активтерден түскен сыйақыға сатып алдыңыз.
Яғни, сіз қымбат телефонды жөндеуге/үйді қалыпта ұстап тұруға/көлікке қызмет көрсетуге қанша ақша кететіні туралы алаңдамайсыз, себебі активтеріңіз бұл қажеттілікті жауып тұрады. Қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздік дегеніміз осы.
P.s: Роберт Кийосаки де жеке мүлікті пассив деп санайды, яғни жалдамалы пәтерде тұруды қолдайды, бірақ біз бұл тақырыпты кеше талқыладық.
#қаржылықсауаттылық | https://www.group-telegram.com/hk/tiimdiqazaqstan.com
BY Тиімді Қазақстан
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/tiimdiqazaqstan/564