🧹🇰🇿 Саяси мемлекеттік қызмет реестры ұятты жанжалдардан тазаланбақ
Саяси мемлекеттік қызметкер саналатын тұлғалардың түрлі тұрмыстық, криминалды жанжалдардың кейіпкері болып жатқан фактілердің көбеюі Үкіметке ұнамай отыр. Ақпарат құралдары мен бүкіл қоғам талқылап жатқандықтан бұл Қазақстандағы ел басқару институтының беделіне айтарлықтай нұқсан келтіріп, күйе жағуда.
Расында да, соңғы уақытта қоғамда саяси басшылардың қызметі мен тиімділігі емес, олардың жеке өмірі, оқыс оқиғалары көбірек сөз болып кетті. Осы аптада сот бір шенеуікті некесіз туған баланың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді. Ал Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті мылтықпен атқан Ернар Жиембайдің соты Республика көлемінде талқылануда.
Дереккөздің айтуынша Парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарының арасында да бұрын істі болған, тергеу көзіне шалынған және әлдебір қылықтары әшкереленген адамдар көбейген.
Назарбаев дәуірінде саяси маусым күзден басталып, жаз айларында ешқандай шешім қабылданбаса, «Әділетті Қазақстан» заманында «саяси каникул» деген ұғым жойылды. Кадрлық шешімдер кез-келген уақытта, жаз болсын, қыс болсын, түн болсын, демалыс күні болсын қабылдана береді. Сондықтан жоғары биліктің реакциясы қыркүйек айына дейін пайда болуы мүмкін.
Алғашқы реакциялар да пайда бола бастады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметке қатысты өз пікірін білдіріп, "мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі", - деп мәлімдеді.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com

«Жабық есік жағдайында талқыланып жатыр. Бір облыс әкімінің заңсыз некеден туған баласына қатысты дау ұятты жағдай туғызды. Бір қалада әкімнің орынбасарына оқ атылып, оның соты қоғамда кеңінен талқылануда. Онда айтылып жатқан түрлі әңгімелер мемлекеттік басқару аппаратының имиджіне түрпідей тиді. Сондықтан бұл істің фигуранттарына саяси қызметтен өз еркімен кету опциясы ұсынылуы мүмкін. Оларды сәл төмен «А» корпусына ауыстыру ұсынысы да қаралуда», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Саяси мемлекеттік қызмет реестріне Қазақстандағы «А» корпусынан жоғары, мемлекетті басқарып тұрған ең ықпалды лауазымдар кіреді. Оның ішінде Премьер-Министр мен орынбасарларынан бастап, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен орынбасарлары да бар.
Расында да, соңғы уақытта қоғамда саяси басшылардың қызметі мен тиімділігі емес, олардың жеке өмірі, оқыс оқиғалары көбірек сөз болып кетті. Осы аптада сот бір шенеуікті некесіз туған баланың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді. Ал Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті мылтықпен атқан Ернар Жиембайдің соты Республика көлемінде талқылануда.
Дереккөздің айтуынша Парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарының арасында да бұрын істі болған, тергеу көзіне шалынған және әлдебір қылықтары әшкереленген адамдар көбейген.
«Қоғамда мемлекеттік аппарат жұмыс істемейді екен. Барлығы осындай екен» деген жағымсыз стереотип қалыптасуда. Президент әлі реакция білдірген жоқ. Бірақ Үкімет басшысы деңгейінде бақылауда екенін білемін. Қазіргі Премьер-Министр мұндай дүниелерге өте қатаң позициямен қарайды», - дейді, дереккөз.
Назарбаев дәуірінде саяси маусым күзден басталып, жаз айларында ешқандай шешім қабылданбаса, «Әділетті Қазақстан» заманында «саяси каникул» деген ұғым жойылды. Кадрлық шешімдер кез-келген уақытта, жаз болсын, қыс болсын, түн болсын, демалыс күні болсын қабылдана береді. Сондықтан жоғары биліктің реакциясы қыркүйек айына дейін пайда болуы мүмкін.
Алғашқы реакциялар да пайда бола бастады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметке қатысты өз пікірін білдіріп, "мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі", - деп мәлімдеді.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍28😁6👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚀 Марат Жыланбаев аттай шауып жүр
Біршама құқық қорғаушылар, оның ішінде Бақытжан Төреғожина бар - денсаулығы нашарлап, өлейін деп жатыр деген марафоншы Марат Жыланбаевтың денсаулығы да, көңіл-күйі де жаман емес сияқты.
Оның камерасында қажетті жағдай жасалған. Жыланбаев та ұзақ ғұмыр кешуге ниетті екенін байқатуда. Ендеше грант бенефициарлары жұртты не мақсатпен дүрліктіруде?
Марат Жыланбаев "Қазақстанда адам құқығы сақталмайды" деген желеумен түрлі қорлардан грант алуды жалғастырғысы келетін топтың ыңғайлы құралына айналған.

👎26👍15😁14💯5
🚕 Яндекс Такси сервисінде сапар құнының егжей-тегжейлі есебі пайда болды
Яндекс Go қолданбасында алдағы такси сапарының құны неден тұратынын білу мүмкіндігі пайда болды. Бағаның егжей-тегжейлі есебінде автомобильді беру құны, бағыт бойынша минуттар мен километрлердің жиынтық құны, егер бар болса, жоғары сұраныс кезеңдеріндегі үстемеақы және қосымша опциялардың құны, оның ішінде балалар креслосы немесе жануарларды тасымалдау құны көрсетілген.
Бағаның егжей-тегжейлі есебін таксиге тапсырыс бермес бұрын көруге болады. Ол үшін тариф пен сапар бағытын таңдағаннан кейін смартфон экранының жоғарғы сол жақ бұрышындағы теңге белгішесін басу қажет.
2025 жылдың мамыр айының басында монополияға қарсы комплаенс аясында Яндекс Такси жолаушылар үшін «бағаны нақтылау» функциясын әзірлеу жауапкершілігін өз мойнына алды.
Осы жылдың сәуір айында компания “Антология технологий Яндекс Такси: почему цена такая?” деректі фильмін ұсынып, сапардың бағасы неге және қалай өзгеруі мүмкін, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі қалаларында бір қашықтыққа сапардың құны неге әртүрлі болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап береді.
®PR құқығында

🤮17🤯4👍3
🗡️ Мәсімовтың қылышын аукционда сатып алғандар осы табысын жақсылап "жуған"
Мәсімовтің тәркіленген дүниелері мемлекеттік аукционында сатылар алдында, үлкен топтың қылышқа қызығып отырғанын жазған едік.
Біз күткендей бұл аукцион дүркіреп өтті. Мәсімов коллекциясынан 43 мүлік, оның ішінде кәдесыйлық монеталар, қылыштар және басқа да дүниелер бар, барлығы лоттарға шығарылған. Бастапқы бағасы 7 миллион теңге деп қойылғанымен,сауда қызып, қорытындысында 10 миллион теңгеге сатылды.
Кәрім Мәсімовтың бұл қылышының энергетикалық қасиеті туралы ақпарат бар. Дереккөз президент ретінде өз адамын қойып, өзі Қазақстанды көлеңкеден толық басқарар жоспарын ойлағанда Кәрім Мәсімов осы семсермен серттескен деген қауесеттермен бөлісті. Енді қай кәсіпкер осы қылышқа ие болса, үлкен табысқа ие болады деген наным бар.
Семсерді қолға түсірген кәсіпкерлер кеше ағайын-туыс, жолдас-жораларын жинап, осы қуанышты жақсылап атап өткен екен.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
Мәсімовтің тәркіленген дүниелері мемлекеттік аукционында сатылар алдында, үлкен топтың қылышқа қызығып отырғанын жазған едік.
«Негізі коллекцияда қылыш, семсер, тіпті катана да бар. Кәсіпкерлерді қызықтырып отырғаны - сабы мүйізден жасалған, тарихы терең, бағалы қылыш. Мәсімов ол қылышты бекер алмаған болатын. Болашақта ол сакралды мәнге ие болып, қазақтар үшін Кенесарының басы қандай маңызды болса, бұл да белгілі этникалық топ үшін сондай маңызға ие болуы мүмкін», - деген еді, сол кезде DALA INSIDE дереккөзі.
Біз күткендей бұл аукцион дүркіреп өтті. Мәсімов коллекциясынан 43 мүлік, оның ішінде кәдесыйлық монеталар, қылыштар және басқа да дүниелер бар, барлығы лоттарға шығарылған. Бастапқы бағасы 7 миллион теңге деп қойылғанымен,сауда қызып, қорытындысында 10 миллион теңгеге сатылды.
Кәрім Мәсімовтың бұл қылышының энергетикалық қасиеті туралы ақпарат бар. Дереккөз президент ретінде өз адамын қойып, өзі Қазақстанды көлеңкеден толық басқарар жоспарын ойлағанда Кәрім Мәсімов осы семсермен серттескен деген қауесеттермен бөлісті. Енді қай кәсіпкер осы қылышқа ие болса, үлкен табысқа ие болады деген наным бар.
Семсерді қолға түсірген кәсіпкерлер кеше ағайын-туыс, жолдас-жораларын жинап, осы қуанышты жақсылап атап өткен екен.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
😁24🤮15👍4😡1
🇰🇿 Жұмсақ сигналдар: әкімдер Жолдаудан кейін "кері байланыс" алмақ
Қазақстан биылғы саяси маусымды 8-ші қыркүйектен бастап ашатын болды. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдау аясында атқарушы аппаратқа жаңа тапсырмалар беріп, бұған дейін істелген жұмыстың қорытындысын шығармақ.
Бүгін Үкімет бюджеттік жұмыстарды пысықтап тастады. Ал әкімдер жылу маусымына дайындық және жол-көлік инфрақұрылымы жұмыстарын тездетіп жатыр.
Биылғы Жолдау әлеуметтік блокта табыс пен инфляция арасындағы айырмашылықты жабу, кредит қысымын азайту, саяси реформалар аясында жергілікті басқаруды одан әрі күшейтуге бағытталатыны анық. Экономикада жаңа индустрияландырудың екінші толқыны бойынша тапсырма берілмек. Әсіресе логистика, транзит, қоймалар мен өндіріске шетелдік инвестицияларды көбірек тарту міндеттеледі деп күтілуде.
Парламент те қыркүйектің ортасында ішкі тазалану процесін бастан кешірмек. Біршама мандат мерзімінен бұрын тапсырылуы мүмкін.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
Қазақстан биылғы саяси маусымды 8-ші қыркүйектен бастап ашатын болды. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдау аясында атқарушы аппаратқа жаңа тапсырмалар беріп, бұған дейін істелген жұмыстың қорытындысын шығармақ.
Бүгін Үкімет бюджеттік жұмыстарды пысықтап тастады. Ал әкімдер жылу маусымына дайындық және жол-көлік инфрақұрылымы жұмыстарын тездетіп жатыр.
"Дұрыс жөнделмеген, жұмысы аяқталмаған, істен шыққан ТЭЦ автоматты түрде әкімнің отставкасына алып келмек. Бұл оларға ескертілді. Қарағанды мен Павлодар облыстары басты назарда болып отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Биылғы Жолдау әлеуметтік блокта табыс пен инфляция арасындағы айырмашылықты жабу, кредит қысымын азайту, саяси реформалар аясында жергілікті басқаруды одан әрі күшейтуге бағытталатыны анық. Экономикада жаңа индустрияландырудың екінші толқыны бойынша тапсырма берілмек. Әсіресе логистика, транзит, қоймалар мен өндіріске шетелдік инвестицияларды көбірек тарту міндеттеледі деп күтілуде.
"Жалпы Жолдау позитивті нотада болады. Бірақ Сол жағалау әкімдерді мүлде босаңсытпауға шешім қабылдады. Кей әкімдердің биылғы тірлігі мен нәтижелері ұнамай отыр", - дейді, дереккөз.
Парламент те қыркүйектің ортасында ішкі тазалану процесін бастан кешірмек. Біршама мандат мерзімінен бұрын тапсырылуы мүмкін.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍25😁3👎1😡1
👍 Үкімет 2024 жылғы Президент Жолдауын толық орындады
Былтыр ЖІӨ көлемі бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді және ол 5%-ды құрады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Ол инвестицияларды ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізаттық емес салаларын кеңейту есебінен жалғасуда.
Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құраса, қызметтер өндірісі 5,2%-ға артты.
Негізгі драйверлер көрсеткіштері келесідей: көлік +22,5%, құрылыс + 18,5%, сауда +8,6%, тау-кен өнеркәсібі +8,5%, өңдеу секторы +6,1%.
Өңірлердің дамуы, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар, ауыл шаруашылығы, кластерлік өндіріс бойынша барлық мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.
Толық ақпарат 👇
https://primeminister.kz/news/reviews/prezidenttin-2024-zylgy-zoldauy-ekonomikany-artaraptandyru-zane-150-mlrd-tikelei-investiciia-30452

😁26👎19👏11
⚡ Татубаев-Кексель-Дүйсенов: "Жаңа Қазақстан" Қожамжаровқа барынша жақындады
Қыркүйектегі жабық келіссөздерден кейін Қайрат Пернешұлының тағдыры шешілмек. Не осы триомен қылмыстық іс орбитасы шектеледі, не Қайрат Қожамжаровқа да іс қозғалады.
Биыл Қожамжаровтың командасы толық жойылды. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев шілденің басында азаптау ісі бойынша қамауға алынды. Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кнксель осы азаптау бабы бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал өткен аптаның соңында бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Интерпол арқылы тез ұсталады деп күтілуде.
Қайрат Қожамжаров ұзақ жылдар бойы жемқорлықпен күрес мекемелерін басқарды. Оның кезінде антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Артынан Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандаттан айрылды. Содан бері ол еліміздің саяси сахнасынан кетті. Соңғы рет Пернешұлы Қазақстанда 2023 жылдың қарашасында, Болат Назарбаевтың асында төбе көрсетті. Сол кезде өзі туралы «жеке заң компаниясын аштым» деп қысқа жауап бергені есте. Екі дереккөздің мәліметінше, қазір Мәскеудегі пәтерінде тұрады.
"Жаңа Қазақстан" Қожамжаровтың әлсіз тұсын біледі. Ол - отбасының активтері мен бизнесі. Ресейге шығарып алған Қожамжаров капиталына қол жеткізе алсаса да, еліміз оның отбасының активтерімен айналыса бастады.
Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры Дулат Қожамжаров "Hill Corporation" майлау материалдарын шығаратын зауыттың жалғыз иесі. Биыл сәуірде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Hill Corporation арасында локомотивтерге арналған мотор майын жеткізу саласында 624 млн теңгеден астам сомаға бәсекеге қарсы келісім жасалғанын анықтаған. Артынан компания құрылтайшысының үлесіне шектеу қойылды. Осы арқылы Дулат Қожамжаров зауытынан айрылып қалуы мүмкін.
Одан бір ай бұрын мемлекет Hill Corporation-ның «еншілес» компаниясынан Шымкент маңындағы 54,7 гектар жер учаскесін қайтарып алды. Қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексеруі барысында бұл жердің «Hill Invest» ЖШС-не аукционсыз, ҚР Жер кодексін өрескел бұза отырып берілгені анықталған. Жер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге бөлінгенімен, компания онда мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлаған. «Hill Invest» ЖШС-нің басшысы – бұрынғы бас прокурордың тағы бір бауыры Қуат Қожамжаров.
Ал Қайрат Қожамжаровтың балалары Бексултан мен Ельнар Пернеш, Жанайдар Қайрат пен Жанел Қайраттар «Astana Real Estate Management» ЖШС-іне иелік етеді. Компания жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысады. Қожамжаровтың ұл-қыздары Елорданың Есіл ауданында орналасқан 9 қабатты «Астана» бизнес-орталығындағы кеңселерді жалға беріп жүр. Ал "Жаңа Қазақстан" кез-келген уақытта бұл бизнес-орталықтың заңсыз сатылғанын, не заңсыз салынғанын "анықтай" алады. Сондықтан Қожамжаровқа қысым көрсету рычагтары аз емес.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
Қыркүйектегі жабық келіссөздерден кейін Қайрат Пернешұлының тағдыры шешілмек. Не осы триомен қылмыстық іс орбитасы шектеледі, не Қайрат Қожамжаровқа да іс қозғалады.
"Дүйсеновке іздеу салынуы Қайрат Қожамжаровқа айқын сигнал болуы тиіс. Қазақстан шын саудаласса, Мәскеуде жүрген Қожамжаровқа "питерлік достары" да, Медведев те көмектесе алмайды. Қазақстан арқылы Ресейдің Қытайға мұнай транзиті, ал Қытайдан Ресейге ауадай қажет заттардың контрабандасы сынды бізде де мықты көзірлер бар. Астана оның біреуін шығарса, Мәскеудің өзі бес минутта Қайрат Қожамжаровты ұстап бере салады", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Биыл Қожамжаровтың командасы толық жойылды. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның экс-басшысы Талғат Татубаев шілденің басында азаптау ісі бойынша қамауға алынды. Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кнксель осы азаптау бабы бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал өткен аптаның соңында бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Интерпол арқылы тез ұсталады деп күтілуде.
Қайрат Қожамжаров ұзақ жылдар бойы жемқорлықпен күрес мекемелерін басқарды. Оның кезінде антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Артынан Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандаттан айрылды. Содан бері ол еліміздің саяси сахнасынан кетті. Соңғы рет Пернешұлы Қазақстанда 2023 жылдың қарашасында, Болат Назарбаевтың асында төбе көрсетті. Сол кезде өзі туралы «жеке заң компаниясын аштым» деп қысқа жауап бергені есте. Екі дереккөздің мәліметінше, қазір Мәскеудегі пәтерінде тұрады.
"Жаңа Қазақстан" Қожамжаровтың әлсіз тұсын біледі. Ол - отбасының активтері мен бизнесі. Ресейге шығарып алған Қожамжаров капиталына қол жеткізе алсаса да, еліміз оның отбасының активтерімен айналыса бастады.
Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры Дулат Қожамжаров "Hill Corporation" майлау материалдарын шығаратын зауыттың жалғыз иесі. Биыл сәуірде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Hill Corporation арасында локомотивтерге арналған мотор майын жеткізу саласында 624 млн теңгеден астам сомаға бәсекеге қарсы келісім жасалғанын анықтаған. Артынан компания құрылтайшысының үлесіне шектеу қойылды. Осы арқылы Дулат Қожамжаров зауытынан айрылып қалуы мүмкін.
Одан бір ай бұрын мемлекет Hill Corporation-ның «еншілес» компаниясынан Шымкент маңындағы 54,7 гектар жер учаскесін қайтарып алды. Қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексеруі барысында бұл жердің «Hill Invest» ЖШС-не аукционсыз, ҚР Жер кодексін өрескел бұза отырып берілгені анықталған. Жер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге бөлінгенімен, компания онда мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлаған. «Hill Invest» ЖШС-нің басшысы – бұрынғы бас прокурордың тағы бір бауыры Қуат Қожамжаров.
Ал Қайрат Қожамжаровтың балалары Бексултан мен Ельнар Пернеш, Жанайдар Қайрат пен Жанел Қайраттар «Astana Real Estate Management» ЖШС-іне иелік етеді. Компания жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысады. Қожамжаровтың ұл-қыздары Елорданың Есіл ауданында орналасқан 9 қабатты «Астана» бизнес-орталығындағы кеңселерді жалға беріп жүр. Ал "Жаңа Қазақстан" кез-келген уақытта бұл бизнес-орталықтың заңсыз сатылғанын, не заңсыз салынғанын "анықтай" алады. Сондықтан Қожамжаровқа қысым көрсету рычагтары аз емес.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍48
🇪🇺 Он микрон. Қазақстан санкция бойынша Еуроодақпен жабық келіссөздер өткізу туралы ойлана бастады
Осы аптада Bloomberg Еуроодақтың Ресейге бағытталған санкцияларының кезекті пакетінде реэкспорт жолдарын қатаң жабу қарастырылатынын хабарлады. Оның аясында Қазақстан шартты қайталама санкцияға ілінуі мүмкін. Шартты деп отырғанымыз – санкция Қазақстанға белгілі бір тауар категориясын сатып алуға ғана тиым салады. Бұл компьютермен басқарылатын станоктар (СNС) мен машина құрастыруға арналған жабдықтар болып отыр.
Бір сөзбен айтқанда Еуроодақ Қазақстаннан халықаралық нарықта осындай станоктарды көбірек сатып алып, оларды Ресейге сатып жатыр деп күдіктенеді. Мысалы, Ресейге санкция салынбаған 2021 жылы Қазақстанның солтүстік көршісіне «көлік, құрылғылар, прибор мен аппараттар» категориясындағы экспорты 471,4 миллион долларды құраса, санкция толық жұмыс істей бастаған 2023 жылы ол көлем 2,7 миллиард долларға жеткен. Ал 2024 жылы 2,1 миллиард долларды құрады. Қазақстанның Ресейге приборлар экспорты бірден бес есе өсіп кеткені күмән туғызатыны заңды.
Еуроодақ 2023 жылы санкциялардың 11-ші пакетінде «anti-circumvention tool», яғни санкцияларды жүйелі айналып өтетін үшінші елдерге белгілі бір «санкциялық тауарлардың» экспортын шектеу механизмін енгізген. Tier 4.B тізімінде 10 микрондық дәлдіктегі CNC станоктарының әскери өндіріске қолданылу мүмкіндігі көрсетіліп, санкциялық тауар санатына жатқызылды.
Қазақстан экономикасы CNC станоктарына тікелей тәуелді. Токарлі бағыты дөңгелек бөлшектерді кесуге, бұрғылауға, ойық салуға қолданылады. Қазақстан бұдан қазіргі таңда құбыр муфтасын, подшипник, біліктер әзірлеуде. CNC фрезер станогы арқылы біз металл, алюминий, пластик пен ағаш өңдеп, түрлі салада қолданып жүрміз. Құрылыс конструкциялары мен вагон жасауда CNC плазмалық кесу станогын пайдаланамыз.
Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сияқты мұнай кеніштерінде қолданылатын құбырлар, фланецтер, сорғы-бөлшектерді жөндеу және өндіру үшін отандық мұнай сервисі компаниялары CNC станоктарымен жұмыс істейді. Одан бөлек, ERG, Қазцинк, Qarmet сияқты алпауыттар жұмыс істейтін тау-кен металлургия кешені экскаватор, конвейер, ұнтақтау қондырғысы, балқыту пештеріне арналған бөлшектерді CNC арқылы дайындайды. Тұлпар зауыты, СемАЗ, КАМАЗ-Қостанай, KIA Qazaqstan сынды ірі өндірістері бар машина жасау және вагон индустриясы барлық металл бөлшектерін CNC арқылы кеседі. Қостанайда Агромашхолдинг CNC арқылы ауылшаруашылық машиналарын құрастырады.
Сол себепті Қазақстан барынша шартты қайталама санкцияларды болдырмауға тырыспақ. Тиісті консультациялар қызу жүруде. Белгілі бір сигналдары келесі аптада шыға бастауы мүмкін.

«Еурокомиссия CNC станоктарын Қазақстанға сатуға тиым салса біздің қазір қолға алып жатқан қайта өңдеу саласындағы инвестициялық ауқымды жобаларымыз тұрып қалады. Станоктардың бәрі Ресейге реэкспорт ретінде кетіп жатқан жоқ. Бізге де керек станоктар бар. Сондықтан Қазақстан комплаенс тексерісті қатаңдатуға, тіпті еурокомиссарлар біздің аумаққа өткен құрылғылардың қай жерге орнатылатынын инспекциялап, тексеруге де келісуі мүмкін. Бастысы қайталама санкцияны болдырмау. Әйтпесе инвесторлар бірден қашып кетеді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Еуроодақ 2023 жылы санкциялардың 11-ші пакетінде «anti-circumvention tool», яғни санкцияларды жүйелі айналып өтетін үшінші елдерге белгілі бір «санкциялық тауарлардың» экспортын шектеу механизмін енгізген. Tier 4.B тізімінде 10 микрондық дәлдіктегі CNC станоктарының әскери өндіріске қолданылу мүмкіндігі көрсетіліп, санкциялық тауар санатына жатқызылды.
Қазақстан экономикасы CNC станоктарына тікелей тәуелді. Токарлі бағыты дөңгелек бөлшектерді кесуге, бұрғылауға, ойық салуға қолданылады. Қазақстан бұдан қазіргі таңда құбыр муфтасын, подшипник, біліктер әзірлеуде. CNC фрезер станогы арқылы біз металл, алюминий, пластик пен ағаш өңдеп, түрлі салада қолданып жүрміз. Құрылыс конструкциялары мен вагон жасауда CNC плазмалық кесу станогын пайдаланамыз.
Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сияқты мұнай кеніштерінде қолданылатын құбырлар, фланецтер, сорғы-бөлшектерді жөндеу және өндіру үшін отандық мұнай сервисі компаниялары CNC станоктарымен жұмыс істейді. Одан бөлек, ERG, Қазцинк, Qarmet сияқты алпауыттар жұмыс істейтін тау-кен металлургия кешені экскаватор, конвейер, ұнтақтау қондырғысы, балқыту пештеріне арналған бөлшектерді CNC арқылы дайындайды. Тұлпар зауыты, СемАЗ, КАМАЗ-Қостанай, KIA Qazaqstan сынды ірі өндірістері бар машина жасау және вагон индустриясы барлық металл бөлшектерін CNC арқылы кеседі. Қостанайда Агромашхолдинг CNC арқылы ауылшаруашылық машиналарын құрастырады.
Сол себепті Қазақстан барынша шартты қайталама санкцияларды болдырмауға тырыспақ. Тиісті консультациялар қызу жүруде. Белгілі бір сигналдары келесі аптада шыға бастауы мүмкін.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍40👏2
Яндекс Go қолданбасында әр адамға лайықталған біртұтас ұсыныстар легі пайда болды
Яндекс Go қолданбасында әр қолданушыға арнап лайықталып түзілетін ұсыныстар легі пайда болды. Ұсыныстар легіне қолданбаның ішіндегі сервистер кіреді. Жаңа опцияның арқасында қолданушы бұл ұсыныстарды бір интерфейсте көре алады. Сәйкесінше қажетті тауарлар мен қызметтерді іздеу уақыты қысқарады. Ұсыныстар легіне Тағам, Лавка (Алматы және Астана қалалары), Афиша және Музыка сервистерінің ұсыныстары кіреді.
Ұсыныстар легі супераппта күнделікті өмірде қажет дүниелерге жылдам қол жеткізіп, дәл қазір керек болуы мүмкін нәрсені тезірек табуға көмектеседі.
Оның қатарында мысалы келесілер бар:
• Лавка сервисінен отбасылық кешкі асқа қажет азық-түлік табу;
• Тағам сервисіндегі мейрамханалардың тағамдарын жеткізу;
• Афиша сервисінен концертке немесе спектакльге билет алу;
• Музыка сервисінде аудиопревьюі бар жаңа музыкалық трек тыңдау.
Ұсыныстар легі әр пайдаланушының қалауы мен аталған сервистердегі белсенділігін ескере отырып түзіледі. Ұсыныстарды Яндекс Go қолданбасының басты экранынан табуға болады.

👎27🤮4🔥2😁1
🏦 Банк қожайындары «қызыл сызықтар» жөнінде кеңеспек
Мемлекет банктерге тізесін қаттырақ батыра бастағандықтан, еліміздегі бірнеше банк қожайындары бұрынғы бәсекелестік пен алауыздықтарын ұмытып, бірлесіп қуатты лобби құру жөнінде ақылдаса бастады. Олардың ойынша соңғы екі жылда мемлекет жекеменшік банктерге көп тиісіп, мүмкіндіктерін де, даму перспективаларын да шектей бастаған.
Бұған дейін банктердің негізгі выручкасы жеке тұлғаларға кепілсіз несие беруден келетін. Биылғы жылдың 7 айында еліміздегі банктердің таза табысы 1,6 триллион теңгені құрады. Енді жаңа шектеу нормалары енгізілсе, кредит алатын жеке тұлғалардың саны күрт азаяды. Сонымен бірге, көлеңкелі, бейресми табысы бар адамдар ақшасын депозиттен шешіп, қолма-қол түрінде үйінде сақтайды деген болжамдар бар. Себебі, салық органдары кез-келген жеке тұлғаның депозиттегі қаржысына қатысты сұрақ қою мүмкіндігіне ие болмақ. Дәл осы тұста табысы азайған банктердің салық жүктемесі де артып, одан қалатын таза табыс мүлде мардымсыз болу қаупі бар.
Банкирлер Үкіметке қызыл сызықтар қоюға дайын. Яғни, қазір қабылданған нормалардан басқа болашақта банктердің табысына ауыз салатын, өмірін қиындататын жаңа шектеулер енгізілмеуі тиіс. Лобби билікпен осы мәселені келісіп алмақшы.
Ал банктерді «үйту керек, бүйту керек» деп түрлі мәлімдемелер жасап жүрген Парламент депутаттарымен Қаржыгерлер қауымдастығы айналысатын болады.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
Мемлекет банктерге тізесін қаттырақ батыра бастағандықтан, еліміздегі бірнеше банк қожайындары бұрынғы бәсекелестік пен алауыздықтарын ұмытып, бірлесіп қуатты лобби құру жөнінде ақылдаса бастады. Олардың ойынша соңғы екі жылда мемлекет жекеменшік банктерге көп тиісіп, мүмкіндіктерін де, даму перспективаларын да шектей бастаған.
«Банктерге салынатын корпоративті табыс салығы келесі жылдан бастап 20 пайыздан 25 пайызға көтеріледі. Онымен қатар, жекеменшік тұлғаларға кепілсіз кредит беру бойынша көптеген шектеулер енгізілді. Енді мемлекет жеке тұлғалардың депозиттерін де қарап отырмақ. Аталған үш қысым банктерді таза табысынан айыратыны анық. Банк қожайындары осыған алаңдап отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бұған дейін банктердің негізгі выручкасы жеке тұлғаларға кепілсіз несие беруден келетін. Биылғы жылдың 7 айында еліміздегі банктердің таза табысы 1,6 триллион теңгені құрады. Енді жаңа шектеу нормалары енгізілсе, кредит алатын жеке тұлғалардың саны күрт азаяды. Сонымен бірге, көлеңкелі, бейресми табысы бар адамдар ақшасын депозиттен шешіп, қолма-қол түрінде үйінде сақтайды деген болжамдар бар. Себебі, салық органдары кез-келген жеке тұлғаның депозиттегі қаржысына қатысты сұрақ қою мүмкіндігіне ие болмақ. Дәл осы тұста табысы азайған банктердің салық жүктемесі де артып, одан қалатын таза табыс мүлде мардымсыз болу қаупі бар.
«Банктер сезіп отыр. 2025 олардың мол табыс алатын соңғы жылы. 2026 жылы мұндай мүмкіндік мүлде болмайды. Сондықтан, өз құқықтары мен бизнестерін қорғау үшін бірігіп, лоббилерін күшейтпек. Осы орайда, банк акционерлері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ықпалын арттыруды көздеген. Қауымдастыққа Үкіметпен қатаң сөйлесе алатын беделі бар, белгілі банкирлердің бірін басшы қылу идеясы да талқыланған», - деп бөлісті, дереккөз.
Банкирлер Үкіметке қызыл сызықтар қоюға дайын. Яғни, қазір қабылданған нормалардан басқа болашақта банктердің табысына ауыз салатын, өмірін қиындататын жаңа шектеулер енгізілмеуі тиіс. Лобби билікпен осы мәселені келісіп алмақшы.
Ал банктерді «үйту керек, бүйту керек» деп түрлі мәлімдемелер жасап жүрген Парламент депутаттарымен Қаржыгерлер қауымдастығы айналысатын болады.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍18😁6👎1
💥 Феникс құсы. Балалар үйіндегі дау да шенеуіктің мансабын тоқтата алмады
Алматы облысында қызметінен қуылған Білім басқармасының бұрынғы басшысы енді жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін.
"Тараптар Бағанашылдағы балалар үйіндегі айқай-шу басылғанын күткен еді. Енді сол сәт туындап тұр. Алматы облысы Білім басқармасының бұрынғы басшысы Салтанат Беспаева жаңа қызметке тағайындауға кедергі жоқ сияқты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Дереккөздің мәліметінше, Салтанат Дауысбекқызы басқарма басшысы қызметінен босағанымен, әкімдіктен кетпеген. Оның орнына бұған дейін Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қонаев қалалық білім бөлімдерін басқарған Арайлым Төлеубекова тағайындалған еді. Сөйтіп Салтанат Беспаеваның қарамағында еңбек еткен кадр басқарма басшылығына келді.
Ал тамыздың басында қызметтен босатылған бұрынғы басқарма басшысы Іле аудандық білім бөліміне жетекші болады деген ақпарат тарады.

😁14👎6👍2🤮2
🤜🇰🇿 Қазақстан өз нарығын қорғауда сылбырлық танытуда
Өзбекстан мен Тәжікстан букмекерлік бизнес пен оған қатысты қаржылық ағымдарды бір орталықтан реттеуді ұсынған ресейлік кәсіпкер Умар Кремлевтің (Лутфуллоев) қызметінен бас тартты, деп
жазады ВЧК-ОГПУ. Ал Қазақстан әлі де түпкілікті шешім қабылдамаған.
Бұл елдер өздерінің ұлттық жүйесін құруды жөн көріпті. Себебі олай болмаған жағдайда мәліметтердің көршілес елдің арнайы қызметтерінің қолына түсу қаупі туындайтын еді. Котёл жазғандай, соңғы бір жыл ішінде Кремлев Орталық Азиядан шықпай, бірде Өзбекстанда кеңестік боксшыларға ескерткіш ашып, бірде Тәжікстанда жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, бірде өзбек олимпиадашыларына 100 мың доллардан сыйлық үлестіріп жүрген. Алайда мұндай жомарт қадамдар оның басты жобасын - аймақтың букмекерлік нарығы мен қаржылық ағымдарын бақылауға алу бастамасын жүзеге асыруға көмектеспеді.
Дегенмен, Өзбекстанда бұл жоспар толықтай сәтсіз аяқталды. Букмекерлік бизнесті заңдастыру мәселесін ұзақ талқылаған соң, билік оны Ұлттық перспективалық жобалар агенттігінің (НАПП) құзыретіне берді.
Тәжікстанда жағдай Кремлев үшін одан бетер күрделі болды. Президенттің ұлы Рустам Эмомалимен кездесулер мен өзінің туған Гиссар ауданында жол салу бастамасына қарамастан, елдегі букмекерлік нарықты реттеу Қаржы министрлігінің құзырында қала берді. Ұзақ келіссөздерден кейін Тәжікстан билігі де Ресейдің ЦУПИС жүйесінен бас тартты. Кремлевтің тарихи отанындағы қайырымдылық жобалары Тәжікстанға ЦУПИС орнатуға көмектеспеді.
Енді Қазақстан Кремлев үшін соңғы үміт болып отыр деп отыр, ВЧК-ОГПУ. Бізде жағдай өзгеше өрбуде.
ЦУПИС бүгінде Ресейдегі бүкіл букмекерлік нарықты бақылайды әрі миллиардтаған табыс әкелуде. Сарапшылар «құмар ойынға тәуелділікпен және көлеңкелі схемалармен күрес» деген ресми ұранның артында санкция салынған банктермен байланысты ресейлік құрылымдарды Қазақстанның қаржы жүйесіне кіріктіру әрекеті тұр деп санайды.
Қазақстан әзірге Умар Кремлевтің ұсынысына нақты «жоқ» деген жоқ. Дегенмен жұмыс топтарында отырған кейбір шенеуіктер мұндай біріздендіруге алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал Қырғызстанда бұл мәселе әлі талқылану үстінде, нақты шешім қабылданған жоқ.

Кремлевке жақын дереккөздердің бағалауынша, оның Орталық Азиядағы саяхатына 3 миллион доллардан астам қаражат жұмсалған.
Дегенмен, Өзбекстанда бұл жоспар толықтай сәтсіз аяқталды. Букмекерлік бизнесті заңдастыру мәселесін ұзақ талқылаған соң, билік оны Ұлттық перспективалық жобалар агенттігінің (НАПП) құзыретіне берді.
Тәжікстанда жағдай Кремлев үшін одан бетер күрделі болды. Президенттің ұлы Рустам Эмомалимен кездесулер мен өзінің туған Гиссар ауданында жол салу бастамасына қарамастан, елдегі букмекерлік нарықты реттеу Қаржы министрлігінің құзырында қала берді. Ұзақ келіссөздерден кейін Тәжікстан билігі де Ресейдің ЦУПИС жүйесінен бас тартты. Кремлевтің тарихи отанындағы қайырымдылық жобалары Тәжікстанға ЦУПИС орнатуға көмектеспеді.
Енді Қазақстан Кремлев үшін соңғы үміт болып отыр деп отыр, ВЧК-ОГПУ. Бізде жағдай өзгеше өрбуде.
Бірнеше жылдан бері Бәс тігулерді есепке алудың бірыңғай жүйесін (ЕСУ) енгізу төңірегінде дау-дамай толастар емес. Ел ішіндегі дереккөздер мұны Кремлев пен Ресейдің ЦУПИС жүйесімен тікелей байланыстырады.
ЦУПИС бүгінде Ресейдегі бүкіл букмекерлік нарықты бақылайды әрі миллиардтаған табыс әкелуде. Сарапшылар «құмар ойынға тәуелділікпен және көлеңкелі схемалармен күрес» деген ресми ұранның артында санкция салынған банктермен байланысты ресейлік құрылымдарды Қазақстанның қаржы жүйесіне кіріктіру әрекеті тұр деп санайды.
Қазақстан әзірге Умар Кремлевтің ұсынысына нақты «жоқ» деген жоқ. Дегенмен жұмыс топтарында отырған кейбір шенеуіктер мұндай біріздендіруге алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал Қырғызстанда бұл мәселе әлі талқылану үстінде, нақты шешім қабылданған жоқ.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
😡35
⚡️ Қытай капиталының қазақша акценті: Байзақта басталып, Таразда жалғасқан өндіріс симфониясы
Жамбыл облысында бір күнде екі ірі өнеркәсіптік жобаның тұсауы кесілді. Осыны өзі аймақтағы инвестициялық климаттың жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсетеді деп хабарлайды DALA INSIDE.
Президент Тоқаев өңірлерге инвестиция тартуды басты басымдық ретінде айқындап берген болатын. Соның жарқын мысалы Жамбыл облысында жаңадан бой көтеретін екі ірі кәсіпорын.
Біріншісі, Байзақ ауданындағы тәуелсіздік алғалы алғаш рет салына бастаған жаңа қант зауыты. Құны 200 миллион долларды құрайтың зауыттың экономикалық ғана емес, стратегиялық маңызы да зор.
Осы тұрғыдан алғанда, жылына 120 мың тонна қант шығаратын зауыт ішкі нарықтағы жағдайды түбегейлі өзгертіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта түседі.
Өнімнің сапалы болатыны өз алдына, жаңа зауыт аймақта 350-ден астам адамды жұмыспен қамтымақ. Жергілікті диқандар да шикізатты зауытқа тікелей жеткізуге дайын отыр.
Екінші жоба, Тараз индустриалды аймағында іске қосылатын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кәсіпорны. Бұл жоба да өңірдің экономикалық дамуына тікелей әсер етіп, отандық агросектордың тиімділігін арттыруға септігін тигізбек.
Қытай инвесторы жобаға 10 миллиард теңге қаражат бөлген екен. Кәсіпорын 60-қа жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Бүгінгі рәсім тек аймақтық деңгейдегі оқиға емес. Мемлекет осы арқылы шетелдік инвесторларға ашық әрі тиімді орта қалыптастырып отырғанын тағы бір дәлелдеді.
Жалпы, биыл Жамбыл облысына құйылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 32,4 пайызға артқан. Бір жылға жетпейтін уақытта 391 миллиард теңге тартылғаны аймақ экономикасының белсенді түрде өсіп жатқанын айғақтайды.
Алдағы үш жылда облыс басшылығы жалпы құны 300 миллиард теңгеден асатын тағы 20 ірі жобаға бастамашы болмақ. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бұған дейін "осы арқылы тұрғындардың әл-ауқатын көтеруді мақсат тұтатынын" айтқан болатын.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
Жамбыл облысында бір күнде екі ірі өнеркәсіптік жобаның тұсауы кесілді. Осыны өзі аймақтағы инвестициялық климаттың жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсетеді деп хабарлайды DALA INSIDE.
Президент Тоқаев өңірлерге инвестиция тартуды басты басымдық ретінде айқындап берген болатын. Соның жарқын мысалы Жамбыл облысында жаңадан бой көтеретін екі ірі кәсіпорын.
Екі жобаға да қытайлық инвесторлар қаржы құймақ.
Біріншісі, Байзақ ауданындағы тәуелсіздік алғалы алғаш рет салына бастаған жаңа қант зауыты. Құны 200 миллион долларды құрайтың зауыттың экономикалық ғана емес, стратегиялық маңызы да зор.
Елдің ішкі нарығын өзімізде өндірілген өніммен қамтамасыз ету арқылы импорттық тәуелділікті төмендету бүгінгі күннің басты міндеті.
Осы тұрғыдан алғанда, жылына 120 мың тонна қант шығаратын зауыт ішкі нарықтағы жағдайды түбегейлі өзгертіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта түседі.
Өнімнің сапалы болатыны өз алдына, жаңа зауыт аймақта 350-ден астам адамды жұмыспен қамтымақ. Жергілікті диқандар да шикізатты зауытқа тікелей жеткізуге дайын отыр.
Екінші жоба, Тараз индустриалды аймағында іске қосылатын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кәсіпорны. Бұл жоба да өңірдің экономикалық дамуына тікелей әсер етіп, отандық агросектордың тиімділігін арттыруға септігін тигізбек.
Жылына 2 мыңға жуық трактор мен өзге де ауыл шаруашылық техникасын шығаратын зауыт, ең алдымен, аймақ фермерлерінің заманауи техникаға деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Қытай инвесторы жобаға 10 миллиард теңге қаражат бөлген екен. Кәсіпорын 60-қа жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Бүгінгі рәсім тек аймақтық деңгейдегі оқиға емес. Мемлекет осы арқылы шетелдік инвесторларға ашық әрі тиімді орта қалыптастырып отырғанын тағы бір дәлелдеді.
Жалпы, биыл Жамбыл облысына құйылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 32,4 пайызға артқан. Бір жылға жетпейтін уақытта 391 миллиард теңге тартылғаны аймақ экономикасының белсенді түрде өсіп жатқанын айғақтайды.
Алдағы үш жылда облыс басшылығы жалпы құны 300 миллиард теңгеден асатын тағы 20 ірі жобаға бастамашы болмақ. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бұған дейін "осы арқылы тұрғындардың әл-ауқатын көтеруді мақсат тұтатынын" айтқан болатын.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👍42👏8🔥4👎2😱2
🇺🇲🛢️Кемінде 30%. Қазақстан бейресми каналдар арқылы Шевронға сигнал жіберді
2033 жылы Теңіз мұнай кеніші бойынша Қазақстан мен Шеврон арасындағы 40 жылдық ғасыр контракты аяқталады. Келісімді созу, созбау бойынша келіссөздер 2028 жылы басталмақ. Себебі, қазір жұмыс істеп тұрған келісім бойынша тараптар контракт бітуге кемінде үш жыл қалғанда нақты бір шешім қабылдап, ары қарай не істейтіндерін біліп отыруы тиіс.
Сонымен қатар, Шеврон Қарашығанақта да үлес ұстап отыр. Ол жердегі лицензиясы 2037 жылға дейін жарамды. Егер Chevron Теңізден айырылса, компанияның болашағы үлкен күмән тудырады. Демек, Теңіз бойынша келісім-шарт ұзармаса, биржаларда Шеврон акциялары құлап, компания қиын жағдайда қалатыны анық. Алпауыттың қазіргі басшысы Майкл Уирт осы мәселені басты назарына алып, келісімді созу бойынша барлық рычагтарды іске қоса бастады.
Шевронға әділдік бойынша кінә жоқ. Әу баста ТШО 50 де 50 болып, Шеврон мен Қазақстан арасында қылдай тең бөлінген болатын. Бірақ 1994-1996 жылдары Қазақстан өз үлесінің жартысын (ТШО-ның 25 пайыз үлесін) бір миллиард долларға ExxonMobil-ға сатып жіберді. Уақыт көрсеткендей бұл ең қате және Назарбаевтың коррупциялық шешімі болды. ExxonMobil 30 жылда осы келісімнен 50 миллиард доллар пайда алған. Кезінде сатпағанда 50 миллиард доллар Қазақстанда қалар еді.
Chevron таяуда жаңа қаржылық стратегиясын қабылдаған болатын. Оған сай корпорация Қазақстан, АҚШ және Мексика шығанағында мұнай өндіруді кеңейту арқылы өзінің еркін ақша көлемін (FCF) 6–8 миллиард долларға арттыруды жоспарлап отыр. Және кемінде 4-5 миллиард долларға шығындарды қысқартпақ. Осы қысқарту оның пайда әкелмей жатқан активтеріне қатысты жүретін болады.
Демек, Шеврон өзінің стратегиясы мен қаржылық болашағын Теңіз кенішіне толық байлап отыр. Сол себепті, Қазақстаннан кетпеу үшін тіпті Tomahawk қолдануға дейін барлық мүмкін лоббиін қосатын болады.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
2033 жылы Теңіз мұнай кеніші бойынша Қазақстан мен Шеврон арасындағы 40 жылдық ғасыр контракты аяқталады. Келісімді созу, созбау бойынша келіссөздер 2028 жылы басталмақ. Себебі, қазір жұмыс істеп тұрған келісім бойынша тараптар контракт бітуге кемінде үш жыл қалғанда нақты бір шешім қабылдап, ары қарай не істейтіндерін біліп отыруы тиіс.
"Қазақстан Теңіз кенішіндегі үлесін қазіргі 20 пайыздан 30 пайызға дейін өсіргісі келеді. Егер Шеврон оған келіссе, онда Қазақстан контрактты ұзартуға кет әрі емес. Шеврон басшылығына осындай сигналдар жіберілді. Шеврон әрине Қазақстанның мұндай талап қоярын алдын-ала болжағаны анық. Олар не келіседі, не АҚШ билігі, Конгрессі арқылы Ақордаға қысым көрсетіп саудаласуы мүмкін. Меніңше Шеврон өз үлесін қазіргі 50 пайыздан төмендетуге бармайды. Ол Лукойл мен ExxonMobil үлестерін сатып алып, Қазақстанға сол үлестерді ұсынуды қарастыратын сияқты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Қазақстандағы Теңіз кен орны Chevron компаниясына оның әлемдік дәлелденген мұнай қорының шамамен 23%-ын береді. Теңіз сияқты алпауыт кеніштер ұзақ уақыт бойы жоғары өндіріс деңгейін ұстап тұра алады. Шевронның мұнай қорының шамамен тең жартысы АҚШ-та орын тепкен. Ол негізінен сланц бассейндерінде орналасқан. Ал сланцтың игеру мерзімі тым қысқа. Мысалы, 7-9 жылдан кейін сланц кеніші қысымды ұстамай, мұнай бермей қояды.
Сонымен қатар, Шеврон Қарашығанақта да үлес ұстап отыр. Ол жердегі лицензиясы 2037 жылға дейін жарамды. Егер Chevron Теңізден айырылса, компанияның болашағы үлкен күмән тудырады. Демек, Теңіз бойынша келісім-шарт ұзармаса, биржаларда Шеврон акциялары құлап, компания қиын жағдайда қалатыны анық. Алпауыттың қазіргі басшысы Майкл Уирт осы мәселені басты назарына алып, келісімді созу бойынша барлық рычагтарды іске қоса бастады.
Қазір Теңіз кенішін игеріп жатқан Теңізшевройл бірлескен кәсіпорнында Шеврон 50%, ExxonMobil - 25%, Қазақстан - 20% және Лукойл 5% үлеске ие.
Шевронға әділдік бойынша кінә жоқ. Әу баста ТШО 50 де 50 болып, Шеврон мен Қазақстан арасында қылдай тең бөлінген болатын. Бірақ 1994-1996 жылдары Қазақстан өз үлесінің жартысын (ТШО-ның 25 пайыз үлесін) бір миллиард долларға ExxonMobil-ға сатып жіберді. Уақыт көрсеткендей бұл ең қате және Назарбаевтың коррупциялық шешімі болды. ExxonMobil 30 жылда осы келісімнен 50 миллиард доллар пайда алған. Кезінде сатпағанда 50 миллиард доллар Қазақстанда қалар еді.
Chevron таяуда жаңа қаржылық стратегиясын қабылдаған болатын. Оған сай корпорация Қазақстан, АҚШ және Мексика шығанағында мұнай өндіруді кеңейту арқылы өзінің еркін ақша көлемін (FCF) 6–8 миллиард долларға арттыруды жоспарлап отыр. Және кемінде 4-5 миллиард долларға шығындарды қысқартпақ. Осы қысқарту оның пайда әкелмей жатқан активтеріне қатысты жүретін болады.
Демек, Шеврон өзінің стратегиясы мен қаржылық болашағын Теңіз кенішіне толық байлап отыр. Сол себепті, Қазақстаннан кетпеу үшін тіпті Tomahawk қолдануға дейін барлық мүмкін лоббиін қосатын болады.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👎24😁8👍3
Бейсембаев білім саласына үлкен еңбек сіңірді
Білім саласының соңғы жылдары көші түзеліп келе жатқан. Әсіресе, «ұстаздардың адвокаты» ретінде көпшіліктің есінде қалатын Ғани Бейсембаев келе сала, ұстаздарды осы уақытқа дейін қолбалаша жұмсап келген әкімдермен мықтап күресті. Маңғыстауда әкім жұмыстан шығарған директорды қайтадан өз орнына алғызды, Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің жоғын жоқтап, құқығын қорғады, Қостанайдың әкімі мұғалімдерді жағажайға рейдке шығарамын деп еді, оған да арашашы болды.
Өзі де қарапайым мұғалімдіктен шығып, ұстаздың мұңын ұстаздай түсінген министрдің тұсында үш қарапайым педагогке Ақорданың төрінде Мемлекет басшысы «Еңбек Ері» атағын берді. Бұл – ел тарихында сирек кездесетін оқиға болатын.
Ғани Бейсембаевтың министр ретіндегі алғашқы ірі қадамдарының бірі – тәрбие ісін біріздендіру болды. Бұрын әр мектеп өз бетінше жүргізіп келген тәрбие жұмыстары енді тұтас экожүйеге айналды. Президенттің ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларынан кейін, іле-шала «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы дүниеге келді. Бұл бағдарлама арқылы ата-ана, ұстаз және бала ынтымақтастығының үштағаны жасалды.
Мектеп қабырғасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік пен адалдықты қалыптастыру басты ұстанымға айналды. Бұрын баласының тәрбиесіне немқұрайды қарап келген ата-аналар да педагогикалық қолдау орталықтары арқылы мектеп жұмысына белсене араласа бастады.
Шынын айту керек, Бейсембаевтың өзі ауылдың қарапайым мұғалімінен өскендіктен, ауыл мен қала балаларының білім додаларына қатар түсуі әділетсіздік екенін жақсы түйсінген сыңайлы.
Мыңдаған ауыл баласы білім бәйгесінде бағын сынап, жұлдызын жақты. Жеңімпаздарға жоғары оқу орындарына арнайы гранттар бөлінді. Оған мыңдаған ауыл балалары қатысты, ал республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарының саны 10 есе артты.
Сонымен бірге «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылып, 1,5 мың мектептің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды, интернетпен қамтылуы шешілді. Сондай-ақ оқушысы аз, сәйкесінше, пән мұғалімдері жетіспейтін ауыл мектептері үшін, қала мектептерінің білікті мұғалімдерінің онлайн сабақ беруі ұйымдастырылды.

Осылайша, 2023 жылы тек ауыл балаларына арналған «Ауыл мектептерінің олимпиадасы» алғаш рет ресми түрде бастау алды.
Мыңдаған ауыл баласы білім бәйгесінде бағын сынап, жұлдызын жақты. Жеңімпаздарға жоғары оқу орындарына арнайы гранттар бөлінді. Оған мыңдаған ауыл балалары қатысты, ал республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарының саны 10 есе артты.
Сонымен бірге «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылып, 1,5 мың мектептің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды, интернетпен қамтылуы шешілді. Сондай-ақ оқушысы аз, сәйкесінше, пән мұғалімдері жетіспейтін ауыл мектептері үшін, қала мектептерінің білікті мұғалімдерінің онлайн сабақ беруі ұйымдастырылды.
👍60
🚀 Қазақстан «деделдализация» операциясын бастамақ
DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, күштік құрылымдардың барлығына бағаның негізсіз көтерілуіне әсер етіп жүрген делдалдарды құрықтауға пәрмен берілді. Тіпті қажет болса Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мүмкіндігін де пайдалануға болады. Онымен бірге, тауар өндірушілер мен сатушылар, яғни дүкендер мен маркетплейстердің арасына делдал кіре алмайтын механизм құру ісі Сауда және интеграция министрлігі мен барлық әкімдіктерге тапсырылды.
Әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыс, жол жөндеу сааларындағы делдалдыққа басым назар аударылды. Фермерлерден өнімді тым арзанға алып кетіп, ақырғы сатушыға екі есе бағасымен жеткізетін посредниктерді алып тастап, орнына фермердің тікелей сауда орнына жетуі ойластырылуда. Мемлекеттің ойынша, қымбатшылықтың 40 пайызына делдалдар кінәлі.
Қазір еліміздегі ресми инфляцияның жылдық деңгейі 13 пайызға жетіп қалды. Қымбатшылықтың шын мәнінде өршіп тұрғанын барлық сатылардағы түрлі қызмет өкілдері де қысылмай айта бастаған. Осыны пайдаланған сыртқы және ішкі күштер қымбатшылықты алға тартып халықты көшеге шығарғысы да келді. Сондықтан ел билігіне дәл қазір қымбатшылықпен барлық деңгейде аяусыз күрес жүргізу қажет болып тұр. Осы сең қозғала бастағанға ұқсайды.

«Қазақстан соңғы 10 жылда делдалдық экономикаға толық көшіп кеткен. Субподрядтың судподряды пайда болды. Ол бағаның жоқ жерден өсуіне, осы бағаға ұсынылған тауар мен қызметтің өте сапасыз болуына алып келді. Мысалы, 1 миллион теңге тұратын жер қазатын тапсырысты шын мәнінде тізбектің ең соңындағы бір жұмысшы ары кетсе 100 мың теңгеге істейді. Ал арадағы 900 мың теңгені сол тапсырысты жең ұшынан алып алған делдалдар жұлып кетеді. 100 мың теңгеге жалғыз адам істеген жұмыстың сапасы да болмайды. Сонда делдалдар экономикаға ешқандай тауар немесе қызмет енгізіп, құндылық тудырмайды. Керісінше орынсыз инфляция пайда болады», - дейді, дереккөз.
Әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыс, жол жөндеу сааларындағы делдалдыққа басым назар аударылды. Фермерлерден өнімді тым арзанға алып кетіп, ақырғы сатушыға екі есе бағасымен жеткізетін посредниктерді алып тастап, орнына фермердің тікелей сауда орнына жетуі ойластырылуда. Мемлекеттің ойынша, қымбатшылықтың 40 пайызына делдалдар кінәлі.
Қазір еліміздегі ресми инфляцияның жылдық деңгейі 13 пайызға жетіп қалды. Қымбатшылықтың шын мәнінде өршіп тұрғанын барлық сатылардағы түрлі қызмет өкілдері де қысылмай айта бастаған. Осыны пайдаланған сыртқы және ішкі күштер қымбатшылықты алға тартып халықты көшеге шығарғысы да келді. Сондықтан ел билігіне дәл қазір қымбатшылықпен барлық деңгейде аяусыз күрес жүргізу қажет болып тұр. Осы сең қозғала бастағанға ұқсайды.
https://www.group-telegram.com/dalainside.com
👏55👍38👎1😁1
🚀 AI-Farabium: Қазақтелеком NVIDIA базасында Орталық Азиядағы өнімділігі жоғары екінші ірі AI-кластерін іске қосты
⠀
AI-Farabium іске қосылуы Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бұл оқиға ұлттық цифрлық экожүйені дамытудағы маңызды қадам болды және жасанды интеллект үшін егеменді инфрақұрылымды құрудағы елдің стратегиялық басымдығын атап өтті.
⠀
Жоғары өнімді жаңа AI-Farabium кластері – бұл бағыттағы негізгі қадамдардың бірі.
⠀
Кластер компаниялар және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық үшін ашық.
Тіркелу👇
https://alfarabium.kz/

Жақында өткен жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте Президент елді Еуразияның цифрлық хабына айналдыру жөнінде өршіл міндет қойған болатын.
Жоғары өнімді жаңа AI-Farabium кластері – бұл бағыттағы негізгі қадамдардың бірі.
⠀
Кластер компаниялар және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық үшін ашық.
Тіркелу👇
https://alfarabium.kz/
👍25🤮2😁1
⚽ Отандық букмекерлер қазақ футболына бәс қабылдауды тоқтатуы мүмкін. Ал UEFA осы аптада қатаң мәлімдеме жасайды
"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары бәс тіккен фактілер анықталғандықтан, букмекерлер тарапынан Қазақстан Премьер-лигасы мен Кубогының ойындарына бәс қабылдау мораторийі талқылануда. Шынымен де отандық клубтық футболда былықтар аз емес сияқты. Әлемдік Sportradar ұйымының кезекті есебі дайындалып жатыр және ол келер жылы жарыққа шығады. Онда келісілген, күдікті матчтар саны бойынша Қазақстан Чехияны басып озып, әлем бойынша үшінші орынға шығайын деп тұр дейді, инсайдерлер.
Қазақстан әлем бойынша адам басына шаққанда келісілген матчтары ең көп мемлекет ретінде антирейтингте көш бастап тұр. Онымен ешкім мандытып күреспеген еді. Егер күрес басталып, ол нәтижесіз аяқталса, онда отандық футболға мүлде бәс қабылдамау ғана өз жемісін бере алады.
Ақтөбе ойыншылары ұсталғандықтан, UEFA тарапынан аталған клуб қатаң санкцияға ұшырауы мүмкін. Ақтөбе барлық еурокубоктардан шеттетіліп, 2 жылға бан алуы ғажап емес. Онымен бірге қазір Чемпиондар лигасында ойнап жүрген Қайрат та қатаң тексеріледі деген ақпарат бар. Ақтөбе ойыншыларының бұл әрекеті бүкіл Қазақстанға деген УЕФА күмәнін туғызды.

"Қазақстанда келісілген ойындар бойынша жұмыс істейтін, букмекерлік аномалияларды онлайн режимде қарап отыратын және жедел әрекет ете алатын ұйым құру идеясы талқылана бастады. Тек оны қаржыландыруды букмекерлер өздері қолға алмаса, футбол федерациясында ондай мүмкіндік жоқ", - дейді, дереккөз.
Қазақстан әлем бойынша адам басына шаққанда келісілген матчтары ең көп мемлекет ретінде антирейтингте көш бастап тұр. Онымен ешкім мандытып күреспеген еді. Егер күрес басталып, ол нәтижесіз аяқталса, онда отандық футболға мүлде бәс қабылдамау ғана өз жемісін бере алады.
"Қаржы мониторингі агенттігі бұл мәселеге назар аударуға жақын. Жылдың аяғына дейін бізді футболда біраз ауқымды дау күтіп тұр", - дейді дереккөз.

👍29👏8